Автор: qaztimes

Елорда полициясы әлеуметтік желіде курорттық жолдамаларды арзан бағамен ұсынып, адамдарды алдаған жігітті ұстады. Ол шынайы демалыс орындарының суреттерін пайдаланып, алдын ала төлем алып, кейін ізім-қайым жоғалып отырған. Елорда полициясы алаяқтық жасады деген күдікке ілінген жас жігітті жауапкершілікке тартты. Ол әлеуметтік желілерде курорттық жолдамаларды сату туралы хабарландыру жариялаған. Үлгі ретінде түрлі демалыс орындарының фото-бейнематериалдарын қолданған, клиенттерге баспананы брондауды ұсынып, алдын ала төлем жасауды сұраған. Ақша алғаннан кейін байланысқа шықпай қойған. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті жауапкершілікке тартылды. Полиция ескертеді: әлеуметтік желілер немесе мессенджерлер арқылы демалыс жолдамасын брондар алдында ақпараттың шынайылығын тексеріп, құжаттарды талап ету немесе пікірлер жүйесі бар…

Read More

Батыс Қазақстан облысында елді алдап, 45 млн теңгесін сыпырып алған күдікті ұсталды. ҚР ІІМ мәліметінше, 34 жастағы Орал қаласының тұрғыны алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Тергеу деректеріне сәйкес, әйел табысты арттырамын деген желеумен Бөрілі ауданы тұрғынының жалпы сомасы 45 миллион теңге болатын ақшасын алдап алған. Қаражат 2023 жылдың шілде айынан бастап 2025 жылдың қазан айына дейін берілген, бұл жәбірленушіні ұзақ уақыт және жүйелі түрде алдап келгенін көрсетеді. Сондай-ақ күдіктінің бұған дейін де осыған ұқсас қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың барлық мән-жайы анықталады.

Read More

«Қайрат» футбол командасын Чемпиондар лигасына шығарған қақпашы Темірлан Анарбеков «Халықтың сүйіктісі-2025» ұлттық сыйлығының үміткері болды. Ұйымдастырушылардың мәліметіне сүйенсек, лауреаттарды анықтайтын алғашқы дауыс беру кезеңі 13 қазанда басталған. Бірінші кезең аясында дауыс беру 24 қазанда тоқтайды. Темірлан Анарбековтен бөлек биыл ұлттық сыйлыққа танымал дәрігер, боксшылар мен журналистер, сондай-ақ депутаттар үмітті болып отыр. «Үміткерлер қатарында белгілі спортшылар – Темірлан Анарбеков, Давид Дегтярев, Назым Қызайбай, Төрехан Сабырхан; дәрігерлер – Алексей Белокобылов, Мынжылқы Бердіходжаев; ғалымдар – Күнсұлу Закарья, Анатолий Плешаков; тележүргізушілер – Ерқанат Көпжасар, Әкерке Бектас, Камила Жүсіпова; депутаттар – Бақытжан Базарбек, Ермұрат Бапи, Асхат Аймағамбетов және қоғам белсенділері – Зауреш Баталова, Сергей Цирюльников…

Read More

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Анна Данилина Нинбода (Қытай) өтіп жатқан WTA 500 сериялы турнирінің 1/8 финалында жеңіске жетті. Отандасымыз жұптық сында жақсы нәтиже көрсетуде. Ширек финалға шығу үшін Анна Данилина мен Александра Крунич (Сербия) Лаура Зигемунд (Германия) және София Кенин (АҚШ) жұбымен кездесіп, 6:2, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, Данилина мен Крунич 1/4 финалда Николь Меличар-Мартинез (АҚШ) және Людмила Самсоновамен (Ресей) өзара мықтыны анықтайды.

Read More

Қазақстанда жарты жыл бойы үздіксіз қымбаттап келген сиыр еті алғаш рет тұрақтады. 7-14 қазан аралығында жауырын-кеуде бөлігінің бағасы өзгеріссіз қалған. Бұған дейін бұл өнім 23 апта қатарынан қымбаттап келген. Ұлттық статистика бюросының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша мәліметіне сүйенсек, көрсетілген кезеңде «жауырын-кеуде бөлігіне баға республика бойынша өзгерген жоқ». Бұған дейін мұндай жағдай тек бір рет – қаңтар айында болған, ал мамырда басталған қымбаттау қазан айының ортасына дейін жалғасқан. «Жыл басынан бері сиыр етінің жауырын-кеуде бөлігі 25 пайыздан астамға қымбаттады. Бағаның өсу қарқынын түсіндіру кезінде ведомство өкілдері «өте белсенді экспортты» жиі атап өткен, ал саланың өзінде жүйелі проблемалар бар…

