С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің екінші курс студенті Астанадағы көпірлердің бірінен секіріп, өз-өзіне қол салған. Қаланың полиция департаменті оқиғаны растады. «Суицид фактісі бойынша алдын ала тергеу басталды. Алдын ала берілген мәліметтерге сәйкес, елорданың 18 жастағы тұрғыны көпірден секірген. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, тексеріс жүріп жатыр», – деді Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы. Айта кетейік, биыл жазда Назарбаев университетінің студенті де суицид жасап, көз жұмған болатын.
Автор: qaztimes
Әнші Қайрат Нұртастың інісі Заңғар Нұртас жақында жұбайының аяғы ауыр екенін жария еткен еді. Ол бүгін әке атанғанын айтып, оқырмандарынан сүйінші сұрады. «Қош келдің, Әміре. Ең керемет сыйлық үшін алғыс», — деп жазған ол әлеуметтік желіге. Немересін перзентханадан шығарып алуға продюсер Гүлзира Айдарбекова да келген. Айта кетейік, жуырда Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін босанғаны хабарланған болатын.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ұзындығы 415 шақырымды құрайтын «Қалбатау–Майқапшағай» республикалық маңызы бар автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары аяқталып, көлік қозғалысы ашылды, Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Жолдың ашылу рәсіміне Абай облысының әкімі Берік Уәли, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының төрағасы Дархан Иманашев, сондай-ақ Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұртай Сабильянов, Ерлан Саиров, Ұлықбек Тұмашинов, Ринат Зайытов және Мақсат Толықбай қатысты. Абай облысының әкімі Берік Уәлидің айтуынша, бұл жол өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды кезең. «Жолдың Республика күні қарсаңында пайдалануға берілуі – облыс тұрғындары үшін қуанышты жаңалық. Бұл бағыт аймақтың экономикалық дамуына, туристік ағымның артуына…
Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өткен Alatau Rise With Kazakhstan Forum аясында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев қазақстандық Alatau City жобасын таныстырды. Форумға Қазақстан тарапынан Alatau City дамыту кеңесінің мүшелері – Caspian Group төрағасы Юрий Цхай және жобаның инвестициялық серіктесі, Alatau City Bank-тің жалғыз акционері Вячеслав Ким қатысты. Alatau City – еліміздің жаңа экономикалық және технологиялық орталығы болуға бағытталған ауқымды жоба. Қаланың жалпы ауданы 88 мың гектар және ол толықтай Арнайы экономикалық аймақ мәртебесіне ие. Мұнда корпоративтік табыс, жер және мүлік салығынан босату сияқты бірқатар салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Сондай-ақ қала аумағында сатылатын тауарларға ҚҚС нөлдік мөлшерлемесі қолданылады. Қыркүйек айында Президенттің Жарлығымен Алатау…
Президенттің бүгінгі тапсырмасына сай, Үкімет бүгін, 16 қазаннан бастап инфляция деңгейі тұрақтанғанға дейін АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бағасын одан әрі көтеруге мораторий енгізді. Премьер-министр Үкімет мүшелерінің, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының қатысуымен Мемлекет басшысының азаматтар мүддесі үшін экономикалық реформалар бағдарламасын жүзеге асыруды ретке келтіру жөніндегі тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиын қорытындысы бойынша бірқатар шешім қабылдады. «Біріншіден, биыл 16 қазаннан бастап инфляция деңгейі тұрақтанғанға дейін АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бағасын одан әрі көтеруге мораторий енді. Премьер-министр Энергетика министрлігіне Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, тиісті қадағалау жүргізуді, сондай-ақ ішкі нарықты…
Үкімет базалық мөлшерлеменің өсуіне байланысты екінші деңгейлі банктер тарапынан ипотекалық бағдарламалар бойынша ұсыныстардың қысқаруы аясында тұрғын үй-құрылыс жинақ жүйесін қолдау туралы шешім қабылданды. «Соған сәйкес, халық үшін ипотекалық несие көлемі екі есе ұлғаяды, бұл тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аталған шара қолданыстағы «Наурыз» және «Наурыз-Жұмыскер» бағдарламалары арқылы несиелеу көлемін 500 млрд теңгеге дейін ұлғайту жолымен жүзеге асырылады», — деп хабарлайды үкімет. Құрылыс компаниялары осы бағдарламалар аясында салынатын тұрғын үй құрылысы бойынша офтейк-келісімшарттар жасалады. «Бұл ретте құрылыс салушылар үш жылға бағаны өзгертпей ұстап тұру бойынша қарсы міндеттемелер қабылдайды», — деп хабарлайды үкімет.
Қазақстанда «Әскери баспана» бағдарламасы қайта басталатын болды. Бұл туралы бүгін үкімет тиісті шешім қабылдады. Үкімет жалпы Қазақстандағы ипотекаға берілетін қаражатты екі есе ұлғайтпақ. «Сонымен қатар сұранысқа ие «Әскери баспана» бағдарламасы қайта іске қосылады, ол жыл сайын кемінде жеті мың әскери қызметшінің отбасына жаңа үйден бөлек, қайталама нарықтан да пәтер сатып алуға мүмкіндік береді», — деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі. Үкімет сондай-ақ осы бағдарламаға қатысатын құрылыс компаниялар үй бағасын үш жыл қымбаттатпауға міндеттелді.
Үкімет Қазақстандағы жеңіл автонесие бағдарламасын қайта жалғастыратын болды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметінен мәлімдеді. «Отандық автоөндірушілер мен екінші деңгейлі банктер халықтың жеңіл автокөлік сатып алуын қаржыландыру бағдарламаларын одан әрі жалғастырады. Жеке тұлғаларға жеңіл автокөлік сатып алу бойынша лизинг тетігі енеді. Бұл азаматтардың автокөлік сатып алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған», — деп хабарлайды үкімет. Айта кетейік, президенттің таңертеңгі тапсырмасын орындау үшін бүгін кешке таман премьер-министр Олжас Бектенов жиын өткізді.
Сенаттың жалпы отырысында депутаттар президенттің Жоғарғы соттың үш судьясын қызметінен босату туралы ұсынысын қарады. Президенттің ұсынысы бойынша Жоғарғы сот судьялары Ғабит Әлжанов, Роза Жақудина және Тыныштық Молдахметова қызметінен босады. Сенаттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл мәселе алдын ала Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысында талқыланған. «Комитет отырысында мәселе жан-жақты қаралып, сенаторлар Мемлекет басшысының ұсынысын қолдау туралы шешім қабылдады», – делінген хабарламада. Ғабит Үмірханович Әлжанов 2023 жылғы 29 маусымда Сенат қаулысымен ҚР Жоғарғы сотының судьясы болып тағайындалған. Ол әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының құрамында болған.
«СҚ-Фармация» компаниясына қатысты бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Женіс Елемесов мәлім етті, . «Бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге деректерді жариялай алмаймын», – деді Елемесов Сенат кулуарында. Айта кетейік, бұған дейін Бас прокуратура «СК-Фармация» компаниясына қатысты тергеу бастаған еді.