Жаңалықтар

Астанада Агротехникалық университетте оқитын студент қыз қайғылы жағдайда қаза тапты

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің екінші курс студенті Астанадағы көпірлердің бірінен секіріп, өз-өзіне қол салған.

Қаланың полиция департаменті оқиғаны растады. 

«Суицид фактісі бойынша алдын ала тергеу басталды. Алдын ала берілген мәліметтерге сәйкес, елорданың 18 жастағы тұрғыны көпірден секірген. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, тексеріс жүріп жатыр», – деді Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, биыл жазда Назарбаев университетінің студенті де суицид жасап, көз жұмған болатын.

Добавить комментарий