Read More

Астанада кешкі уақытта мас күйінде көлік жүргізген ер адам камера арқылы анықталып, қолға түсті. Жағымсыз оқиға 14 қазан күні болды. Бауыржан Момышұлы көшесінде тәртіп сақшылары Chevrolet Ravon автокөлігін тізгіндеген 27 жастағы жүргізушіні тоқтатты. Ол рөлде мас күйінде болып, жолда бордюрге соғылған. «Медициналық сараптама ер адамның ағзасында алкоголь барын растады. Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды. Жүргізушінің көлігі арнайы тұраққа эвакуацияланды. Құқық қорғау органдары еске салады: көлікті мас күйінде басқару – заңды өрескел бұзу ғана емес, сонымен қатар жүргізушінің де, жолдағы өзге қатысушылардың да өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді»,…

Read More

Тбилиси ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Финляндияның сыртқы істер министрі Элина Валтоненнің Грузияға сапарына байланысты алаңдаушылық білдіріп, ұйым хатшылығына және қатысушы мемлекеттерге нота жолдады. Грузия Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, нота мазмұнында Валтоненнің ресми бағдарлама шеңберінен тыс әрекеттері сынға алынған. Министр үкіметке қарсы шағын топ ұйымдастырған акцияға қатысып, елдегі жағдай жөнінде мәлімдеме жасаған. «Бұл әрекеттер ЕҚЫҰ аясындағы ынтымақтастық рухына қайшы және ұйым төрағасының бейтараптық қағидатын бұзады», — делінген грузин сыртқы саяси ведомствосының мәлімдемесінде. Ресми Тбилиси бұл қадамды ЕҚЫҰ мандатын асыра пайдалану және Грузияның ішкі істеріне араласу деп бағалады. Министрлік Валтоненнің іс-әрекеттері халықаралық құқықтың жалпыға танылған принциптеріне, соның ішінде мемлекеттік егемендікті құрметтеу және…

Read More

Қарағанды облысында жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу үшін фронт-кеңсе жұмысын бастады. Облыстық Жастар ресурстық орталығының базасында Esbol qory фронт-кеңсесі ашылды. Оның басты мақсаты – жастар арасында нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдер мен студенттерге өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру. Қазір фронт-кеңсе жұмысы қарқын алып келеді. Ал алдағы уақытта мұнда түрлі тренингтер, шеберлік сабақтары және мамандармен кездесулер өткізілмек. Бұл бастама мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып отыр және «Салауатты сана» жобасы аясында қолға алынған. Жобаның мақсаты – қоғамда кең таралған келеңсіз құбылыстар: лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм мен ысырапшылдықтың алдын алу және олардың теріс әсерімен күресу. «Фронт-кеңсе ашық алаң ретінде…

Read More

Су тасқыны кезінде қазақстандықтардан қайырымдылыққа жиналған ақшаны қалтасына басып, 10 жылға сотталып кеткен блогер Перизат Қайраттың кейсінен кейін есепшоттарға қатысты жаңа ереже пайда болды. Еске салып өтсек, блогер мүмкіндігі шектеулі балаларға, Қазақстандағы су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккендерге қайырымдылық көмегі ретінде жиналған 3,5 миллиард теңгені өз басының қажетіне жұмсаған. Қыруар сомаға элиталық жылжымайтын мүлік, люкс автокөліктер, қымбат әшекей бұйымдар мен аксессуарлар сатып алған. 2025 жылдың 25 шілдесінде ол он жылға, ал оған көмектескен анасы Ғайни Алашбаева алты жылға сотталған болатын. Қазақстан тарихындағы ірі алаяқтық істердің бірі болған осы оқиғадан кейін заң органдары бір өзгеріс керегін түсінген секілді. Енді…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады. Президентке компанияның биылғы тоғыз айда атқарған қызметінің нәтижелері таныстырылды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемдік уран нарығындағы қазіргі жағдай, атом энергетикасын дамыту үрдістері мен бағыттары, сондай-ақ компанияның жаһандық атом индустриясындағы Қазақстанның позициясын одан әрі нығайту жоспарлары туралы мәлімет берілді. Мейіржан Юсуповтың айтуынша, жасанды интеллект технологиясының қарқынды дамуына және дата-орталықтардың энергия тұтыну көлемі артуына байланысты уранға сұраныс тұрақты түрде өсуі мүмкін. Бұған қоса, жаңа атом реакторларын жеделдетіп салу әсерінен әлемдік нарықта 2030 жылдан кейін уран тапшылығы сезілуі ықтимал. Мемлекет басшысына «Қазатомөнеркәсіп» геологиялық барлау және еліміздің минералдық-шикізат базасын ұлғайту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп…

Read More