Автор: qaztimes

Алдағы әлемдік туры аясында әртіс миллиондаған мигрант пен мәжбүрлі түрде қоныс аударғандар тап болып отырған жаһандық гуманитарлық дағдарыс пен қиындықтарға қоғам назарын аудармақ. ХКҰ атап өткендей, әншімен ынтымақтастық адамдардың дағдарыс жағдайында тап болатын қиындықтары туралы кеңінен баяндауға және агенттіктің жұмысына қолдау көрсету үшін қаражат жинауға мүмкіндік береді. — Димаш адамдарды олардың шыққан тегіне қарамастан біріктіре алатын музыканың күші бар екеніне сенеді. Оның ХКҰ-ның Ізгі ниет елшісі ретіндегі ұстанымы көші-қон — адамзат тарихының ажырамас бөлігі деген ортақ сенімімізді бейнелейді. Әр адам өз үлесін қосып, қоғамның бір бөлігіне айналып, өзіне және өз қауымдастығына жақсы болашақ құру мүмкіндігіне лайық, — деді Халықаралық көші-қон ұйымының Бас директоры…

Read More

70 жастағы Ұлы герцог Анри тақтан бас тартты. Рәсімге Нидерланд пен Бельгиядан келген қонақтар қатысты. Одан кейін оның үлкен ұлы 43 жастағы мұрагер ханзада Гийом парламентте ант беріп, 1890 жылдан бері елді басқарып келе жатқан Нассау-Вейльбург әулетінің жетінші монархы атанды. Гийом V Конституцияны сақтауға және халық мүддесін қорғауға ант берді. Таққа отыру рәсіміндегі сөзінде жаңа монарх ата-анасына олардың қызмет үлгісі үшін алғыс айтып, елді «прогресс пен еуропалық серіктестік жолымен» басқаруға ниетті екенін мәлімдеді. Гийом — Ұлыбританиядағы Сандхерст корольдік әскери академиясының түлегі, сондай-ақ Анже университетінде саясаттану және өнер мамандықтары бойынша қос диплом иегері. Ол өз рөліне ұзақ жыл бойы дайындалған. Әкесінен айырмашылығы,…

Read More

— Атом электр станциясы — тек бір өндіріс орны емес, ол — ірі және жоғары технологиялық сала. Бұл салада ғалымдар, химиктер, физиктер, энергетиктер және көптеген жастар еңбек етеді. Мен де осы саланың маманымын, — дейді Бағдат Қадыров. Сарапшының айтуынша, Қазақстандағы атом саласы қайта жанданып келеді. — 1999 жылы Ақтаудағы АЭС жабылған кезде, көптеген маман, әсіресе химиктер мен физиктердің болашағы жоқ сияқты көрінді. Алайда, 25 жыл өткен соң елімізде атом энергетикасы қайта жанданып жатыр, бұл біз үшін үлкен қуаныш. Қазір жаңа станция салынғалы жатыр. Ал бізден кейінгі ұрпақ осы салада жұмыс істеп, еліміздің дамуына үлес қосады деп сенемін, — дейді ол.…

Read More

Соққы салдарынан кемеде болған төрт адам қаза тапты. Америкалық әскерилер арасында зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. — Бүгін таңертең президент Трамптың бұйрығымен АҚШ Оңтүстік қолбасшылығының жауапкершілік аймағында есірткі саудасымен айналысқан және террористік ұйымдармен байланысы бар кемеге қарсы соққы беруді тапсырдым, — деп жазды ол. Earlier this morning, on President Trump’s orders, I directed a lethal, kinetic strike on a narco-trafficking vessel affiliated with Designated Terrorist Organizations in the USSOUTHCOM area of responsibility. Four male narco-terrorists aboard the vessel were killed in the… pic.twitter.com/QpNPljFcGn — Secretary of War Pete Hegseth…

