Автор: qaztimes

Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты одан әрі арттыру мәселесін талқылады.Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, бауырлас тәжік халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланысты нығайтуға Тәжікстан Президентінің қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді. Тараптар алдағы кездесулердің кестесін қарастырды. 

Read More

Бұл — Заңғардың ITF Juniors турындағы жеке сындағы алтыншы титулы.  Келесі аптада ол Вонджуда өтетін J300 турнирінде өнер көрсетеді. Айта кетелік Қазақстандық теннисші Кореяда өткен жасөспірімдер турнирінің финалына шыққаны туралы жазған едік. 

Read More

— Құрметті ұстаздар, қадірлі әріптестер! Сіздерді Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын Ағартушы-педагог Ы.Алтынсариннің «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім — мектептің жүрегі» деген сөзі мұғалімнің ел болашағының іргетасын қалаушы ретінде маңызды рөлін дәлелдей түседі. Біздің міндет — білімді, адал, жаһандық бәсекеге қабілетті, озық ойлы ұрпақ тәрбиелеу арқылы ел болашағының сенімді әрі сапалы негізін қалау, — деді Жұлдыз Сүлейменова. Мұғалімнің жай ғана мамандық иесі емес, қоғамның озық тұлғасы ретінде беделін биіктеткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұстазды қоғамның басты кейіпкері ету — мемлекеттік саясаттың басым бағыты деп айқындаған болатын. — Мемлекет басшысы мұғалімдердің құқықтық мәртебесін одан әрі нығайтуды тапсырып, бірнеше міндеттер жүктеді. Осыған байланысты біз Парламент Мәжілісімен бірге заңнамалық…

Read More

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде: — доллар: сатып алу — 547,55 теңге, сату — 549,35 теңге;- еуро: сатып алу — 641,80 теңге, сату — 644,62 теңге;- рубль 6,55 — 6,67 теңге аралығында саудаланады.- юань 76,17 — 78,79 теңге аралығында саудаланып жатыр. Елорданың ақша айырбастау пунктерінде: — доллар 545,67 теңгеден сатып алынады, 551,67 теңгеден сатылады;- еуро: сатып алу — 637,72 теңге, сату — 645,74 теңге;- рубль: сатып алу — 6,62 теңге, сату — 6,78 теңге.- юань 76,33 теңгеден сатып алынады, 80,10 теңгеден сатылады; Еске салайық, өткен апта аяғында күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,58 теңгеге қымбаттап,…

Read More

Целиакия – аутоиммунды созылмалы ауру. Оның әсерінен адамның ағзасы глютенді (бидай, арпа, кейде сұлыда кездеседі) қабылдай алмайды. Дерттің әлемде таралу жиілігі өте жоғары: АҚШ пен Канадада шамамен 3 миллион адам, Қытайда 10 миллионнан астам науқас тіркелген. Дүниежүзінде бұл аурудан халықтың 1%-ы зардап шегеді. Батыс елдерінде ол 250 мың адамның бірінде кездессе, Қазақстанда әр 100 мың адамның бірінде кездеседі. Инфографика: Kazinform   Дерттің пайда болуына не себеп? Целиакия көбіне тумысынан дамиды. Алайда триггер ретінде сыртқы факторлар да әсер етуі мүмкін. Бұл туралы гастроэнтеролог-гепатолог, жоғары санатты дәрігер Мира Изенова айтты. – Целиакияның дамуы үшін баланың организмінде оған бейім ген болуы тиіс. Бірақ…

Read More

Бұл жоба тек біздің елде ғана емес, бүкіл Орталық Азия аймағында ашылған алғашқы World Food Forum жастар бөлімшесі. Бастама БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен (ФАО) бірлесіп, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Чаптердің серіктестері қатарында ҚР АШМ, ФАО Қазақстан, сондай-ақ елдің жетекші жоғары оқу орындары — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ ұлттық аграрлық университеті (ҚазНАУ), Назарбаев Университеті, ҚазҒАСА және басқа да білім беру мекемелері бар. Алдағы уақытта халықаралық донорларды, жастар және студенттік ұйымдарды тарту жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда Қазақстан халқының шамамен 29%-ын 14 пен 34 жас аралығындағы жастар құрайды, бұл — 5,7 миллионнан астам адам, олардың 2 миллионнан астамы ауылдық…

Read More

70 жыл бұрын (1955) Қазақстан Республикасы Үстел теннисі федерациясының вице-президенті Елсияр Баймұхамедұлы ҚАНАҒАТОВ дүниеге келді. Фото: Виктор Федюнин / Kazinform ҚХР-дың Шәуешек қаласында дүниеге келген. 1977 жылы Қазақ дене шынықтыру институтын және 2006 жылы «Қайнар» университетінің экономика факультетін тәмамдаған. Педагогика ғылымының кандидаты. Еңбек жолын 1977 жылы орта мектептің дене тәрбиесі мұғалімі болып бастады. 1979-1994 жылдар аралығында «Қайрат» спорттық-дене шынықтыру республикалық қоғамының орталық кеңесінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісі, басқарма бастығы, орталық кеңес төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.1994-2006 жылдар аралығында жұмысын мемлекеттік қызметте жалғастырды. 1995-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Жастар, туризм және спорт министрлігінің дене шынықтыру басқармасы бастығының орынбасары, ҚР Білім, мәдениет және денсаулық министрлігінің…

Read More

«Матмо» — 2025 жылғы Тынық мұхитындағы 21-ші тайфун. Ол күшейіп, Қытайдың оңтүстігіне, атап айтқанда Гуандун және Хайнань провинцияларының жағалауына қарай бағыт алып келеді. Қытайдың Ұлттық метеорологиялық орталығы сенбі кешке бұған дейін енгізілген «қызғылт сары» деңгейдегі тайфун туралы ескертуді ең жоғары «қызыл» деңгейге көтерді. Синоптиктердің болжамынша, тайфун жексенбі күні түске қарай аталған өңірлердің жағалауына жетіп, құрлыққа шығуы мүмкін. Хайнань провинциясының метеостанциясы хабарлағандай, сенбі күні сағат 18:00-дегі жағдай бойынша «Матмо» тайфунының орталығы Оңтүстік Қытай теңізі үстінде, Вэньчан қаласынан шамамен 400 шақырым оңтүстік-шығыста орналасқан. Тайфун орталығындағы желдің жылдамдығы 35 м/с-қа жеткен. Болжамға сәйкес, тайфун солтүстік-батыс бағытта сағатына 25–30 шақырым жылдамдықпен қозғалып, біртіндеп күшейе…

Read More

Камчаткадағы Ресей ғылым академиясының Біріккен геофизикалық қызметінің филиалының мәліметінше, жерасты дүмпуі Петропавловск-Камчатский қаласынан 213 шақырым қашықтықта орналасқан. Зілзаланың эпицентрі 47,4 шақырым тереңдікте болған. Сондай-ақ соңғы бір сағат ішінде Камчатка аумағында тағы үш жер сілкінісі тіркелді: олардың магнитудасы 5,1, 4,0 және 4,3 шамасында. Бұл дүмпулер Петропавловск-Камчатскийден тиісінше 485, 182 және 166 шақырым қашықтықта болған.  Айта кетелік Камчатканың шығыс жағалауында 6,1 магнитудалы жер сілкінісі болған еді. 

Read More