Жаңалықтар

Алматыда интим қызмет көрсеткен студия әшкере болды

Полицияның мәліметінше, ғимаратта арсыздыққа итермелейтін қызметтер көрсетілген. Заңсыз қызметпен айналысқан әйел жауапқа тартылды.

Сондай-ақ пәтер иесі анықталып, заңға сәйкес тиісті шаралар қабылданып жатыр.

Алматыда интим қызмет көрсеткен студия әшкере болды
Фото: Алматы полициясы

— Мұндай деректер тұрақты түрде анықталып, жолын кесу жұмыстары жүргізіледі. Біздің міндетіміз — қоғамдық моральды қорғау және осы саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, — деді Алматы Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.

Еске салайық, бұған дейін Алматы полициясы «Манхэттен», «Ақбұлақ» және «Кәусар» тұрғын үй кешендерінде жыныстық қызмет көрсететін жезөкшелер үйлері мен заңсыз жұмыс істейтін салондарды анықтаған еді.

Добавить комментарий