Read More

— Мұндай қажеттіліктің себептері қоғам үшін айқын. Соңғы уақытта кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс жиілеп кетті, — деді мемлекет басшысы. Ол мұндай қылмыстың көбеюі тек Қырғызстанда ғана емес, бүкіл әлемде байқалып отырғанын атап өтті. Президенттің айтуынша, бұл мәселені қарастырғанда сыбайлас жемқорлық тақырыбын араластырмау керек, себебі басты мақсат — әйелдер мен балаларды қорғау. — Біз мұндай шешімді жеке-дара қабылдамаймыз. Міндетті түрде халықпен ақылдасамыз. Қырғыз Республикасы Конституциясының 25-бабына сәйкес, өлім жазасына тыйым салынған. Сонымен қатар әр адамның өмір сүруге ажырамас құқығы бар. Адам өміріне және денсаулығына қол сұғуға болмайды. Бұл бапта өмірден айыру тек заң аясында, мемлекет тарапынан болуы мүмкін екені анық жазылған. Мемлекет…

Read More

— Бас прокуратура Қазақстанның Футбол федерациясында жəне футбол клубтарында тексеру жүргізіп, бірқатар заң бұзуды анықтады, оның ішінде келісілген матчтар мен букмекерлік кеңселердегі бəс тігу фактілері де бар. Еңбек шартымен тыйым салынғанына қарамастан, футболшылар мен жаттықтырушылар букмекерлік ставкаларға қатысуы жалғасып келген, — делінген хабарламада. Мəселен, Ақтөбе қаласында 9 футболшы жалпы сомасы 110 млн теңгеге бəс тіккен. 2025 жылдың 2 сәуірінде федерацияға заң бұзуды жою туралы ұсыныс берілді. Оның қаралу нəтижесінде федерация тарапынан анықталған заң бұзуды жою жəне қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Жол картасы» əзірленді. Жол картасында аудит, қаржы жəне əдеп жөніндегі комитеттерді құру, сондай-ақ қаржылық тəртіпті күшейтуге бағытталған 33 іс-шараны іске асыру көзделген. Сонымен…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембургтің жаңа Ұлы Герцогы Гийомды таққа отыруымен құттықтады. — Қазақстан Люксембургпен арадағы достыққа, өзара құрметке негізделген ұзақ мерзімді серіктестікті жоғары бағалайды. Сізбен осы нәтижелі ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, халықтарымыздың игілігі жолында екіжақты ықпалдастықтың тың мүмкіндіктеріне жол ашатынымызға сенімдімін, — делінген жеделхатта. Сондай-ақ Президент Жоғары Мәртебелі Король Анридің Ұлы Герцог ретінде атқарғанжауапты мемлекеттік қызметін аяқтауына байланысты ілтипат білдіріп, тілектестігін жеткізді.  Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 6-7 қазан күндері Әзербайжанға сапармен барады.

Read More

Оның ішінде 400 000-нан астам педагог мектептерде, 42 000-нан астам педагог техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында. Фото: Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі ұйымдарда 102 000-нан астам тәрбиеші жұмыс істейді.  Фото: Оқу-ағарту министрлігі Фото: Оқу-ағарту министрлігі Айта кетелік білім жүйесінде «Еңбек Ері» атағын алған қанша ұстаз еңбек етіп жатқаны туралы жазған едік. 

Read More

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, өрттердің үштен бірі электр жабдықтарын дұрыс пайдаланбаудан және тозығы жеткен сымдардан шыққан. Көбінесе тұрғындар үйден шығарда электр құралдарын өшірмей қалдырып кетеді немесе ескі сымдарды қолдана береді. Сондай-ақ электр құрылғыларын жанғыш заттардың қасына қойып жатады. Ал бұл өте қауіпті. — Қазір электр желілеріне түсетін жүктеме бірнеше есе артты. Әр үйде жаңа теледидар, кондиционер, кір жуғыш машина мен электр плитасы бар. Бірақ жаңа техника сатып аларда көпшілік ескі сымдар оны көтере ала ма, жоқ па дегенге көңіл бөлмейді, — деді ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов. Еске салсақ, осыған дейін Алматы облысында өрт салдарынан 2 адам мерт болғаны…

Read More