Автор: qaztimes

Синоптиктердің мәліметінше, 17 қазан күні еліміздің бес қаласында атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы күтіледі. Бұл құбылыс белгілі бір метеорологиялық жағдайлардың тоғысуымен байланысты: мұндай кезде ауадағы зиянды қоспалар жер бетіне жақын қабатта шоғырланып, таралмай қалады. «2025 жылдың 17 қазанында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе, Алматы, Риддер, Семей және Өскемен қалаларында болжанып отыр», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) дегеніміз не және ол несімен қауіпті? ауа қозғалысының бәсеңдеуі (штиль), әлсіз жел, тұман, температуралық инверсия. Осындай кезде ауадағы ластаушы заттар таралмай, атмосфераның төменгі қабатында жиналып қалады, нәтижесінде ауаның сапасы уақытша төмендейді. Әсіресе бұл жағдай өнеркәсіптік аймақтарда және тығыз қоныстанған аудандарда…

Read More

Маңғыстау облысында жол апатынан бір адам қаза тапты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 16 қазан күні күндіз Ақтау-Бейнеу-Атырау тасжолында болған. Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кетіп, көлік аударылып қалған. «Апат салдарынан 51 жастағы жолаушы – Бейнеу тұрғыны оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқарушылардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша тергеу басталды. Полиция жүргізушілерге аса мұқият болып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жолдағы қауіпсіздік – сіздің, жолаушылардың және өзге де жүргізушілердің өмірі», — делінген…

Read More

Қазақстандық спортшылары ТМД елдері III ойындарында көрсеткен жетістіктері белгілі болды. Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметінше, «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы спортшыларының нәтижелері төмендегідей: Нысана көздеу: 1 алтын, 4 күміс, 2 қола; Садақ ату: 1 алтын, 2 күміс; Стенд ату: 2 күміс, 6 қола.

Read More

Қарағандыда өз пәтерінде есінен танып қалған ер адамға құтқарушылар бірінші болып жетіп, алғашқы көмек көрсетті. ҚР ТЖМ мәліметінше, 112 шұғыл қызмет пультіне Қарағанды қаласының пәтерлердің бірінде ер адам байланысқа шықпай жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Мекенжайға жедел түрде құтқарушылар келіп, үш иінді сатының көмегімен, екінші қабатта орналасқан пәтерге балкон арқылы көтерілді. Олар кіреберісте есінен танған ер адамды тапты. Құтқарушылар дәрігерлер келгенге дейін дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті. Оны жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.

Read More

Денсаулық сақтау министрлігі соңғы бір жарым жыл ішінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдірді, ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Скринингтік бағдарламалар кеңейтілді: қатысушылардың жасы 76 жасқа дейін ұлғайтылды — қосымша шамамен 1 млн адам қамтылды; жоғары сезімталдықтағы тестілер енгізілді — созылмалы ауруларды ерте анықтау көрсеткіші 1,5-2 есеге артты; ми қан айналымының бұзылуын ерте анықтау үшін 50–76 жас аралығындағы ер адамдарға арналған жаңа скрининг енгізілді; онкоскринингтер ТМККК пакетіне енгізілді — енді олар 300 мың сақтандырылмаған азаматқа да қолжетімді. Учаскелік дәрігерлердің жұмыс күні 8 сағатқа дейін ұзартылды, оның 6 сағаты пациенттерді қабылдауға бөлінген. Бұл азаматтардың дәрігерге қолжетімділігін арттырып, мамандарға кезекті қысқартуға…

Read More

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 17 қазан күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде түнгі аяз сақталып, тұман түседі, желдің күшеюі болжанады. Солтүстік және орталық аймақтарда – Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында жауын-шашынсыз, бірақ салқын ауа райы сақталады. Түнде ауа температурасы -1…-10°С, күндіз +4…+10°С шамасында болады. Астанада түнде -3…-5°, күндіз +8…+10°С жылы болады. Шығыс өңірлерде – Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында түнде ауа температурасы -7…-10°С дейін төмендейді, күндіз +3…+8°С шамасында болады. Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Батыс облыстарда – Батыс Қазақстан мен Атырау өңірлерінде кей жерлерде жаңбыр және қар ұшқындауы ықтимал. Түнгі температура 0…+5°С, күндіз +8…+15°С…

Read More

Энергетика министрі «Сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрық жобасын әзірледі. Құжатта Қазақстан аумағынан сұйытылған мұнай газын, сондай-ақ пропан мен бутанды автокөлік және теміржол көлігі арқылы экспорттауға алты ай мерзімге тыйым салу көзделген. Министрліктің мәліметінше, бұл шара ішкі нарықты сұйытылған газбен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында қабылданып отыр. Тыйым 2025 жылғы 14 қарашадан бастап күшіне енуі тиіс. Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында 3 қарашаға дейін көпшілік талқылауына ұсынылған.

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ел аумағында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Соның аясында «AMANAT» партиясы барлық өңірде дәстүрлі «Таза бейсенбі» акциясын өткізіп келеді. Аталған іс-шара – экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоғам бірлігін нығайтуға және әрбір азаматтың табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Акцияға партия мүшелерімен қатар жергілікті тұрғындар, жастар және волонтерлер де белсенді атсалысуда. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «AMANAT» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Атырау қаласында «AMANAT» партиясының және «Жастар Рухы» жастар қанатының 50-ден астам белсендісі Авангард шағын ауданындағы Ж.Төлепов көшесі бойындағы Жайық өзенінің жағалауын қоқыстан тазартты. Сонымен қатар олар жергілікті балықшыларға тазалық сақтаудың маңызын еске салды.…

Read More

Ақмола облысының тұрғындары өзін дәрігер ретінде таныстырған алаяқтарға сеніп, миллиондаған теңгесінен айырылды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, өңірдегі CyberPol бөлімшесі медициналық қызметкерлердің атынан жасалған қоңырауларға байланысты екі алаяқтық істі тергеп жатыр. Полиция алаңдаушылық білдіріп отыр, мұндай алдау тәсілдері қылмыскерлер арасында барған сайын жиілеп барады, ал азаматтар мұның қастандық екенін байқамай жатады. Жедел уәкілдердің ақпаратына сәйкес, алаяқтардың құрбандарының бірі – Көкшетау қаласының 64 жастағы тұрғыны. 14 қазанда оған орталық емхананың қызметкерлері болып танысқан бейтаныс адамдар телефон шалып, екпе алу қажеттігін айтып, кезекке тұру үшін SMS-код сұраған. «Көкшетаулық тұрғын кодты айтып қойғаннан кейін, кибералаяқтардың шабуылына ұшырады. Олар өздерін Қаржылық бақылау департаменті мен eGov…

Read More

Алматыда матч барысында «Хан-Тәңірі» футбол клубының шабуылшысы Диас Төлеудің жағдайы күрт нашарлап, артынша көз жұмғаны қоғамды дүр сілкіндірді. Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан матч барысында шабуылшының жағдайы күрт нашарлап, бір қырымен жатып қалғанын, оған жүгіріп жеткен дәрігердің алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде абдырап қалғанын байқауға болады. Дегенмен зембіл көтерген екі жігіттің асықпаған сәті жұрттың ашуын туғызды. «Зембіл көтергендер неге асықпайды?», «Мойындау керек, жедел жәрдем болмады, абдырап тұр ойыншылары да медиктері де асықпай, Кристиан Эриксенді қалай алып қалды мысалға», «Қалай клубтың дәрігерлері алғашқы көмек көрсетуді білмейді? Сол үшін керек қой, абдырап қалды не істерін білмей», «Көмек болған жоқ, уақыт созып кетті.…

Read More