Жаңалықтар

Елімізде «Қазақстан» деген аты бар 28 адам өмір сүріп жатыр

Ұлттық статистика бюросы елімізде 28 адамға «Қазақстан» деген есім берілгенін мәлімдеді.

Еліміз аттас жеті адам Қарағанды облысында, тағы алтауы – Ақмола облысында өмір сүреді екен. Қостанай мен Астанада «Қазақстан» атты 3 адам, Алматы, Маңғыстау облыстары мен Шымкентте екі адам өмір сүрсе, Ақтөбе, БҚО және Павлодар облыстарында «Қазақстан» есімді бір-бір адам бар.

«Осы 28 адамның ішінде бір әйелдің аты ғана Қазақстан. Жалпы, осы есіммен өмір сүріп жатқан ең кәрі адам 92-де, ал ең жасы – 25-те», — деп хабарлайды Статбюро.

Добавить комментарий