Жылуды қосу туралы шешім Тараз қаласының әкімі мен энергетика саласының жетекшілері қатысқан қалалық штабтың отырысында қабылданды. Бірінші кезең 6 қазанда басталады — үш күн ішінде денсаулық сақтау, білім беру және басқа да әлеуметтік нысандарға жылу беріледі. 9-15 қазан аралығында екінші кезең өтеді: осы уақытта 1210 көпқабатты үй, жатақханалар, қонақ үйлер, әкімшілік ғимараттар және басқа нысандар жылу жүйесіне қосылады. — Таразда жылу өндіру және тасымалдаумен айналысатын бес кәсіпорын жұмыс істейді. Жылу маусымында олар 1780 нысанды жылумен қамтамасыз етеді. Барлық өтінім берген ұйымдар дайындық паспортымен қамтамасыз етілді. Жылыту маусымына дайындық деңгейі 100 пайызды құрайды, — деп хабарлады қала әкімдігінің медиа орталығы. Бұған…
Автор: qaztimes
Нидинген аралында желдің жылдамдығы 33 м/с-ке жетті. Вестра-Гёталанд аймағында 3 мыңнан астам үй жарықсыз қалды, бірқатар аудандарда ағаштар құлап, жолдарда үзілістер болды, соның ішінде кейбір жолдар уақытша жабылды. Стокгольмде жел көшедегі дәмхананың шатырын ұшырып әкетті, ал Гётеборгта ағаш көліктерді автотұрақта басып қалды. Лисеберге ойын-сауық саябағында дауылдың салдарынан аттракциондарды тоқтатып, келушілерді эвакуациялады. Құтқарушылар негізінен құлаған ағаштармен байланысты 60-тан астам шақыртуға жауап берді. Жаман ауа райы әуе қатынасына да әсер етті. Копенгагенде бір ұшу-қону жолағы жабылды, бұл Швецияның SAS әуе компаниясының барлық Скандинавия бойынша рейстерінде кешігулерге әкелді. Швецияның метеорологиялық және гидрологиялық институтының (SMHI) мәліметінше, дауылдың желі елдің шығыс аймақтарына жетеді, бірақ жексенбі күні…
Бұл кездесу Қызылорда қаласындағы жаңадан ашылған «Қайсар Арена» стадионында өтті. Ойында бас төрешісі міндетін швейцариялық Свен Вольфенсбергер атқарды. Кездесу барысында қостанайлық команда сапынан Николай Сигневич 19-минутта есеп ашса, Ислам Чесноков 33-минутта басымдықты арттырды. Осылайша «Тобыл» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, Қазақстан кубогының иегері атанды. Қазақстан кубогы 1992 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін барлығы 15 команда кубокты төбесіне көтерді. Оның ішінде «Қайрат» (Алматы) — 10, «Жеңіс» (Астана) мен «Астана» -3, «Тобыл» (Қостанай), «Ақтөбе», «Қайсар» (Қызылорда), «Ордабасы» (Шымкент) -2, «Атырау», «Ертіс» (Павлодар), «Тараз», «Шахтер» (Қарағанды), «Восток» (Өскемен), «Алматы», «Достық» (Алматы), «Спартак» (Семей) — 1 мәртеден жеңімпаз атанды. Биыл Қазақстан…
Наразылық білдірушілер арнайы күштер қызметкерлеріне петардалар лақтырып, басқалары арнайы жасақтың алдына баррикадалар құрып, оларды өртеп жатыр. Оған жауап ретінде құқық қорғау органдары суатқыштар қолданып, көпшіліктің шабуылын тежеуге тырысқан. Жағдай шиеленіскен күйде қалып отыр. Арнайы жасақ президент сарайының ауласына шығарылды, ғимарат қоршауға алынған. Наразылық білдірушілер қоршауларды бұзып өтуге тырысып, үкіметті муниципалды сайлау нәтижелерін бұрмалауда айыптап отыр. Естеріңізге сала кетейік, бүгін бүкіл ел бойынша муниципалды сайлау өтті. Бұған дейін Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидзе билік партиясы «Грузинская мечта» көпшілік қала мен муниципалитеттерде 70%-дан астам дауыс жинағанын мәлімдеді. Бұл нәтиже оппозиция мен сайлау процесіне сенбейтін қоғам тарапынан қатаң реакция тудырды. Ақпарат көздері мен куәгерлердің мәліметтері…
