Автор: qaztimes

Бүгін Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген жиыны барысында халық қалаулылары «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «2026-2028 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заң жобаларын қарады, «AMANAT» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Депутаттар Президенттің сайлауалды бағдарламасының, Жолдауларының, сондай-ақ «AMANAT» партиясының сайлаушыларға берген уәделерінің орындалуын қаржыландыру жөнінде мемлекеттік органдардың жоспарын тыңдады. Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов қаралған заң жобалары еліміздің алдағы үш жылдағы даму бағытын айқындайтынын ерекше атап өтті. Инфрақұрылымдық жобаларға, өңірлерді дамытуға, бизнесті қолдауға және өзге де бағыттарға қомақты қаражат бөлінуде. Үш жылдық бюджет айқын…

Read More

Қазақстан мен Ресейдің ішкі істер министрлігі бірлесе отырып, екі күн ішінде 286 қылмыскерді ұстаған. Polisia.kz мәліметіне сүйенсек, 15–16 қазан күндері ТМД елдерінің аумағында қылмыскерлерді анықтау және ұстауға бағытталған «Іздестіру» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткен. «Іс-шара аясында Қазақстанға Ресей Федерациясы ІІМ-нің іздестіру тобы келіп, бірлескен жұмыс жүргізді. Ал өз кезегінде Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының жедел топтары Ресей аумағына барып, ұқсас операциялар өткізген» — деп хабарлайды дереккөз. Екі күннің ішінде 286 қылмыскер ұсталып, 55 хабар-ошарсыз кеткен адам, оның ішінде 8 кәмелетке толмаған бала табылды.

Read More

«AMANAT» партиясының делегациясы Әзербайжан астанасы Бакуде өткен Азия саяси партияларының халықаралық конференциясының (ICAPP) жанындағы Азиалық мәдени кеңестің 4-отырысына қатысты. Форум Азия құрлығындағы өзара түсіністік, ынтымақ және орнықты дамуды нығайтудағы мәдениеттің рөлін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды. Іс-шара «Ұлттық әралуандықтан жаһандық ынтымақтастыққа дейін: мәдениеттің жаңа әлемдік тәртіптегі рөлі» тақырыбында өтті. Оны ICAPP Тұрақты комитетінің қолдауымен «Yeni Azərbaycan» (YAP) партиясы ұйымдастырды. Форум жұмысына Азияның түрлі елдерінен жетекші саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар мен мәдениет саласының сарапшылары қатысты, Azattyq Rýhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай. Форум аясында қатысушылар Әзербайжанның көрнекті тұлғаларының рухына тағзым етіп, Құрмет аллеясы мен Шейіттер аллеясына гүл шоқтарын қойды.…

Read More

Абай облысында алаяқтық дерегі тіркелді. Аягөз ауданының 42 жастағы тұрғыны өз атына бірнеше банктен жалпы сомасы 5 миллион 460 мың теңгеге жуық онлайн несие рәсімделгенін біле сала полицияға арызданған. Полицияның тергеу жұмыстары барысында бұл қылмысқа 39 жастағы әйелдің қатысы бар екені белгілі болды. Ол өз танысының жеке деректерін пайдаланып, бірнеше банктің мобильді қосымшалары арқылы әлгі танысының атына несие рәсімдеп жіберген. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Read More

Қарағанды облысы мен Шымкент қаласында отбасылардың әл-ауқатын анықтайтын скорингтік модель арқылы мемлекеттен қолдау алғысы келгендер арасынан ауқатты адамдар табылған. Төрт мемлекеттік қызмет толығымен ілкі жобаға енген, 26,1 мың өтініш қаралды. Атап айтқанда, «Тұрғын үй көмегін тағайындау», «Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау» және «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» сияқты үш қызмет пилоттық аймақтарда скорингтік модель арқылы жүзеге асырылды. «Пилоттық жоба аясында тұрғын үй көмегі түріндегі қолдауға 1215 адам өтініш білдіріп, барлық өтініш қанағаттандырылды. Ал, жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялауға 1268 өтініш түскен. Олардың арасында 484 отбасының әл-ауқатының жоғары деңгейі анықталды»,…

