Автор: qaztimes

3 қазан күні Омбы–Майқапшағай трассасында бірнеше жол-көлік оқиғасы тіркелді.  Қайғылы жағдайлардың себебі – жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу: қарсы жолаққа шығу және тұтас сызықпен белгіленген жерде бұрылу. Апат салдарынан төрт адам қаза тапты. Абай облысының Полиция департаменті барлық жүргізушіге рульге отырған әр сәтте аса мұқият болуды ескертеді.  Айта кетелік жыл басынан бері 15 мыңнан астам жол апаты болған.   

Read More

 Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі Ербол Тасжүреков бастаған делегация ауыл шаруашылығы ғылымы, технологиялар, білім беру және сауда саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Швецияға жұмыс сапарымен барды. Қазақстан тарапынан еліміздің Швециядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Олжас Сүлейменов, сондай-ақ С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті мен Егіншілік және өсімдік шаруашылығы институтының өкілдері қатысты. Жұмыс бағдарламасы аясында Швеция ауыл шаруашылығы ғылымдары университетінің (SLU) және RISE зерттеу институтының басшылығымен кездесулер өтті. Вице-министр халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, тұрақты ауыл шаруашылығы тәжірибесін енгізу және «ақылды егіншілікті» дамыту үшін спутниктік мониторинг, ылғал өлшегіштер, дрондар мен пилотсыз техниканы қолданудың өзектілігіне назар аударды. Тараптар бірлескен ғылыми зерттеулерді, тағылымдамаларды,…

Read More

Бұл туралы Приморлық Альп префектурасының X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарланды. Мәліметке сәйкес, оқиға Ниццаның Мулен ауданында болған. Шабуыл кезінде қауіпсіздік күштері мен өрт сөндірушілер жедел түрде оқиға орнына жетіп, ауданның қауіпсіздігін қамтамасыз еткен. Алдын ала ақпарат бойынша, жараланғандардың екеуінің жағдайы ауыр. Приморлық Альп департаментінің губернаторы Лоран Отто оқиға орнына барып, бұл әрекетті айыптады. Ішкі істер министрі Бруно Ретайоның тапсырмасымен аймаққа қосымша қауіпсіздік күштері жіберілетін болды. Лоран Отто қауіпсіздік қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадаларына жылдам әрекеті үшін алғыс білдірді. BFMTV телеарнасының хабарлауынша, оқиға бойынша «ұйымдасқан қылмыстық топ жасаған қасақана кісі өлтіру және кісі өлтіруге әрекет ету» бабы бойынша тергеу басталған. …

Read More

Report: Қазақстан Каспий жағалауына шағын АЭС салмақ Қазақстан болашақта Каспий теңізінің жағасында модульдік атом электр станциясын салу мүмкіндігін қарастыруда. Әзірге нақты орны мен қуаты белгіленбеген, алайда Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сатқалиев батыс өңірде тағы бір АЭС бой көтеруі ықтимал деп отыр. Шенеунік сөзін Report ақпарат агенттігі бөлісті. Ел билігі Қазақстанда үш АЭС салатынын айтты. Оның екеуі Алматы облысының Жамбыл ауданында, тағы біреуі Абай облысында бой көтеретін болады. Сатқалиевтің сөзінше, тамыз айында Үлкен ауылында алғашқы дайындық жұмыстары басталған екен. Қазір жобаның бас мердігері Ресейдің «Росатом» компаниясы екені белгілі. – Алматы облысындағы Атом станциялары Балқаш көлінің жағасында орналасатын болады. Біріншісі Үлкен…

Read More

Демократиялық партияның өкілі, Нью-Йорк штаты заң шығару жиналысының мүшесі, 33 жастағы Зохран Мамдани 24 маусымда партияішілік сайлауда сенімді түрде жеңіске жетіп, Нью-Йорк штатының бұрынғы губернаторы Эндрю Куомодан (2011–2021) 13 пайыздық тармаққа озып өтті. Ол сайлаушылардың назарын баспананы қолжетімді, автобустарды тегін ету, пәтерлерді жалға алу және қалалық азық-түлік дүкендеріндегі бағаны бақылау туралы уәделерімен тартты. Қарсыластары оның үкіметтегі шектеулі тәжірибесіне және Израильді сынауына қатысты алаңдаушылық білдірді. «Guardian Angels» компаниясының негізін қалаушы және бас директоры 71 жастағы Кертис Слива Республикалық партияның атынан үміткер болады. Ол WABC консервативті радиостанциясында бағдарлама жүргізеді және ондаған жыл бойы азаматтарды бақылау тобын басқарған Guardian Angels-ті басқарып отыр. Ол…

