Жиынның басты кейіпкерлері күн сайын балалардың болашағына жол ашатындар болды. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ұстаздар қауымын құттықтады. Ол педагогтерге құрмет білдірді. Фото: Ақмола облысы Білім басқармасы — Мұғалім еңбегі сан қырлы, бұл қиын, жауапты, орасан зор шыдамдылықты қажет ететін жұмыс. Қай уақытта да білім мен тәрбие — ең үлкен мақсат, ең жоғары бағыт болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз конференциясында: «Педагог — жай ғана кәсіп емес, ол — ұлы миссия. Адам қандай биіктерге жетсе де, өмір бойы ұстазының шәкірті болып қала береді» деп атап өтті. Расында да, ұстаз еңбегі — ұлт болашағының іргетасы. Қазіргі жетістіктеріміздің барлығы — ұстаздарымыздың қажырлы еңбегі, қамқорлығы, жылулығының көрінісі, —…
Автор: qaztimes
Белгілі болғандай, прокурор В. Б. Пан көлік тізгініне мас күйде отырған. Осыған қатысты іс Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотта қаралды. Сот шешімімен қадағалау органының қызметкері ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзу жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ ол 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. — Құқық қорғау органының беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін Өскемен қаласы прокуратурасы бөлімінің прокуроры «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жұмыстан шығарылып, «1-сыныпты заңгер» сыныптық шенінен айырылды, — деп хабарлады ШҚО Прокуратурасының баспасөз қызметінен. Еске салсақ, осыған дейін Өскемен қаласының прокуроры уақытша қызметінен шеттетілгені хабарланған.
Олар жас жауынгер курсынан өткен соң Қонаев гарнизонындағы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери бөлімінде қызмет ететін болады. Іс-шараға қалалық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев, құрметті қонақтар, ардагерлер ұйымдарының төрағалары, сондай-ақ сарбаздардың ата-аналары мен туған-туыстары қатысты. — Бабаларымыз ұлан-ғайыр қазақ даласын қасық қаны қалғанша қорғап, бізге аманат етті. Қару асынып, сапқа тұрып, әскери борышын өтеу — әрбір ер азамат үшін үлкен абырой. Біз сіздердің осы құрметті міндетті лайықты орындайтындарыңызға сенеміз. Қызметін үздік атқарған сарбаздар әскерден кейін тегін жоғары білім алуға немесе әскери қызметті жалғастыруға мүмкіндік алады, — деді полковник Әбдіғабит Шегебаев. Ал Десанттық-шабуылдау әскерлері әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар…
Мұнда кесене қабырғалары бекітіліп, айналасы ретке келтірілген. Фото: Қарағанды облысы әкімдігі — Бұл кесене — тарихпен етене танысуға үлкен мүмкіндік. Көптеген мазарлар қаладан шалғай орналасқандықтан, оларға жету қиынға соғады. Ал Игілік би кесенесі Қарағандыға жақын болғандықтан, келушілерге қолайлы, — деп атап өтті Қарағанды облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының бас инспекторы Жанболат Мәжитов. Қазір төрт нысанда жұмыс жүріп жатыр. Шет ауданында Олжадәулен мен Баубек батыр мазарлары абаттандырылып жатыр. Фото: Қарағанды облысы әкімдігі Ақтоғай ауданында — Асылбек қорымы, Нұра ауданында — Шонжар мазары қайта жөнделуде. Консервациялық және реставрациялық жұмыстарды қазан айында аяқтау жоспарланған. Фото: Қарағанды облысы әкімдігі…
Оңтүстік Корея өкілі Ли Хэ Ин алтын медаль жеңіп алды. Спортшы жалпы есепте 196.84 ұпай жинады. Айта кетейік, ол 2023 жылы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын. Оңтүстік Корея спортшысы Юн Асун күміс медаль иеленді (174.37 ұпай). Қола жүлде Канададан келген Маделин Щижасқа бұйырды (164.39 ұпай). Қазақстандық спортшылардың нәтижелері: Амира Ирматова — 6-орын (137.15 ұпай), Нұрия Сүлеймен — 7-орын (124.40 ұпай), София Фарафонова — 9-орын (104.50 ұпай), Вероника Коваленко — 10-орын (86.12 ұпай), Русалина Шакрова — 11-орын (74.71 ұпай). Айта кетелік бүгін футзалдан Қазақстан біріншілігінің V туры басталады.
