Ұлттық статистика бюросы елімізде 28 адамға «Қазақстан» деген есім берілгенін мәлімдеді. Еліміз аттас жеті адам Қарағанды облысында, тағы алтауы – Ақмола облысында өмір сүреді екен. Қостанай мен Астанада «Қазақстан» атты 3 адам, Алматы, Маңғыстау облыстары мен Шымкентте екі адам өмір сүрсе, Ақтөбе, БҚО және Павлодар облыстарында «Қазақстан» есімді бір-бір адам бар. «Осы 28 адамның ішінде бір әйелдің аты ғана Қазақстан. Жалпы, осы есіммен өмір сүріп жатқан ең кәрі адам 92-де, ал ең жасы – 25-те», — деп хабарлайды Статбюро.
Автор: qaztimes
Мемлекеттік органдар мен оларға бағынысты ұйымдар жеке-жеке мобилді қосымша әзірлеуді тоқтатып, eGov және Aitu қосымшаларына бірігеді. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өтетін Цифрлық штаб отырысында белгілі болды. Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сенсек, бұл қадам азаматтар үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыруға бағытталған. «Барлық мемлекеттік органдар мен олардың бағынысты ұйымдары жеке мобильді қосымшаларды әзірлеуді тоқтатып, барлық цифрлық қызметті eGov және Aitu платформалары арқылы жүзеге асыруы тиіс. Бұл шешім азаматтар үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыруға бағытталған», — деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов пен «Отбасы банк» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова әскери қызметшілерді баспанамен қамту және «Әскери баспана» ипотекалық бағдарламасын жандандыру мәселелерін талқылады. Кездесуде талқыланған негізгі мәселе «Әскери баспана» бағдарламасын қайта іске қосу туралы болған. Қорғаныс министрі бастапқы жарна мен несие бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. «Әскери қызметшілер үшін жеңілдетілген ипотекалық несиелерге нақты қол жеткізу маңызды. Қазір ондай мүмкіндік жоқ, ал тұрғын үй бағасы өскен сайын бастапқы жарнаны жинау іс жүзінде мүмкін емес, – дейді Дәурен Қосанов. Оның айтуынша, 15 мыңнан астам отбасы тұрғын үй төлемдері жүйесі мен ипотекалық бағдарламалар, соның ішінде «Әскери баспана» арқылы…
Атырауда «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі аймақтық кеңестің көшпелі отырысы өтті. Жиынға кеңес төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Ақылбек Құлбарақов, кеңес мүшелері мен полиция департаментінің өкілдері қатысты, партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Комиссия мүшелері «КАЖсервис» ЖШС Атырау облыстық филиалына барып, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстауға дайындық барысымен танысты. Ақылбек Құлбарақовтың айтуынша, өткен қыста жолдардың уақытылы тазаланбауына байланысты тұрғындардан көптеген шағымдар түскен. «Қыс жақындап келеді. Сондықтан бүгінде барлық техника мен инертті материалдардың жеткіліктілігіне көз жеткізу маңызды», – деді ол. Атырау облысы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы, полиция капитаны Тілепберген Ақболатов былтыр мердігер мекемелердің техникасы…
Қарақшылар Луврдан ұрлаған патшайымның тәжін дорбадан түсіріп алған: тәжде 1354 бриллиант бар
Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өтетін Цифрлық штаб отырысында Astana Hub-тың технопаркін кеңейту туралы шешім қабылданған. Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, технопаркте мультимедиа, ойын дизайны мен басып шығару, бағдарламалық қамтамасыз ету стартаптары да жұмыс істей алады. «Цифрлық штабтың шешімімен Alem.cloud ұлттық суперкомпьютерлік орталығында есептеу ресурстарын бөлу қағидалары бекітіледі. Кейін бұл бағытта тиісті нормативтік-құқықтық акт қабылданып, ғылым мен жоғары білім ұйымдарына қолдау көрсету шаралары басталады. Сонымен қатар, Astana Hub IT-стартаптар технопаркі қызметінің басым бағыттары кеңейеді. Олардың қатарына мультимедиа, ойын дизайны мен басып шығару, бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу және түрлендіру, киберспорт сияқты жаңа бағыттар енеді», — деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі. Айта кетейік, бұған…
Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған делегация Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының жыл сайынғы сессиялары аясында Нью-Йорк қор биржасына (New York Stock Exchange, NYSE) барды. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Жұманғарин NYSE стратегиялық операциялар және корпоративтік қатынастар департаментінің басшысы Уилл Гудвинмен кездескен. «Кездесу кезінде NYSE өкілдері Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру мүмкіндігі, сондай-ақ ірі ұлттық компаниялардың биржаға шығу перспективалары жөніндегі сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді», — деп хабарлайды министрлік. Сапар соңында Қазақстаннан барған делегация биржаның сауда залының тынысымен танысқан. Анықтама: Нью-Йорк қор биржасы (NYSE) – әлемдегі ең ірі және ең ертеден жұмыс істеп келе жатқан сауда алаңдарының бірі,…
Гонконг халықаралық әуежайында Boeing 747 жүк ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, жердегі техникалық қызмет көлігімен соқтығысты, кейін теңізге құлады. Оқиға салдарынан көлікте болған екі қызметкер қаза тапты: олардың бірі судан табылса, екіншісі ауруханада көз жұмған. Жүк ұшағы Emirates әуе компаниясының EK9788 рейсін орындаған, бағыты Дубай – Гонконг. Ұшақ экипажының мүшелері зардап шекпеген. Азаматтық авиация департаменті оқиғаның себептерін анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады. Әуежай әкімшілігінің мәліметінше, 12 жүк рейсінің ұшатын уақыты кейінге шегерілген. Ұшақ шығып кеткен солтүстік ұшу-қону жолағы уақытша жабылды, ал орталық және оңтүстік жолақтар әдеттегі режимде жұмыс істеп тұр.
Теміртау қаласында жыл сайын ауаға 300 мың тоннадан астам зиянды зат тарайды. Оның негізгі бөлігі Қарағанды металлургия комбинатына тиесілі. Бұл туралы Климаттың өзгеруі мен жасыл энергетика жөніндегі Орталық Азияға арналған жобалық кеңсе мәлімдеді. Жобалық кеңсе ақпаратынша, Теміртау – Қазақстандағы ең лас қалалардың бірі. Халқы 200 мың адамға жетпесе де, ауаға тарайтын өндірістік қалдықтардың мөлшері өте жоғары. «Теміртау қаласы – Қазақстандағы ауа сапасын ең көп ластайтын елді мекендердің бірі. Соңғы он жыл ішінде қалада атмосфераның «жоғары» деңгейде ластануы тұрақты түрде байқалып келеді. Жыл сайын Теміртау атмосферасына шамамен 305 мың тонна өнеркәсіптік шығарынды тарайды, олардың негізгі бөлігі қала құраушы кәсіпорын – Қарағанды…
Алматыда Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубында әскери ант беру салтанаты өтті. Ант қабылдағандардың арасында жуырда Әлемнің екі дүркін чемпионы атанған Алуа Балқыбекова да бар. «Погон тағып, Қарулы күштер қатарында қызмет ету – мен үшін үлкен мәртебе. Армия орталық спорт клубында қызмет ету спортта дамуға және Қазақстанды беделді халықаралық турнирлерде танытуыма мүмкіндік берді», – деді чемпион. Айта кетейік, Алуа Балқыбекова биыл наурыз айында Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатында 50 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанып, ал қыркүйекте Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен жарыста екінші алтын медалін иеленген.