Автор: qaztimes

Дүниежүзілік жасөспірімдер рейтингінде 25-орында тұрған Заңғар турнирге бірінші ракетка ретінде қатысқан. Жартылай финалда ол оңтүстіккореялық Сион Джиді 6:1, 7:5 есебімен сенімді жеңді. Финалда Нұрланұлы тағы бір жергілікті спортшы – Мин Хук Чомен кездеседі. Турнирдің шешуші матчы бүгін, 5 қазанда өтеді. Айта кетейік, қазақстандық жас теннисші Латвиядағы турнирде үздік шықты.  

Read More

Алматы облысында 5 қазанда таулы аудандарда тұман, түнде солтүстігі мен оңтүстігінде 1-3 градус үсік күтіледі. Солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе облысында 5–6 қазанда оңтүстігі мен солтүстігінде жоғары, ал батысы, солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында 4–6 қазан аралығында жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан облысында 5 қазанда солтүстігі мен батысында шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15–20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Өңірдің шөлді және таулы аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістан қалаларында да 5 қазанда желдің күші 15–20 м/с жетіп, Түркістанда шаңды дауыл күтіледі. Қызылорда облысында 5 қазанда күндіз орталығы мен шығысында…

Read More

Соңғы бес жылда елімізде білім-ғылымның дамуына баса мән беріліп, білім саласына бөлінетін қаржы үш есе артты. 1 200 жаңа мектеп ашылды. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Осы жоба бойынша заман талабына сай 150 білім ошағы салынды. Сондай-ақ осындай 67 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Фото: Қызылорда облысы әкімдігі Педагогтердің мәртебесін көтеріп, әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін нақты шаралар қолға алынды. Арнайы заң қабылданды. Бүгінде ұстаздардың жалақысы 2 есе өсті. Қазіргі таңда 500 мыңнан астам ұстазға үстеме ақы төленеді. 2021 жылдан бастап алғаш рет педагогтерге «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы беріле бастады. Бүгінде бұл мәртебелі атақты 79 ұстаз алды. Былтыр…

Read More

Қазір облыстың солтүстігі, орталығы және оңтүстігі қар аралас жаңбыр жауып, жолдар тайғақ болып тұр. Батыс пен шығыс өңірлерінде көктайғақ байқалады. Жел батыстан және солтүстік-батыстан соғып тұр, кей аудандарда екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді. – Полиция жүргізушілерге жылдамдықты азайтып, арақашықтықты сақтау және көліктерін алдын ала қысқы дөңгелекке ауыстыру қажеттігін ескертеді, – делінген Абай облыстық полиция департаментінің хабарламасында. Бұған дейін еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланған болатын.

Read More

Reuters сайтының мәліметінше, израиль тарапы Газа мен оның маңындағы аймақтарға бірнеше соққы жасаған. Палестина денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, шабуыл салдарынан кемінде алты адам қаза тауып, бірнеше бейбіт тұрғын жараланды. Әуе соққылары Трамптың жариялаған жаңа бітіміне ХАМАС-тың келісім беру мүмкіндігі қарастырылып жатқан сәтке тұспа-тұс келді. АҚШ басшысы егер ХАМАС ресми келісім берсе, «атысты тоқтату режимі дереу күшіне енеді» деп мәлімдеген болатын. ХАМАС өкілдері өз кезегінде Трамп ұсынған 20 тармақтан тұратын жоспардың кейбір тармақтарын, соның ішінде тұтқындармен алмасу және әскерді кезең-кезеңмен шығару мәселелерін қарауға дайын екенін мәлімдеді.

Read More

рузия премьер-министрінің айтуынша, жарақат алған полицейлердің бірі ауыр халде жатыр. Елдің Ішкі істер министрлігі тәртіпсіздіктерге байланысты төрт бап бойынша қылмыстық іс қозғаған. Еске сала кетейік, 4 қазанда Грузияда жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау өтті. Грузияның Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, бюллетеньдердің 74 пайыздан астамы саналған кезде билеуші партия 80 пайыздан астам дауыс жинаған. Екінші орында – оппозициялық «Күшті Грузия» партиясы (6,8%), ал үшінші орында «Гахария – Грузия үшін» партиясы (3,8%) тұр. Билік мәліметінше, наразылық акциясына шыққандар Тбилисидегі Атонели көшесінде орналасқан президент сарайының ауласына басып кірген. Сол жерде демонстранттар мен полицейлер арасында қақтығыс болып, құқық қорғау органдары суатқыштар мен көзден жас ағызатын газ қолданған.

Read More

Қаладағы коммуналдық ұйымдардың өкілдері – «Астана Су Арнасы» ЖШС, «Астана Теплотранзит» АҚ, «Елорда экосистем» ЖШС және «АРЭК» АҚ қызметкерлері Абылай хан даңғылындағы «Коммуналшылар саябағына» 250 ағаш отырғызды. Экологиялық сенбілікке 250-ден астам коммуналдық сала қызметкері қатысты. – Бүгін мұнда бірнеше коммуналдық қызмет бірігіп жұмыс істеп жатыр, әр ұйымнан кемінде 50 адамнан қатысуда. Біз ағаш отырғызып, аумақты тазартып, жайлы орта қалыптастырып жатырмыз. Көңіл күй көтеріңкі, ал сенбілік соңында қатысушыларға ыстық тағам ұсынылады, өйткені ауа райы салқын, – деді «Астана Су Арнасы» МКК директорының орынбасары Ержан Шәріпов. Оның айтуынша, мұндай экологиялық акциялар елорданың барлық ауданында өтіп жатыр және олардың мақсаты – қаланың экологиялық ахуалын…

Read More

Ұлттық Олимпиадалық комитетінің мәліметінше, жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы бірден бес медальға қол жеткізді. Оның үшеуі — алтын. Техникалық соло бағдарламасында сынға түскен Карина Магрупова (240.1600) мен Виктор Друзин (228.1708) жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Осы бағдарламада Эдуард Ким күміс жүлдегер атанса (223.5584), Ясмина Исламова қола медаль иеленді (204.0066). Ал командалық сайыста (еркін бағдарлама) Қазақстан құрамасы алтын медаль жеңіп алды (267.0639).

Read More

– Келіссөздер нәтижесінде Израиль біз көрсеткен және ХАМАС жағына жеткізілген бастапқы әскер шегеру сызығымен келісіп отыр. ХАМАС өз келісімін ресми түрде растаған бойда, бітім дереу күшіне енеді. Осыдан кейін тұтқындар мен кепілге алынғандарды алмастыру үдерісі басталып, біз келесі әскер шегеру кезеңіне өтетін жағдай қалыптастырамыз. Бұл үш мың жыл бойы жалғасып келе жатқан апатты аяқтауға бір қадам жақындатады, – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында. Бұған дейін ХАМАС қозғалысы «Дональд Трамп жоспарының» бір тармағына сәйкес Израильге барлық тұтқынды — тірі де, өлі де күйінде беруге келіскенін жазған болатынбыз.

Read More