Автор: qaztimes

Синоптиктер сейсенбі, 21 қазанда Қазақстанның 14 өңірінде дабылды ескерту жариялады, «Қазгидрометке» сілтеме жасап. Ақмола облысында түнде және таңертең солтүстікте және шығыста тұман түседі. Оңтүстік-батыста жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Петропавлда түнде және таңертең тұман түседі. Қостанай облысында түнде және таңертең батыста және солтүстікте тұман түседі. Оңтүстікте аса жоғары өрт қаупі сақталады, ал оңтүстік-батыста жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда түнде және таңертең тұман түседі. Қарағанды ​​облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын жел соғады, күндіз батыста екпіні 15-18 м/с болады. Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз батыста екпіні 15-20…

Read More

Танымал продюсер әрі кәсіпкер Гүлзира Айдарбекова өзіне қымбат сыйлық жасады. Ол Instagram парақшасында видео жариялап, жаңа көлігін көпшілікке көрсетті. Гүлзира Айдарбекова белсенді оқырмандарына осындай қымбат көлік жұғысты болуын тіледі. Жарияланған видеоға қарағанда, кәсіпкер қазір құны 68 -83 миллион теңге аралығында тұратын BMW X7 көлігін сатып алған секілді. Желі қолданушылары Қайрат Нұртастың анасы үшін қуанып, оған жылы лебізін жаудырды. «Құтты болсын тұлпарыңыз! Осындай өмірге лайықты жансыз», «Қуанышқа, тойға мініңіз, іші немереге толсын», «Гүлекеңнің ізімен жүре берейік, бізге жұғысты болсын», — деп жазды олар. Еске сала кетейік, бұған дейін Гүлзира Айдарбекова алдағы уақытта балаларынан бөлек шығатынын айтқан болатын. «2-3 жылдан кейін…

Read More

Орал қаласында «AMANAT» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы мен облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен «Еңбек. Адам. Құрмет» атты облыстық фестиваль өтті. Бұл іс-шара мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында ұйымдастырылды. Президент өз Жолдауында жұмысшы мамандарына деген құрметті арттырып, оларға лайықты жалақы төлеу – мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі екенін атап өткен еді. Фестивальге 800-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев, Бәйтерек ауданы Макаров ауылдық округінің әкімі Еркін Әбілкәкімов, Ақжайық ауданы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, мәслихат депутаты Ләззат Сейткереева, сондай-ақ сала басқармаларының басшылары, еңбек…

Read More

Иранда елдің жоғарғы басшыларына қатысты ашу-ыза қайта күшейді. Бұрын Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы болған, қазір Жоғары рухани көшбасшының кеңесшісі болып қызмет ететін Әли Шамханидің қызының тойы себеп болды, деп жазады Azattyq Rýhy. 17 қазанда X әлеуметтік желі платформасында тараған бейнежазба қоғамда үлкен дау тудырды. Көпшілік тойдағы сән-салтанатты, сондай-ақ хиджаб заңын сынға алды. Бейнежазбада Әли Шамхани қызы Фатемені әдемі безендірілген залға жетектеп кіргізіп келе жатқаны көрінеді. Кадрларда батыс үлгісіндегі үйлену салтанаты бейнеленген. Қоғамның ашу-ызасын туғызған жайт қалыңдықтың ашық үлгідегі көйлегі мен анасының мойыны ашық киімі болды. Мұндай киім Ирандағы исламдық әдеп нормаларына қайшы саналады. Ирандық БАҚ-тардың мәліметінше, Шамхани отбасындағы бұл үйлену…

Read More

Мейірбике мамандығы көпшілікке таныс, бірақ шынайы маңызын көбіміз терең түсіне бермейміз. Бұл кәсіп иелері күн сайын адамдардың саулығы, тыныштығы мен өмір сапасы үшін күреседі. Әсіресе ауылдық жерлерде еңбек ететін мейірбикелердің еңбегі ерекше құрметке лайық. Себебі олар дәрігер мен науқастың арасындағы алтын көпір іспетті, деп жазады Azattyq Rýhy. Солардың бірі – Ақмола облысы Біржан сал ауданы Мақпал ауылында еңбек етіп жүрген мейірбике Әлия Хасенова. Ол осы ауылда 30 жылдан астам уақыт бойы халыққа адал қызмет етіп келеді. Әлия Ғаббасқызы 1969 жылы дүниеге келген. Үлкен отбасындағы сегіз баланың кенжесі болған ол еңбекқор ата-анасының тәлімін алып өскен. «Анам 40 жыл бойы колхозда сауыншы…

