Ауқымды іс-шара Орталық Азия халықаралық институтының ұйымдастыруымен өтті. Оған өңір елдері мен АҚШ-тан келген белді саясаттанушылар, компания жетекшілері, мемлекеттік орган өкілдері қатысты. Фото: Әлихан Асқар/Kazinform Форум барысында сарапшылар «С5+1» форматының жұмысын жандандыру, аймақтық қауіпсіздік, бизнес және сирек кездесетін минерелдар саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Фото: Әлихан Асқар/Kazinform — Біз өңірдің географиялық орналасуын тиімді пайдалануымыз керек. Солтүстіктегі көршіміз геосаяси жағдайларға байланысты транзиттік аймақ мәртебесінен айырылды. Демек бұл міндет Орталық Азияға жүктелді. Қытай мен Еуропаның арасын жалғайтын дәлізге айналып отыр. Тиісінше, транзиттік әлеуетті экономикалық тұрғыдан тиімді пайдалана білу жолдарын іздестіру маңызды, — деді Kazinform тілшісіне сұхбат берген қырғызстандық саясаттанушы Шаирбек Джураев. Сарапшылардың пайымынша,…
Автор: qaztimes
— Дархан Мейрамұлы, бүгінгі күні армияда камералар қай жерлерге орнатылған, сонымен бірге жазбаларға кім қол жеткізе алады? — Қорғаныс министрлігі ІІМ, ҰҚК және ТЖМ бекіткен ведомствоаралық басқарушылық құжаттарға сәйкес, бейнебақылау камералары әртүрлі объектілерде орнатылады. Бұл — штабтар, казармалар және курсанттар, кадеттер, ұландар, әскери борышкерлер мен келісімшарт қызметкерлер орналасатын басқа да орындар. Тұрақты бақылауда жеке қорғау құралдары сақталатын бөлмелер, кезекшілік бекеттер, сервер бөлмелері, асханалар, саптық алаңдар. Сондай-ақ іздестіру шаралары жүргізілетін жерлер мен әскери полиция кабинеттерінде де камералар бар, мұнда қызметкерлермен профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Бүгінгі таңда барлық әскери бөліктер мен ұйымдар видеобақылау жүйесімен қамтылып шықты деп айтуға болады. Бірақ технологиялар тозады, сондықтан…
Жоба киіз үйдің құрылымын конструктор түрінде танытуды көздейді. Бұл туралы Айнұр Болат Jibek Joly арнасының «Бүгін LIVE» бағдарламасында хабарлады. — Шетелдік компаниялармен жұмыс істеу барысында тек Louis Vuitton емес, басқа да шетелдік брендтермен келісу мүмкін екеніне көзім жетті. Бастапқыда інілеріммен сөйлескенде олардың киіз үй туралы, оның құрылымы жайлы көп біле бермейтінін түсіндім. Қаланың балалары болғандықтан, олар үшін киіз үй — дайын күйінде әкеліп, қоя салатын зат секілді. Сол киіз үйдің әрбір бөлігін білсін деген ниетпен ағаштан конструктор жасай бастадым. Бірақ інілерім оған да аса қызықпады. Сондықтан идеямды LEGO форматына айналдырсам деген ой туды, — дейді Айнұр Болат. Фото: wikimedia.org LEGO компаниясының ресми сайтында әлемнің түкпір-түкпірінен келген…
Әсіресе өндіріс, қызмет көрсету және сауда салаларында оң динамика байқалса, құрылыс пен тау-кен өнеркәсібіндегі жағдай біртіндеп жақсарып келеді. Бұл макроэкономикалық жағдайдың біршама тұрақтанғанын және кәсіпорындардың іскерлік белсенділікке деген сенімінің сақталып отырғанын білдіреді. Елдегі іскерлік белсенділік туралы ҚҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесінде айтылған. 2025 жылдың қыркүйек айында іскерлік белсенділік 50,9 (тамызда 51,0) болып, өзгеріссіз қалды. Индикатор 2024 жылғы наурыздан бастап оң аймақта тұр. — Өндірісте, қызмет көрсету секторында және саудада белсенділік сақталды, онда индекс тиісінше 53,0, 51,0 және 50,8 (тамызда — 53,8, 51,2 және 51,2) болып, өсу жағында қалды. Құрылыс пен тау-кен өндіру өнеркәсібінде көрсеткіштер теріс аймақта қалғанына қарамастан, 49,5-ке және…