Бұл ақпаратты Алматы қаласының әкімдігі растады. Еске салайық, «Алматы қаласын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 2/331 қаулысына сәйкес 100% мемлекет қатысуымен құрылды. Орталық мақсаты — Алматы қаласының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу. Руслан Берденов 2023 жылдың наурызынан 2025 жылдың ақпан айына дейін Қазақстан Республикасы Парламенті VIII шақырылымының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болды. Биыл ақпан-тамыз айлары аралығында ол Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 21 сәуірде Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасалғаны мәлім болған. Ол жарақат алып, ауруханаға түсті. Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасауға қатысты резонанстық…
Аталған іс-шара Ауыл шаруашылығы министрлігі, ФАО және Нидерланд Корольдігі елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылып, фестивальге дипломатиялық корпус өкілдері, фермерлер мен жастар қатысты. Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков фестивальдің ауыл шаруашылығы саласындағы дәстүр мен жаңашылдықты ұштастыратын маңызды алаң екенін атап өтті. Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform — Алма фестивалі — бұл тек егін мерекесі ғана емес, ауыл шаруашылығының бай дәстүрлері мен азық-түлік қауіпсіздігінің маңызын айқындайтын шара. Өскелең ұрпақтың инновация мен ынтымақтастыққа деген қызығушылығының артуы — саланың жарқын болашағына сенімді күшейтеді, — деді ол.…
Ол кейіннен премьер-министр қызметіне түсіп, бұл лауазымдағы алғашқы әйел болуы мүмкін. Такаити жалпы 341 дауыстың 185 дауысына ие болды. Оның қарсыласы – бұрынғы премьер Дзюнъитиро Коидзумидің ұлы Синдзиро Коидзуми 156 дауыс жинады. Осылайша, ол Сигэру Исиба жақын күндері күтіліп отырған отставкаға кеткен соң Жапонияның келесі премьер-министрі болуы әбден мүмкін. Бұл Жапонияның оппозициялық партиялары парламентте ұжымдық сандық көпшілікке ие болғанымен саяси көзқарастарында тым көп келіспеушіліктері себебімен барлық оппозициялық күш қолдау көрсетуге дайын премьердің біріңғай кандидатурасы үшін дауыс бере алмайды. Бұл ретте Такаити Жапония тарихындағы алғашқы әйел премьер-министр болады. Бүгін Жапонияның билеуші Либералды-демократиялық партиясы қызметтен кеткен премьер-министр Сигэру Исибаның мұрагерін таңдау үшін…
Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті. Әзірге құрама толық құрамда жинала қойған жоқ. Негізгі құрам ойыншылары 6 қазанда келеді. Сондықтан алғашқы күндері жаттығу процесіне жастар құрамасынан бірқатар футболшылар уақытша тартылды. Футболшылардың нақты тізімі 5-6 қазан күндері белгілі болады. Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Қажымұқан Төлепберген («Оқжетпес»); Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана»), Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов, Сағадат Тұрсынбай (бәрі — «Ордабасы»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Александр Зуев, Наурызбек Жагоров (екеуі де — «Тобыл»), Бағдат Қайыров («Ақтөбе»), Еркін Тапалов, Александр Мрынский (екеуі де — «Қайрат»). Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Алмас Төлібай, Ғалымжан Кенжебек (бәрі —…
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде: — доллар: сатып алу — 547,32 теңге, сату — 549,26 теңге;- еуро: сатып алу — 641,67 теңге, сату — 644,67 теңге;- рубль 6,58 — 6,70 теңге аралығында саудаланады.- юань 76,27 — 78,88 теңге аралығында саудаланып жатыр. Елорданың ақша айырбастау пунктерінде: — доллар 545,79 теңгеден сатып алынады, 551,79 теңгеден сатылады;- еуро: сатып алу — 637,76 теңге, сату — 645,81 теңге;- рубль: сатып алу — 6,63 теңге, сату — 6,78 теңге.- юань 76,26 теңгеден сатып алынады, 80,07 теңгеден сатылады; Еске салайық, 3 қазан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,58 теңгеге қымбаттап, 547,57…