Автор: qaztimes

Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) танымал блогер Ерболат Жанабылов пен әйелі Эльмира Төлегеноваға қатысты қылмыстық іс қозғады.  «Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 214-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. Тергеу басталды. Іс кеше немесе алдыңғы күні тіркелді», – деді агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Сенат отырысының кулуарында. Жеңіс Елемесовтің айтуынша, бұл іс соттың шешімінен кейін Қаржы мониторингі агенттігіне берілген. «Сот үкім шығарып, материалдар әкімшілік іс жүргізуден кейін бізге жолданды. Сот қылмыстық құрам белгілерін анықтаған. Тергеу мерзімін нақты айту қиын, бірақ шамамен екі айда аяқталады деп ойлаймыз», – деді ол. Еске салсақ, 15 қыркүйекте Астананың мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі ауданаралық соты…

Read More

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматы облысында кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған жыныстық сипаттағы зорлық әрекетіне қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді. «Жеті кәмелетке толмаған бала анықталды. Тергеу жүріп жатыр. Өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл мен психологиялық қолдау орталығының мамандары дүйсенбіден бері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр», – деді Зәкиева. Еске сала кетсек, Алматы облысының Жамбыл ауданында бірнеше мектеп оқушысының жетінші сынып оқушысына азғындық жасау фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланған болатын. Оқушылар арасында болған келеңсіз оқиғаны ең алғаш білген мектеп директоры дабыл қағып, құқық қорғау органдарына хабарлаған.

Read More

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мұғалімдерге маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы кибершабуылдар жайлы жаңа дабыл қағуда. «Шетелдік дереккөздерге сәйкес, хакерлер АҚШ-тағы 25 оқу орнындағы 6000-нан астам мұғалімнің ақшасын шешіп алған. Интернет алаяқтары төлем деректеріне қол жеткізіп, ақшаны өздерінің банк шоттарына аударып алған», — деп хабарлайды Бас прокуратура. Бас прокуратура бұл алаяқтық Қазақстандағы мұғалімдерге де зиян келтіруі мүмкін деп алаңдайды. Сондықтан, мұғалімдер пошталарына немесе жеке телефондарына келген сілтемелерді ашпай, сақ болу керектігін ескертеді. Құпия сөздерді қиындатып, екі деңгейлі аутентификацияны қолдануды ұсынады.

Read More

Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылында 1 млн теңгеге жалданған кортеждегі бір көлік есігін ашып, қауіп тудырған  Әлеуметтік желідегі адамдар Түркістан облысының полициясына осы видеоны тексеруді сұраған. Видеода байқағанымыздай, көліктер Қарабұлақ ауылының маңынан өткен, алдыңғы қатардағы көлік есігін ашып тастаған. «Бұларға заң жоқпа әлде бұл ауданда полиция жоқ па? Терезеден қол шығарсаң, айыппұлға көмілетін уақытта, Қарабұлақ ауылында көліктеріңнің есіктерін ашып қойып жүрсе де ешкім ештеңе демейтін сияқты», — деп жазды видеоға наразылық білдірген Сардар Әбдіжақия. Редакция кортеж жүргізушілерінің әрекетіне қатысты Түркістан облысының полиция департаментіне сұрау жіберді.

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 20-21 қазан күндері Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Ақорданың мәліметінше, сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі. Сонымен қатар президенттер Жоғары мемлекетаралық кеңеске және Қазақстан-Әзербайжан бизнес форумына қатысады.

Read More

Астананың прокуратурасы қаладағы ауруханалардың есеп-қисабына зерттеу жүргізіп, заң бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлайды SteppeNews Azattyq Rýhy сілтеме жасап. Прокуратура дәрігерлердің конституциялық құқықтары бұзылды деп санайды. «Медицина қызметкерлеріне жалпы сомасы 90 млн теңгеден асатын міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдар, сондай-ақ 15 млн теңгеден астам ынталандыру сыйақылары төленбегені анықталды», — деп хабарлайды прокуратура. Прокуратураның арқасында дәрігерлер төлемдерін алған. Кінәлі лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған.

Read More

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында есірткі таратып жүрген екі шетелдік азамат ұсталды. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, олар есірткіні жасырын жолмен таратты деген күдікке ілінді. Тінту кезінде 29 және 39 жастағы ер адамдардан жалпы салмағы шамамен 0,5 грамм болатын A-PVP болуы мүмкін 11 түйіншек, сондай-ақ қосымша 0,5 және 1 граммдық 11 түйіншек табылды. «Екінші күдіктіден куратормен хат алмасулар мен есірткі жасырылған жерлер туралы фотосуреттер анықталды, нәтижесінде тағы 16 түйіншек табылды. Тұрғылықты жерінен мефедронға ұқсас 0,5 грамм зат табылды. Қылмыстық іс қозғалды, күдіктілер кінәсін мойындады. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді, күдіктілер уақытша қамауға алынды», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Read More

Оксана Забиякина Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының (қазіргі Біржан сал ауданы) Уәлиханов ауылында дүниеге келген. 2005 жылы биология және химия мамандығы бойынша университетті үздік бітірген. Еңбек жолын Ерейментау қаласындағы Насыр Смағұлов атындағы мектеп-лицейде биология және химия пәнінің мұғалімі болып бастап, осы күнге дейін сонда қызмет етіп келеді. — Менің отбасымда барлаға педагог. Анам ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып, мектепте 40 жылға жуық еңбек етті. Ол — білім беру саласының үздігі. Сондықтан бала күнімнен сүйікті ойыным мектеппен байланысты болды. Бұл менің мамандық таңдауыма әсер етті деп ойлаймын, — дейді ұстаз. Оксана Сергеевна жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту бағдарламасын алғашқылардың бірі болып…

Read More