Microsoft компаниясы 25H2 нұсқасында жүйені орнату және жұмыс істеген кезде осалдықтарды анықтау механизмдері айтарлықтай жақсартылғанын мәлімдеді. Бұл жақсартулар қауіпсіздік қатерлерін тиімді жою үшін кодтау процесіне жасанды интеллект (ЖИ) технологиясын енгізуді қамтиды. Сондай-ақ, жүйені оңтайландыру мақсатында 25H2 нұсқасы бірқатар ескірген компоненттерді, мысалы PowerShell 2.0 және WMIC (Windows Management Instrumentation Command-line) командалық жолын алып тастаған. Маңызды бір ерекшелік — 25H2 мен 24H2 нұсқалары бірдей кодтық база мен сервис саласын қолданады. Бұл дегеніміз, 25H2 нұсқасында қосылған барлық жаңа функциялар Windows 11 24H2 қолданушыларына да қолжетімді болады. Егер сіз Windows 11 24H2 нұсқасын пайдаланып жатсаңыз, жаңартуды орнату тез әрі оңай болады, функциялық өзгерістерсіз. Ал ескі…
Оның айтуынша, 2033 жылға қарай Turkish Airlines әуе кемелерінің паркі 813 ұшаққа жетеді. — THY-дің жолаушылар ағыны 85 миллион адамға жетті, ал жылдық табысы 22 миллиард долларды құрайды. Қазіргі уақытта Turkish Airlines-те бір жолаушыдан орташа табыс 22-23 долларды құрайды, — деп атап өтті Ахмет Болат. Сондай-ақ ол ұшақ қозғалтқыштарын күту шығындарына да назар аударды. — Орташа алғанда, қозғалтқышты техникалық тексеруден өткізу 7-8 миллион долларға түседі. 30 жыл ішінде бір ұшақ алты рет тексеруден өтеді. Осы шығындарды азайту үшін ұшақ сатып алу кезінде техникалық тексеруді өндірушімен алдын ала келісіп алу қажет. Егер бұл жұмыстарды Turkish Airlines өзі атқарса, арнайы техникалық алаңдар құру керек.…
Жиында бірқатар кәсіби стандарттарды жою, жаңарту және мамандықтар тізілімін өзектендіру туралы шешімдер қабылданды. Сонымен қатар, кадрларға сұраныс пен саланың даму үрдістеріне байланысты кешенді талдау жүргізу қажеттілігі атап өтілді. Жиында келесі мәселелер қаралды: «Стандарттаушы» және «Метролог» мамандықтары бойынша бекітілген кәсіби стандарттар; ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №270 бұйрығымен бекітілген «Лифттердің сәйкестігін растау» кәсіби стандарты; 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №263 бұйрығымен бекітілген «Сапа менеджменті» кәсіби стандарты; Техникалық реттеу және метрология саласындағы кәсіптер тізілімі; Саладағы қазіргі жағдай, кадрларға деген қажеттілік, негізгі проблемалар және даму үрдістерін ескере отырып кешенді талдау жүргізу қажеттілігі. Отырыс қорытындысы бойынша мынадай шешімдер қабылданды: «Лифттердің сәйкестігін растау»…
Өкілдер палатасы 200 орыннан тұрады, олар 4 жылға сайланады. Ел 14 сайлау округіне бөлінген — 13 өңір және астана Прага. Парламентке өту үшін шектік пайыз: бір партия үшін 5%, екі партиядан тұратын коалиция үшін — 8%, үш және одан көп партиялар үшін — 11%. Бұл сайлауларда фаворит болып саналатын оппозициялық қозғалыс — «Қызметкерлердің наразылық акциясы» (ANO), бұрынғы премьер-министр Андрея Бабиштің құқықтық популистік қозғалысы. Бюллетеньдердің үштен төрт бөлігі өңделгеннен кейін, ANO шамамен 37% дауыс жинады. Екінші орында — SPOLU коалициясы, ол 21,5%-дан астам дауыс жинады. Үшінші орында «Стан» қозғалысы, ол 10,7% дауыс алды. Одан кейін СДПГ партиясы 8%-дан астам дауыспен, сондай-ақ…
Дәрігерлердің кәсібилігі, экипаждың ұқыпты жұмысы және борттың техникалық дайындығының арқасында пациент тар мамандардың білікті медициналық көмегін алу үшін облыс орталығына аман-есен жеткізілді. ТЖМ ұшқыштарының жұмысы қысқа мерзімде өмірді құтқаруды қамтамасыз ете отырып, жедел жәрдем жүйесіндегі маңызды буын болып қала бермек. Айта кетелік шетелден санавиациямен елге қанша адам жеткізілгені туралы жазған едік.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 209 км жерде орналасқан. Сезілетіндігі туралы мәліметтер Жетісу облысы, Текелі қаласы — 2 балл. Жетісу облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ аауылы — 2 балл. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.