Автор: qaztimes

«Ыстық ұя» Қазақстандық режиссер Дархан Қариповтың драмалық фильмі. Бірнеше жыл Кореяда жұмыс істеген соң, Ғалия туған ауылына өз қаражатына тұрғызған ата-анасының үйіне оралады. Жаңа үйге қоныс тойға туыстары жиналады, бастапқыда бәрі оның оралуына қуанышты сияқты көрінеді. Алайда ортақ дастарқан басында әркімнің үйге деген шын ниеті мен көзқарасы біртіндеп ашыла бастайды. Ағайындары — Абай мен Ермек, кіші сіңлісі Әлия және жездесі Шалқар әрқайсысы үйдің болашағына қатысты өз пікірін айта бастайды. Уақыт өте келе жасырын қалған реніштер, бәсекелестік, өкпе-наз бен бұрын айтылмаған сырлар сыртқа шығып, отбасы қатынасындағы шынайы болмысты айқын көрсетеді. «Аватар: Су жолы» (қайта көрсетілім) Джеймс Кэмеронның аңызға айналған фильмінің жалғасы —…

Read More

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Алматыдағы Гоголь мен Масанчи көшелерінің қиылысында болған. Ақпаратты Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі растады. Ресми мәлімет бойынша, 2025 жылғы 4 қазанда 5571 әскери бөлімінде мерзімді қызметтегі сарбаз үшінші қабаттан секіріп кеткен. Ол Алматы шұғыл медициналық жәрдем ауруханасына жеткізіліп, қажетті көмек көрсетіліп жатыр. — Дәрігерлер оған «бейімделу бұзылысы» диагнозын қойды. Сарбаз әскерге шақырылмас бұрын жақын туысынан айырылған және әскери-дәрігерлік комиссияның шешімін күтіп жүрген. Комиссия оның әскери қызметті жалғастыруға жарамдылығын анықтауға тиіс болған, — делінген ресми жауапта. Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі сонымен бірге бейнебақылау камераларының жазбаларынан оқиғаға өзге адамдардың қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Қазір қызметтік тексеріс тағайындалып,…

Read More

Түркия билігі инвестициялық бағдарлама арқылы шетелдіктерге берілген 451 паспорттың күшін жойғанын хабарлады. Бұл шешім шетел азаматтарына жалған жылжымайтын мүлік сату арқылы азаматтық алу талаптарын айналып өтуді ұйымдастырған қылмыстық топты жоюға бағытталған ауқымды арнайы операцияның нәтижесінде қабылданды. Түркияның құқық қорғау органдарының мәліметінше, тергеу барысында 106 күдікті ұсталды. Оларға заңсыз мигранттарды елге кіргізу, қылмыстық жолмен алынған қаражатты жылыстату, алаяқтық және ресми құжаттарды қолдан жасау сияқты бірқатар ауыр қылмыс бойынша айып тағылды. Операция нәтижесінде 1 240 пәтер, 47 көлік, 65 жер телімі және бірнеше заңды тұлғаның активтері тәркіленді. Тергеу деректеріне сәйкес, 451 шетел азаматы жалған жылжымайтын мүлік сатып алу схемасына қатысқан, енді олар…

Read More

Қарыз түрлерін ажырату қажет Дерек бойынша, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес, елдің сыртқы қарызы 165,63 млрд АҚШ доллары болған. Ұлттық банктің ақпаратына сәйкес, сыртқы қарыз құрылымы бірнеше секторға бөлінеді. Инфографика: Kazinform Экономист Мақсат Халық атап өткендей, бұл құрылымды дұрыс түсіну аса маңызды, себебі кей жағдайда барлық сыртқы қарыз біртұтас мемлекеттік берешек ретінде қарастырылып, қоғамда түсініспеушілік туындайды. – Жалпы сыртқы борыштың ең үлкен бөлігі (шамамен 55%) фирмааралық берешекке тиесілі. Бұл – шетелдік компаниялардың Қазақстандағы еншілес кәсіпорындарына беретін ішкі трансферттері. Мұндай берешек халық пен мемлекет үшін тікелей қауіп төндірмейді, – дейді сарапшы. Фото: Мақсат Халықтың жеке мұрағатынан Мақсат Халық «Басқа секторлар»…

Read More

Премьер-министр Олжас Бектенов Digital Bridge: Generative Nation халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысып, Digital Bridge Awards сыйлығының лауреаттарына марапаттар табыс етті және цифрлық шешімдер көрмесінің экспозициясымен танысты. Олжас Бектенов жасанды интеллектіні цифрландыру және енгізу Қазақстан Президенті айқындап берген ел дамуының басым бағыты екенін атап өтті. Фото: Үкімет — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамытуға баса назар аударып, Қазақстанды алдағы үш жыл ішінде нағыз цифрлық елге айналдыру туралы міндет қойды. Біздің азаматтарымыздың әлеуеті шексіз және серпінді жобаларды жасап шығаруға мүмкіндіктері жеткілікті. Өз кезегінде біз оларға жан-жақты қолдау көрсетуіміз керек. Көздеген мақсатқа жетуде бизнес, ғылыми орта және мемлекеттік құрылымдар болсын, әрбір тарап маңызды рөл…

