Автор: qaztimes

— Қыздар құрамасының соңғы нәтижесіне қарайтын болсақ, өте жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жетістіктерге жетіп жатыр. Қыздарымыз биыл екі әлем чемпионатына қатысты. Сербияның Ниш қаласында өткен чемпионатта 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль, ал Ливерпульдағы әлем чемпионатында 3 алтын, 1 күміс медаль алды. Өздеріңіз байқағандай, сол жетістіктер TikTok, Instagram сынды әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Чемпион қыздар түрлі контент түсіреді, яғни қыздар боксы да кеңінен насихатталып, таралып жатыр. Нәтижесінде қыздар боксына сұраныс өте жоғары, — деді ол. Фото: Дияр Бексұлтанов Осы орайда ҚБФ президенті елімізде жасөспірімдер 10 жасынан бастап қана бокспен айналыса алатындығын айтады. Ал олар жарыстарға 13 жасынан бастап қатыса…

Read More

ЕСІМДЕР 74 жыл бұрын (1951) ақын, жазушы, аудармашы, сценист және кино режиссері Бақытжан Мұсаханұлы ҚАНАПИЯНОВ дүниеге келді. Көкшетау қаласында туған. Қазақ политехникалық институтын бітірді (1954). 1974-1975 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы жанындағы Металлургия және кен байыту институтында инженер болып істеген. Мәскеуде Жоғары әдеби курсты бітірген. «Жалын» баспасында аға редактор, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болған. 1991 жылдан бері «Жібек жолы» баспа үйінің президенті. Алғашқы өлеңдері 1975 жылы «Простор» журналында басылған. Бірнеше жинақтың авторы. Абай өлеңдерінің еркін аудармасын жасап, Жамбыл, Кенен дастандарын, «Қыз Жібек» эпосын орыс тіліне аударды. 1986 жылы Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты атанды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет…

Read More

– Балалардың арасындағы буллинг, яғни қысым көрсету мен мазақтау – үлкен алаңдаушылық тудырады. Ең әуелі баланың психологиялық жағдайын назар аудару керек. Ата-анасы баласымен күнде сөйлесетін болса, күнделікті өзін қалай ұстайтынын, қандай әрекеттер жасайтынын білуі керек. Егер бала қандайда бір қысым көріп жүрген болса, оның көңіл-күйінен өзгеріс байқалады. Мазасыздық, ұйқысыздық белгілері де болады. Содан кейін мектепке бармаймын, басқа мектепке ауысайын деп қашқақтай бастайды. Не болмаса, мектепке кеттім деп, басқа жақта жүреді, — деді Жанар Сейітмағамбет «JibekJoly» арнасындағы «БүгінLive» бағдарламасында.  Психолог маман мұндай жағдайда баламен қалай сөйлесу керектігін, әрі тығырықтан қалай шығуға болатынын айтты. – Бірінші кезекте – бала тәрбиесіне назар аудару…

Read More

Ведомствоның хабарлауынша, Қатар ХАМАС қозғалысының АҚШ-қа берген жауабын құптап отыр. Алдағы уақытта тараптар атысты тоқтату және тұтқындарды босату мәселелері бойынша келіссөздерді жалғастырмақ. Еске сала кетейік, Трамп ХАМАС-қа жоспарды қабылдау жексенбіге дейін уақыт берген болатын.

Read More

Қалалық полицейлер ірі көлемде есірткі жасырып кетіп жүрген екі жігітті ұстады. Прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асырылып жатқан 30 күндік есірткі қылмысына қарсы іс-шаралар аясында күдіктілердің әрекеті жедел басқару орталығы операторлары арқылы тіркелген. Олар гараж маңындағы бұталардың арасынан бір нәрсе іздеп, кейін «Cobalt» көлігіне отырып кетпек болған. — Патрульдік экипаж дереу тоқтатқан көліктен 22 және 23 жастағы екі жігіт шықты. Жеке тексеріс кезінде бірінің қалтасынан 47 орам ақ түсті ұнтақ (мефедрон) және бір орам марихуана табылды. Ол өзіне жасырып кеткенді іздеп жүріп, одан да ірі есірткі партиясына тауып алғанын мойындады, — делінген хабарламада. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті уақытша…