Read More

Алматыдағы жекеменшік орталықтардың бірінде білім алатын баланың әкесі сол жерде жұмыс істейтін әйелді қорқытып, 20 млн теңге бопсалаған. Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, баланың әкесі мұғалім туралы жалған ақпарат таратып, оның артына кір келтірмек болған. «Орталықтағы бір баланың әкесі мұғалімнің жұмысына көңілі толмаған соң жалған ақпарат таратамын деп одан 20 млн теңге талап еткен. Әйел адам бірден полицияға келген. Алматы полициясының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы арызды қабылдап, бопсалаушыны қолға түсірген», — деп хабарлайды дереккөз. Қазір полиция егжей-тегжейлі тергеу жүргізіп жатыр.

Read More

Қазақстанға мемлекеттік сапармен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев келді.Ақорда жазғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды Астана әуежайынан күтіп алды.Ертең президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысын өткізеді.

Read More

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы бағаны тұрақтандыру механизміндегі олқылықтарды анықтады. Бюджет қаражатына сатып алынған ауылшаруашылық өнімдердің көп бөлігі сауда желілеріне жеткізілмеген. Екі жыл ішінде өнімнің тек 19%-ы сатылған, ал 2021 жылдан бері алынған бірқатар өнім әлі күнге дейін нарыққа шықпаған. Баға төмен болған кезеңде картоп сатып алуға 5,1 млрд теңге бөлінген, бірақ баға көтерілген тапшылық кезеңінде тұрақтандыру шаралары қолданылмаған. Кейбір өңірлерде қарыз шарттары орындалмаған, бірақ олар бірнеше рет санкциясыз ұзартылған. Мысалы, бір қарыз алушы 489 млн теңге алған, бірнеше рет мерзімін ұзартқан. 1,3 млрд теңгеден астам сомаға берілген басқа қарыздар да осылайша ұзартылған. Кейбір фирмаларға пайызсыз…

Read More

«Евразия университеті» Коммерциялық емес білім беру мекемесінің бір топ мұғалімі мен экс-ректоры қолға түсті. Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті жемқорлықпен күресті күшейту мақсатында жоғары білім жүйесін тексерген. «Тексеру кезінде «Евразия университеті» коммерциялық емес білім беру мекемесінің мұғалімдеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар уәкілеттіліктерін асыра пайдалана отырып, ресми құжаттарды өзгерткен. Нақтырақ айтсақ, мұғалімдер студенттердің сабаққа келмегенін жақсы біле тұра, білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың тәртібін өрескел бұзып, студенттерге баға қойып берген, бағаларын өзгерткен», — деп хабарлайды дереккөз. Қылмыстық іс аясында осы заңсыз қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 19 ұстаз тексерілген. Оның үшеуі бірден қамалған. Кейін оқу орнының бұрынғы ректоры, қазір басқа университетте…

Read More

Полиция, прокуратура және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бірлескен әрекеттерінің нәтижесінде Жетісу облысында синтетикалық есірткі шығаратын жасырын зертхананың қызметі тоқтады. Полицияның мәліметіне сүйенсек, арнайы операция Ескелді ауданы аумағында жүргізілген. Полиция қызметкерлері мұқият жасырылған зертхананы анықтаған, онда екі шетел азаматы мен Астана тұрғыны синтетикалық есірткі өндірісін жолға қойған. Тінту кезінде кәсіби жабдықтар, 6,4 келіден астам «мефедрон», сондай-ақ есірткі дайындауға арналған прекурсор қалдықтары бар 200 литрлік реактор тәркіленген. «Барлық күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Жетісу облысының мамандандырылған сотының үкімімен үшеуі де кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Полиция осылайша ірі көлемде есірткінің таралуына тосқауыл қойып, адамдардың тағдырына араша түсті», — деп хабарлайды…

Read More