Read More

Түркістан облысында әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазба полиция назарын аударды. Бұған дейін қымбат көліктерден құралған кортеждің жол ережесін өрескел бұзған сәті туралы жазған едік. Оқиға Сайрам ауданында болған. Тексеру нәтижесінде полицейлер Toyota, Lexus және Daewoo Nexia маркалы төрт көліктің жүргізушілерін анықтаған. «Жол белгілерінің талаптарын сақтамағаны және апатты жағдай туғызғаны үшін жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көліктер арнайы тұраққа қойылып, жүргізушілермен профилактикалық әңгіме жүргізілді», – деп мәлімдеді ІІМ баспасөз қызметі. Полиция өкілдері жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір жүргізушінің міндеті екенін, көліктің маркасы мен жүргізушінің әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, заң алдында бәрі тең екенін еске салды.  

Read More

Қазақстандағы оқушылардың бірінші тоқсандағы каникулы 7 күнге созылатын болды. Каникул 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғанда аяқталады. «Мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады», — деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі. Айта кетейік, оқушылар қысқы каникул мен көктемгі каникул кезінде 10 күннен демалады. Бірінші сынып оқушылары 9-15 ақпан аралығында қосымша демалады.

Read More

АҚШ-тың Техас штаты Чемберс округінде екі ер адам есірткі тасымалдады деген күдікпен ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, олар Қазақстаннан АҚШ-қа келген екі жігіт. Бұл туралы Azattyq Rýhy Чемберс округі шерифі кеңсесіне сілтеме жасап хабарлайды. Полицияның мәліметінше, 2025 жылдың 27 қыркүйегінде арнайы тергеу бөлімшесі Есірткімен күрес басқармасымен бірге I-10 автомагистралінде көліктерді тоқтатып, тексерген. Сол кезде көліктердің біріне ит үріп, полиция 35 келі кокаин тапты. Күдіктілердің аты-жөні – Нұрсұлтан Мұқтарәли (Нью-Йорк) және Мұхит Дәнібеков (Пенсильвания). Екеуіне де есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау айыбы тағылған. Бұл бірінші дәрежелі ауыр қылмыс саналады. Ер адамдар Чемберс округінің түрмесіне қамалған. Мұхит Дәнібековтің ағасы Жомарт Дәнібеков інісінің…

Read More

Шығыс Қазақстан облысының полициясы ірі қара ұрлап, оны сойып сататын екі жігітті қылмыс үстінде қолға түсірді. Дереккөзге сүйенсек, екі жігіт жақын маңдағы ауыл маңында жайылып жүрген малдарды ұрлап, оларды сол жерде сойып алатын көрінеді. Екі көлік мініп әрекет ететін олар ұрлаған малдың етін бір машинаға тиеп, екі көлікпен жолға шығады екен. Алдында келе жатқан көліктегі жігіт жол-жөнекей полиция көрсе, екіншісіне хабар беріп, жолды «тазалап» отырған. «Полиция оларды сондай бір қылмыстың үстінен ұстады. Бұл жолы олар ұрланған малды қораларына әкеп сойып жатқан. Жалпы, екі жігіттің төрт ұрлыққа қатысы бары анықталды. Жалпы залал мөлшері – 2,6 млн теңгеге жеткен», — деп хабарлайды…

Read More

Павлодар облысы, Солнечный ауылында тұратын ағайынды екі жігіт осыдан он күн бұрын аң аулауға шығып, содан қайтып оралмаған. Еріктілер 1973 жылы туған ер адамның мәйітін жақын маңдағы көлден тапқан. «1970 жылы туған Вячеслав Лукьянцев пен 1973 жылы туған Николай Лукьянцев 10 қазан күні Лада Нива маркалы көлікке мініп, Солнечный кентінен Қарағанды трассасына қарай аң аулауға кеткен. Ағайынды екі жігіт сондай-ақ резеңке қайықтарын алған. 14 қазаннан бастап олардың телефоны өшкен. 19 қазан күні көлден Вячеславтың бауыры Николайдың мәйіті табылды. Ал, Вячеславты іздестіру жалғасып жатыр», — деп хабарлайды еріктілер. Еріктілер көл маңынан жігіттердің көлігін, одан кейін қайығын тапқан.

Read More