Автор: qaztimes

Қазақстандағы бірнеше футбол клубын белгілі кәсіпкерлер Сергей Кан, Михаил Ломтадзе және Ислам Козбаков сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтің Мәжіліс депутатының сауалына берген жауабында айтылған. Туризм және спорт министрлігі Қазақстан футбол федерациясымен бірге облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін тарта отырып, футбол клубтарын коммерцияландыру мақсатында өңірлердегі және республикадағы әлеуетті инвесторлармен жұмыс жүргізіп жатыр. «Осы жұмыстар аясында «Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясы» АҚ (Сергей Кан) «Қызыл-Жар» ФК сатып алу мүмкіндігін қарастыруда, Freedom Finance (Тимур Турлов) «Шахтер» ФК үшін стадион мен футбол академиясын салуға қызығушылық танытты, Kaspi Group (Михаил Ломтадзе) «Жеңіс» ФК сатып алуды және Астанада футбол инфрақұрылымын…

Read More

Астанада Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабековтың төрағалығымен кеңейтілген кеңес өтті. Жиында биылғы 9 айдағы қызметтік-жауынгерлік іс-қимыл қорытындысы қаралып, IV тоқсанға арналған міндеттер айқындалды. Отырысқа Ұлттық ұланның Бас қолбасшылық бас басқармалары мен орталықтарының жетекшілері, сондай-ақ өңірлік қолбасшылықтар мен әскери бөлімдердің командирлері қатысты. Кеңесте құқықтық тәртіп әскерінің қызметіне қатысты бірқатар маңызды мәселе талқыланды. Атап айтқанда, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзету және қадағалау, тәртіп пен заңдылықтың сақталуы, 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық, сондай-ақ Ұлттық ұланды дамыту перспективалары сөз болды. Генерал-майор Аңсаған Балтабеков әскери қызметшілердің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау, тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету – әрқашан басты басымдық…

Read More

Алматыда өткен Salomon Trail жарысында 70 жастағы спортшы Владимир Кривенцов қайтыс болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қария жарыс бастала сала құлап, денсаулығы нашарлаған. Оқиға орнына жедел жәрдем шұғыл жетсе де, спортшыны құтқару мүмкін болмады. «Өкінішке қарай, дәрігерлер тез әрекет етсе де, спортшыны құтқару мүмкін болмады. Владимир тәжірибелі спортшы еді, әрдайым түрлі жарыстарға қатысып жүретін. Жарыс алдында толық медициналық тексеруден өткен», – деп жазылған ұйымдастырушылардың мәлімдемесінде. Владимир Кривенцов — КСРО спорт шебері, теңіз және шаңғы бойынша чемпион, сондай-ақ полиатлон, президенттік және қысқы көпсайыс түрлерінен Қазақстанның бірнеше дүркін жүлдегері болған. Ол спорттық жарыстарға үнемі қатысып жүрген белсенді спортшы ретінде танылды.

Read More

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан аумағынан сиыр етін шығаруға жыл соңына дейін шектеу енгізуді жоспарлап отыр. Министрлік «Ашық НҚА» порталында «Ірі қара мал етін (сиыр етін) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрық жобасын жариялаған. Оған сәйкес, сиыр етін ел аумағынан шығаруға уақытша тыйым салынуы мүмкін. «Бұйрық жобасында 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ірі қара мал етін (сиыр етін) (ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының кодтары: 0201 – ірі қара мал еті, жаңа сойылған немесе салқындатылған және 0202 – ірі қара мал еті, мұздатылған) Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне шығаруға сандық шектеулер (квоталар) енгізу көзделген», — делінген құжатта.…