Read More

Бұл туралы 4 қазан, сенбіге қараған түні Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху кеңсесі хабарлады. — Біз Ақ үй басшысымен және «оның командасымен соғысты Израиль белгілеген және президент Трамптың көзқарасына сәйкес келетін принциптерге сәйкес аяқтау үшін толық ынтымақтастықта жұмыс істеуді жалғастырамыз, — деп келтірді мәлімдемені AFP. Израильдің саяси басшылығы әскерилерге анклавтағы шабуыл операцияларын азайтуды тапсырды, деп хабарлады Reuters агенттігі. Палестиналық ХАМАС радикалдық исламдық қозғалысының Газа секторындағы кепілге алынған адамдарды босатуға және Американың соғысты тоқтату жоспарының басқа да бірқатар шарттарын орындауға дайын екені туралы мәлімдемелері аясында Америка көшбасшысы Израильді Газаны бомбалауды дереу тоқтатуға шақырды.Содырлар қалған кепілге алынғандар мен мәйіттерді Израильге беруге келісті. Содырлар…

Read More

Politico басылымының мәліметінше,  кәсіподақ қайраткерлері, студенттер, белсенді топтар мен отбасылар Палестина туы мен Израильді «басқыншылықты тоқтатуға» шақырған плакаттар көтеріп, елдің түкпір-түкпіріндегі қалалардағы тасжолдар мен көлік тораптарын жауып тастады.  Италияның ең ірі кәсіподақ ұйымы CGIL мәліметінше, шерулерге 2 млн-нан астам адам қатысқан. Бейсенбі күні Израиль Газаға гуманитарлық көмек жеткізгісі келген 41 кемеден тұратын «Жаһандық Сумуд» флотилиясын (Global Sumud Flotilla) ұстап, 20 итальяндық белсендіні ұстағаннан кейін кәсіподақтар жалпы ереуілге шақырды.  Шерушілер Италия үкіметі флотилия экипаждарын қорғау үшін жеткілікті шараларды қолдана алмады деп мәлімдеді. Олар үкіметті Израильмен әскери байланыстарды үзуге, Палестина мемлекетін мойындауға және әскери шығындарды азайтуға үндеп отыр.  Рим Палестина мемлекетін кепілге…

Read More

Бұл туралы Айнұр Болаттың өзі Jibek Joly арнасының «Бүгін LIVE» бағдарламасында айтып берді. — Осыдан үш жыл бұрын «Қазақта үстел форматына келетін ойын бар ма?» деген сұрақ туындады. Іздене келе, ойындарымыздың көбі желіп жүріп, шауып жүріп ойланатынын түсіндім. Бірақ тоғызқұмалақтың барын ескеріп, тағы да іздене бастадық. Кітапханаларда бірнеше ай бойы іздендім, этнографтармен кездестім. Сол арқылы «бестемше» сынды ойындарды жаңғырттық. Оған қоса «бестас», «құмар» секілді 5-6 ойынды біріктіріп, «Талапай» жобасын қалыптастырдым, — дейді Айнұр Болат. Фото: www.instagram.com/talapai_kz Кәсіпкердің айтуынша, жобаның атауы да ерекше мағынаға ие. — «Талапай» деген сөз бір нәрсені талан-тартысқа салу, бөліп алу деген мағынаны білдіреді. Мен тапқан қазақтың ұмыт қалған ойындарын халқым таласып,…

Read More

Көш басында келе жатқан «Семей» аталған турда «Қарағанды» командасын қабылдайды.  Семейлік клуб биылғы біріншілікті сәтті бастады. Қазірге дейін төрт турда бірде-бір мәрте жеңілістің ащы дәмін татқан жоқ. Турнир кестесінде 12 ұпаймен «Ақтөбемен» бірге бірінші және екінші орынды өзара бөлісіп тұр.  Ал алматылық «Қайрат» сырт алаңда «Атыраумен» кездеседі. Өткен турда «Семейден» екі мәрте жеңіліп қалған олар бұл жолы ұпайдан шашау шығармауға тырысады. Сондай-ақ аталған турда «Тұлпар» (Қарағанды) мен «Шымкент», «Ақтөбе» мен «Каспий» (Ақтау), «Аят» (Қостанай облысы) мен «Астана», «Жетісу» (Талдықорған) пен «Байтерек» (Орал) шеберлік байқасады. Айта кетсек, футзалдан ел біріншілігінде биыл 12 команда бақ сынап жатыр. Еске салсақ, биыл Алматының «Қайраты»…

Read More

АҚШ президенті Дональд Трамп өз жазбасында Газадағы атысты тоқтатуға үлес қосқан Түркия, Қатар және басқа елдерге алғысын білдірді.  Трамп ХАМАС-тың берік бейбітшілікті қалайтынына және Израиль тұтқындарды босату үшін Газаны бомбалауды дереу тоқтатуы керек екеніне сенімді екенін баса айтты. Ол сондай-ақ ХАМАС-тың жауабын бағалады. — Мен бұл процесті аяқтауға көмектескен елдерге: Қатар, Түркия, Сауд Арабиясы, Мысыр, Иордания және т. б. алғыс айтқым келеді. Бүгін ұлы күн, бәрі қалай аяқталатынын көреміз. Менің соңғы сөзім нақты болуы керек, — деп атап өтті ол. Трамп тұтқындардың тезірек босатылып, үйлеріне оралуын күтетінін айтты.  — Сондықтан мен сіздерге мынаны айтқым келеді. Бүгін өте ерекше, бәлкім, бұрын-соңды…

Read More