Read More

Бұл кездесу 4 қазанда 19:00-де Қызылорда қаласындағы «Қайсар Арена» стадионында басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Ойынның бас төрешісі міндеті швейцариялық Свен Вольфенсбергерге жүктелген. Оған отандастары Стефан Де Альмейда мен Йонас Эрни көмектеседі. VAR төрешісі ден сол елдің өкілі Йоханнес фон Мандах. Ал AVAR төрешісі міндетін астаналық Арман Есмұратов атқарса, қосалқы төреші көкшетаулық Данил Горда болады. Қазақстан кубогы 1992 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін барлығы 15 команда кубокты төбесіне көтерді. Оның ішінде «Қайрат» (Алматы) — 10, «Жеңіс» (Астана) мен «Астана» -3, «Тобыл» (Қостанай), «Ақтөбе», «Қайсар» (Қызылорда), «Ордабасы» (Шымкент) -2, «Атырау», «Ертіс» (Павлодар), «Тараз», «Шахтер» (Қарағанды),«Восток» (Өскемен), «Алматы»,…

Read More

Ұлытау облысы прокурорының төрағалығымен заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Кеңес барысында салық заңнамасының сақталуы бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне жүргізілген тексеру нәтижелері, сондай-ақ мемлекет пайдасына және алимент өндіру мәселелерінде сот орындаушылары қабылдаған шаралардың заңдылығы мен тиімділігі қаралды. Биыл жалпы прокуратура органдары салық саласында 20 тексеру мен талдау жүргізіп, 30 тұлғаны жауапкершілікке тартты. Нәтижесінде 200 млн теңгеден астам салық берешегі өндірілді. Атқарушылық іс жүргізу аясында 21 қылмыстық іс (ҚК-нің 139-бабы бойынша) қозғалды, 31 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен 10 жүргізушінің куәлігі уақытша тоқтатылып, 12 автокөлік айып тұрағына қойылды. 30 борышкерге іздеу…

Read More

Қытай Халық Республикасының Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар академиясының деректеріне сәйкес, 2024 жылы ҚХР-дағы жасанды интеллект индустриясының көлемі 900 млрд юаньнан (126,7 млрд АҚШ доллары) асты. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 24%-ға көп. — Қытайда жасанды интеллект саласында толық өндірістік тізбек қалыптасты. Ол базалық инфрақұрылымды, модель архитектурасын және салалық қолданбаларды қамтиды. Өткен жылы осы сегменттердің табысы тиісінше 54%, 18% және 13%-ға өсті, — деп атап өтті академияда. Жылдам өсім интеллектуалды жабдықтарда да байқалады. Бұл санатқа ЖИ негізіндегі смартфондар мен компьютерлер, сондай-ақ желілік байланыс функциясы бар ақылды көлік құралдары кіреді. ҚХР билігі цифрлық экономикадан «ақылды» экономикаға және интеллектуалды қоғамға көшуді жүйелі түрде жүзеге…

Read More

Жоба энергетикалық тұрақтылықты нығайтуға және өңірлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Жобаның операторы ретінде «ТұзкөлМұнайГаз Оперейтинг» ЖШС әрекет етеді. Бастама ҚР Энергетика министрлігімен тығыз үйлестікте және ұлттық салалық компаниялардың қатысуымен жүзеге асырылады. Бастапқы кезеңде жылына шамамен 30 миллион текше метр шикі газ жеткізу жоспарлануда және де 2026 жылы Тұзкөл және 2028 жылы Кетеказған Батыс кен орындарының газ қорларын өнеркәсіптік игеруге көшу арқылы жеткізу көлемін жылына 200 миллион текше метрге дейін кезең-кезеңімен арттыру көзделуде. Бұл өңірдің газбен қамтылу аясын кеңейтуге және энергетикалық инфрақұрылымды нығайтуға мүмкіндік береді. Жобада әлеуметтік құрамдас бөлікке ерекше назар аударылады, атап айтқанда: жаңа жұмыс орындарын құру, жергілікті мамандарды тарту және…

Read More

Батып кеткен кемелерді көтерумен айналысатын компанияның сүңгуірлер тобы 1 миллион долларлық қазынаға тең алтын-күміс монеталар мен сирек артефактілерді анықтады. Алтын-күміс тиындар мен өзге де жәдігерлер 1715 жылдың 31 шілдесінде басқа да кемелермен бірге апатқа ұшыраған испан галеонының бортында болған. Фото: 1715treasurefleet.com Флотилия Жаңа дүниеден Испанияға колонияларда өндірілген алтын, күміс пен асыл тастарды алып бара жатқан. Алайда жойқын дауыл кемелерді суға батырып, жүздеген теңізшінің өмірін қиды, ал Испания қазынасы мұхит түбіне кеткен. Айта кетерлігі, табылған монеталар жақсы сақталған: олардың көпшілігінде соғылған жылы мен теңге сарайының таңбалары айқын көрінеді. Бұл жаңалық өткен жазда шыққанымен, 1715 Fleet — Queens Jewels LLC компаниясы оны осы аптада…

Read More