Read More

Шығыс Қазақстан облысында «QazConstructions» компаниясының бұрынғы директор орынбасары мен Күршім ауданы мәслихатының депутаты әлеуметтік нысандардың құрылысына бөлінген 2 млрд теңгені қалтаға басты деген күдікке ілінді. Сот екі күдіктіні екі айға қамауға алды. Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше, олар Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының 7 ауданында 11 әлеуметтік нысан салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген. «Күдіктілердің қатарында – «QazConstructions» ЖШС-нің бұрынғы директорының орынбасары, Күршім ауданы мәслихатының депутаты бар», — деп хабарлайды ҚМА. Айта кетейік, жымқырылған қаражатқа «халықтың өмір сүру сапасын арттырып, азаматтардың бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған жобалар салынуы керек еді». «Қылмыстық әрекеттер салдарынан төрт дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 20…

Read More

Астанада сот ғимаратының алдындағы пандуста оқыс оқиға орын алды: арбаға таңылған әйел арнайы пандус арқылы ғимаратқа кірмек болғанда, трос үзіліп, әйел адам арбасымен бірге құлады. «Патриот» Telegram-арнасының хабарлауынша, оқиға орнына жедел жәрдем келді және зардап шеккен әйелдің ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды. Дереккөзге сүйенсек, зардап шеккен әйелдің аты — Зилейха Сафарова. Бұрын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында жұмыс істеп жүріп омыртқасын сындырып алған. Қазіргі уақытта Сафарова I топтағы мүгедек және сот арқылы бұрынғы жұмыс берушіден өтемақы талап етуде. Оқиға болған күні ол сот отырысына келген еді. Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты оқиғаға қатысты түсініктеме берді. «Лифт көтеріліп келе жатқан кезде…

Read More

Ресейлік теннисші Даниил Медведев Алматыдағы ATP 250 турнирінде жеңімпаз атанды. Жекелей сында әлемнің 14-ракеткасы Медведев және 41-орын иеленген франциялық Корентен Муте чемпиондық атақ үшін бақ сынасты. «Бірінші партия 7:5 есебімен ресейлік теннисшінің пайдасына шешілді. Екінші сетте франциялық спортшының жеңісі – 6:4. Шешуші сетте Медведев 6:3 есебімен жеңді», — делінген Қазақстан теннис федерациясының хабарламасында. Даниил Медведев ATP турнирлерінде қырқыншы рет финалға шығып, 21-титулын иеленді. Ол бұған дейінгі чемпиондық атағына 2023 жылдың мамыр айында қол жеткізген еді. «Кейде ойыныма көңілім толмайды. Бірақ жеңістің орны бөлек. Бұл – матчтың ең маңызды кезеңінде жақсы ойнадым деген сөз. Әсіресе, шешуші гейм ерекше болды. Титулды жеңіп…

Read More

Түркістан облысында Қарағандыдан келген туристер жоғалып кетті. ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Төлеби ауданының таулы аймағында Қарағанды облысынан келген туристер адасып қалған. Автокөлікпен жүрген топ қайтар жолды таба алмаған. Көлікте төрт адам, оның ішінде екі бала болды. «Оқиға орнына ТЖД жедел-құтқару жасағы шұғыл жетті. Байланыстың тұрақты болмағанына қарамастан, геолокация арқылы туристердің орналасқан жері анықталды», — деп жазылған хабарламада. Адасқандар 1800 метр биіктікте орналасқан «Ақсу» каньоны аумағынан табылды. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Құтқарушылар оларды қауіпсіз автожолға дейін шығарып салды, содан кейін туристер өз көлігімен жолын жалғастырды. Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда үш мың метр биікке шыққан туристер тұманда адасып…

Read More

Петропавлда Партизанская және Горький көшелерінің қиылысында автобус пен жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысты. Екі адам зардап шекті, Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Жол апатының егжей-тегжейі Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жол апаты таңғы сағат 8:00 шамасында болған. «Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің 30 жастағы жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ автобус жолаушыларының бірі медициналық көмекке жүгінді, бірақ оған ауруханаға жату қажет болмады. Алдын ала мәлімет бойынша екі жүргізуші де сау. Жол апатына қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деп атап өтті полиция департаменті. Куәгерлердің пікірі Куәгерлердің айтуынша, соққы қатты болған:…

Read More