Silk Way Star байқауына қатысушылар қазақстандық хиттерді өз ана тілдерінде орындады. Үш эпизодтың жалпы нәтижесі келесідей: Қазақстан — 354 балл Грузия — 338 балл Армения — 334 балл Өзбекстан — 332 балл Малайзия — 330 балл Қытай — 330 балл Оңтүстік Корея — 330 балл Моңғолия — 330 балл Тәжікстан — 326 балл Қырғызстан — 324 балл Түркменстан — 318 балл Осылайша, осы аптада Silk Way Star жобасынан Түркменстаннан келген қатысушы Довран Шаммиев шығып қалды. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада байқауды Әзірбайжан өкілі Сабина Заде аяқтаған болатын. Екінші эпизодтың көшбасшылары болып ALEM (Қазақстан) мен Саро Геворгян (Армения) танылды, үшінші орынды…
Іс-шараға сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров пен Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты. Спорт нысанының жалпы аумағы 20 мың шаршы метрден асады. Кешенде бокс, күрес, спорттық гимнастика, таеквондо, ауыр атлетикаға арналған залдар бар. Сонымен қатар орталықта ерекше қажеттілігі бар жандар үшін де қолайлы жағдай қарастырылған. Фото: Туризм және спорт министрлігі – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде спорт инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Биыл жыл басынан бері еліміздің 14 өңірінде 32 спорт нысаны пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 70 нысанның құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. «Қайсар Арена» стадионы – Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асқан ең ірі инфрақұрылымдық…
Тізімді iPhone 17 сериясы ашады, оған стандартты модель, iPhone Air, iPhone 17 Pro және Pro Max кірді. Барлық модельдер 120 Гц жиіліктегі OLED-дисплейлерімен, Apple A19 және A19 Pro чиптерімен, 8-ден 12 ГБ-ға дейінгі жедел жадымен және 256 ГБ-тан 2 ТБ-қа дейінгі ішкі жадпен жабдықталған (модельге байланысты). Жаңа смартфондар сонымен қатар, квадраттық сенсоры бар ерекше селфи-камерасымен, MagSafe технологиясымен, IP68 стандарты бойынша қорғалған корпустарымен және жаңа дизайнымен мақтана алады. Келесі орынды HUAWEI Mate XTs алады, бұл үш бөлікке бүктелетін смартфон, 10,2 дюймдік экранмен, айнымалы диафрагмамен камерамен, стилус қолдауымен, жылдам сыммен және сымсыз зарядтаумен жабдықталған. Sony қыркүйек айында өз жаңалығын ұсынды. Xperia 10 VII…
Бұл келісімдер — Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ) шеңберінде өзара ықпалдастықты дамытуға бағытталған ауқымды жұмыстың бір бөлігі. Негізгі мақсат — ортақ құндылықтар мен тарихи мұраны бейнелейтін киноөнер арқылы түркі елдерінің мәдени бірлігін нығайту. — Әзербайжан Республикасының Кино агенттігімен жасалған меморандум аясында көркем, деректі және анимациялық фильмдерді бірлесіп түсіру, шеберлік сыныптары мен семинарлар өткізу, аударма және дубляж саласындағы ынтымақтастықты дамыту көзделген. Халықтар достығы, өзара ықпалдастық пен мәдени байланыстарды сақтау тақырыптарына да назар аударылады, — делінген хабарламада. Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі жанындағы Кинематография департаментімен жасалған келісім мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған жобаларды қолдауды қарастырады. Тараптар бірлескен киноөндірістер үшін қолайлы жағдай…
Үсік, екпінді жел, тұман: еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды 01:17, 05 Қазан 2025
— Оралхан Бөкеймен нешінші сыныптан бері бірге оқыдыңыз? — Оралхан да, мен де Ұлы Отан соғысының бел ортасында тудық. Туған күніміз де таяу. Ол 1943 жылдың 27 қыркүйегінде, мен 3 қарашада тудым. Сол кезде Шыңғыстай колхоз болған. Оралханның да, менің де шешем бригадада жұмыс істеген. Бізді бір бөбекжайға тапсырған. Үш жасқа дейін сонда болдық. Ал мектепке 50-ші жылы бардық. Алғашқы мұғаліміміз Нұрташ Құдайбергенова деген кісі. Бір қолында алты саусағы бар-тын. Шыңғыстайды халық екіге бөліп айтады. Бір жағын — шекеме, екіншісін — ауыл дейді. Шекемеде мен, ауылда Оралхан тұрды. Екіқабатты бастауыш мектебі Оралханның үйлеріне жақын орналасқан. Төртінші сыныпқа дейін сонда оқыдық. Үлкен үзілісте кимешегі жер сызып Оралханның апасы…