Read More

Бұл туралы Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, бұған дейін жүргізілген жоспардан тыс тексеріс барысында аталған нысан жеке тұлғаның иелігінде екені анықталған. Ол жобалық-сметалық құжаттамасыз, авторлық және техникалық қадағалаусыз салынып, пайдалануға қабылдау актісінсіз жұмыс істеп келген. – Нысан иесіне қатысты әкімшілік шара қолданылып, ғимаратты бұзу жөнінде нұсқама берілген. 29 қыркүйек күні иесі басқарманың нұсқамасын орындау аясында заңсыз құрылысты толықтай бұзды, — деп хабарлады Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы. Еске салайық, бұған дейін сот шешімімен қала аумағындағы 33 заңсыз салынған нысан толық немесе жартылай бұзылғанын жазғанбыз. Сонымен қатар басқарманың талап-арызы бойынша тағы 64 нысанды бұзу қажет. Оларға қатысты сот…

Read More

– Бізге көмектескен барлық елдерге алғыс айтамын. Барлығы бірге әрекет етті, бұл соғысты тоқтатып, Таяу Шығыста бейбітшілікті орнатуға ұмтылды және біз сол мақсатқа жақынбыз, — деді АҚШ басшысы Truth Social платформасында жариялаған бейнешолуда. Трамп Қатар, Түркия, Сауд Арабиясы, Мысыр және Иорданияның келісімге үлес қосқанын ерекше атап өтті. – Бұл өте маңызды күн. Қалай болатынын көретін боламыз. Біз соңғы сөзді айтуымыз керек, — деді ол келісімнің соңғы шарттары бойынша.  Сонымен бірге ол Газадан тұтқындардың қайтарылуын асыға күтіп отырғанын айтты.  Бұған дейін ХАМАС израильдік кепілге алынғандарды босатуға және Трамптың жоспарын талқылауға дайын екенін айтқан.

Read More

Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінше, кездесуде әсіресе, Қытай тарапының қолданыстағы ұлттық электрондық сауда платформасы базасында қазақстандық жеткізушілерге арналған арнайы бөлім құру жөніндегі ұсынысқа айрықша көңіл бөлінді. Жоспарға сәйкес, бұл бөлімді Қазақстаннан астық, майлы дақылдар (күнбағыс пен рапсты қоса алғанда), өсімдік майы, сондай-ақ болашақта соя сияқты өзге де сұранысқа ие өнімдерді сатып алуға бағыттау жоспарланған. Қолданыстағы қытайлық алаң базасында цифрлық арна құру отандық өндірушілердің Қытай нарығына қол жеткізу тетіктерін жеңілдетуге мүмкіндік береді. АҚК өкілдерінің айтуынша, бұл – мәмілелердің ашықтығына, қауіпсіздігіне және өнім сапасына баса назар аударылатын сауданың жаңа форматы. Мәміле шарттарының орындалуын қамтамасыз ету үшін қытайлық алаңдағыдай кепілдік жарна қолдану көзделіп отыр.…

Read More

Бұған дейін алқабилер соты Комбсты жезөкшелікке тарту мақсатында адамдарды тасымалдаудың екі эпизоды бойынша кінәлі деп таныған (әр эпизод үшін ең жоғары жаза — 10 жыл бас бостандығынан айыру). Осылайша, алқабилер рэкет және жыныстық қанау мақсатында зорлық-зомбылықтың екі эпизоды бойынша рэперді ақтады. Айыптаушы тарап Комбсты 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Хип-хоп магнат 2024 жылдың қыркүйегінде Манхэттендегі қонақүйдің фойесінде әйелдердің жыныстық зорлық-зомбылық туралы айыптауына тап болып, қамауға алынды. 2025 жылдың 14 қазанында америкалық рэпер мен продюсерге қарсы сексуалдық зорлық-зомбылық пен қудалауға қатысты айыптайтын жаңа сот істері қозғалды. Барлығы алты сотқа екі әйел мен төрт ер адам қатысты. Олар 1995 және 2021…

Read More