Синоптиктердің болжамы бойынша, антициклон сілемі әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар жауады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, оңтүстікте шаңды дауыл, шығыста көктайғақ болады. Жамбыл облысының таулы аймақтарында, Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, Жетісу облысының орталығында, Қызылорда облысының солтүстігінде 1-3°С үсік жүреді. Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен орталығында, Атырау облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен солтүстігінде, Жамбыл облысының орталығында, Маңғыстау облысының батысы мен солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар. Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігі, оңтүстігі, батысы мен шөлді аудандарында, Атырау…
Автор: qaztimes
– 2025 жылғы 4 қазанда Орал, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды қалаларында қолайсыз ауа райы күтіледі, — делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Айта кетейік, «Қазгидромет» РМҚ 2-4 қазанға жасалған ауа райы болжамын жариялады.
Оқиға екінші қабаттағы пәтерде болған. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында баспалдақ арқылы 14 адам, оның ішінде 3 бала қауіпсіз жерге шығарылды. Өртті сөндіру кезінде пәтерден бір газ баллоны табылып, жарылыстың алдын алу шаралары жүргізілді. ТЖМ мәліметінше, өрт шағын аумақта оқшауланып, көрші пәтерлерге таралуына жол берілмеді. Айта кетейік, Алматы облысында өрт салдарынан 2 адам мерт болған еді.
Бұл – еліміздің аталған беделді байқауға тұңғыш рет қатысуы. Сайыс 29 қыркүйекте басталған, ал финалдық кезең 18 қазанда өтеді. 23 жастағы Томирис Қадырхан ірі мұнай өңдеу компаниясында еңбек етеді. Ол қазіргі заманғы қазақстандық әйелдің табысты, өршіл, сонымен қатар нәзік бейнесін көрсетеді. Жас ару спортпен шұғылданады, психология мен мәдениетке қызығушылық танытады. Ұйымдастырушылар алғашқы қарсы алу рәсімінен фотосуреттер жариялады. Айта кетейік, бұған дейін Таиландтан шыққан студент қыз «Әлем аруы – 2025» атанған болатын.
Reuters агенттігінің мәліметінше, демократтар да, республикашылар да ұсынған балама құжаттар қолдауға ие болмаған. Дауыстың қорытындысы бойынша ұсыныстардың ешқайсысы 60 дауысқа жетпеген. Сонымен қатар АҚШ Президенті Дональд Трамп әкімшілігі Чикаго қаласының көлік инфрақұрылымын дамытуға бөлінген 2,1 миллиард долларды тоқтатты. Иллинойс штатының губернаторы Джей Би Притцкер бұл шешімді «бопсалау» деп бағалады. Сарапшылардың пікірінше, құжат қабылданбаған жағдайда үкіметтің жабық күйде қалуы АҚШ тарихындағы төртінші ұзақ мерзімді «шатдаунға» алып келуі мүмкін. Бұған дейін АҚШ үкіметі жұмысын ішінара тоқтататынын жазған болатынбыз.
2014 жылы Қырғызстанда Үкімет қаулысымен жыл сайын 5 қазанда атап өтілетін Білім беру қызметкерлерінің күні ресми түрде бекітілді. Салалық ведомстволардың деректеріне сәйкес, республикадағы жұмыс істейтін халықтың шамамен 10%-ы білім беру саласында еңбек етеді. Қазіргі таңда елде 5 мыңға жуық мектепке дейінгі, мектеп, орта және жоғары білім беру ұйымы жұмыс істейді. Бұл мекемелерде 131 мыңнан астам педагог еңбек етіп, 2 миллионнан астам бала, оқушы және студентті оқытып, тәрбиелеуде. 2024-2025 жаңа оқу жылында елде 2 394 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 94 мыңға жуық мұғалім қызмет атқарады: Қалалық жерлерде — 33 мыңнан астам педагог, Ауылдық жерде — 60 мыңнан астам мұғалім…
Ведомство мәліметінше, техникалық іріктеу қорытындысы бойынша байқауға 174 үміткер қатысып жатыр. — Аталған сыйлық Мемлекет басшысының бастамасымен тағайындалып, волонтер мәдениетін дамытуға, азаматтық жауапкершілік алып, әлеуметтік және қоғамдық маңызды мәселелерді шешуге зор үлес қосқан волонтерлерді ынталандыру және қолдауға бағытталған. Бес жыл ішінде Премияны Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейден 247 волонтер жеңіп алды. 2025 жылы сыйлық 15 номинация бойынша табысталады, — делінген хабарламада. Олар кең волонтерлік қызмет ауқымын қамтиды. Оның ішінде әлеуметтік жобалар мен білім беру, жануарларды қорғау және экологиялық шараларға дейінгі бастамалар бар. Әрбір қазақстандық дауыс беруге қатысып, қоғамды дамыту үшін күн сайын азаматтық ұстанымынан таймай еңбек етіп жүрген волонтерлерге қолдау көрсете алады.…
Белгілі болғандай, 51 жастағы ер адам қоғамдық орында күшіктерді қапқа салып, қараусыз қалдырып кеткен. Оның әрекеті желі қолданушыларының орынды наразылығын тудырды. — Аталған дерек бойынша полицейлер құқық бұзушының жеке басын анықтап, оған қатысты жануарларға қатыгездік жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырды. Полиция жануарларға қатыгездік танытудың кез келген түрі заң бойынша жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Мұндай фактілер қатаң түрде жолын кесетін болады, — делінген хабарламада. Бұған дейін Алматы облысында итті көлікпен сүйреген адамның үстінен іс қозғалғанын жазғанбыз.
Полицияның мәліметінше, ғимаратта арсыздыққа итермелейтін қызметтер көрсетілген. Заңсыз қызметпен айналысқан әйел жауапқа тартылды. Сондай-ақ пәтер иесі анықталып, заңға сәйкес тиісті шаралар қабылданып жатыр. Фото: Алматы полициясы — Мұндай деректер тұрақты түрде анықталып, жолын кесу жұмыстары жүргізіледі. Біздің міндетіміз — қоғамдық моральды қорғау және осы саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, — деді Алматы Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев. Еске салайық, бұған дейін Алматы полициясы «Манхэттен», «Ақбұлақ» және «Кәусар» тұрғын үй кешендерінде жыныстық қызмет көрсететін жезөкшелер үйлері мен заңсыз жұмыс істейтін салондарды анықтаған еді.
АЗЕРТАДЖ агенттігі шетелдік БАҚ-тарға сілтеме жасап хабарлауынша, үйлену тойына арналған электрондық коммерция веб-сайты 6000-ға жуық жұп арасында сауалнама жүргізген. Респонденттердің шамамен төрттен үші (74%) үйлену тойында айтылатын тілектерді жазу үшін жасанды интеллектіні қуана қолданатындарын айтқан. Бірақ Біріккен Араб Әмірліктерінде жұрт ChatGPT сияқты генеративті ЖИ құралдарына тапсырмаларды жүктеу мәселесіне сақтықпен қарайды. Салалық сарапшылар мен ерлі-зайыптылар мұндай технологияларды көбінесе тойды жоспарлаудың бастапқы кезеңінде ғана қолданатынын мойындайды. — ЖИ той ұйымдастыру саласына екі негізгі жолмен еніп келеді. Біріншісі — тойға шақыру билеттері арқылы: арнайы қосымшалар олардың дизайнын жасап, цифрлық түрде таратуға көмектеседі. Екіншісі — тойды жоспарлау процесінде: мұнда ЖИ құралдары декор мен дизайн…