Павлодарда танысын зорлаған 35 жастағы ер адам бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық іс жабық қаралды, Irbistv.kz-ке сілтеме жасалған. Жантүршігерлік оқиғаның мән-жайы Қылмыстық іс екі бап бойынша қаралды. Тергеушілердің мәліметінше, осы жылдың мамыр айында ер адам мен қыз пәтерде бірге болған. Бір сағаттай ішімдік ішкен соң павлодарлық жігіт жыныстық қатынасқа түскісі келген. Алдымен жай сөзбен талап етіп, қыз көнбеген соң күш қолданады. Бәрібір дегеніне жете алмайды. Содан кейін ол резеңке шлангіні алып, жәбірленушінің жамбасы мен аяғынан ұра бастаған. Сот отырысында осы мән-жайдың барлығы зерттелді. «Қылмыстық кодекстің 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес, жеңілірек жазаны едәуір ауыр жазамен біріктіру арқылы қылмыстық құқық бұзушылықтың жиынтығы бойынша 5…
Автор: qaztimes
«Қазгидромет» 22 қазанға жасалған ауа райы болжамын жариялады. Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы -4 -6°С, күндіз +11 +13°С. Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Түнде +6…+8°C, күндіз +18…+20°C. Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Түнде +8…+10°C, күндіз +23…+25°C. Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 7-12 м/с. Түнде +8…+10°C, күндіз +18…+20°C. Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауып, желдің жылдамдығы 5-10 м/с жетеді. Түнде +5…+7°C, күндіз +9…+11°C. Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 2-7 м/с. Түнде +5…+7°C, күндіз +15…+17°C. Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 6-11…
2026 жылы наурыз айында Air Astana әуе компаниясы Токио – Алматы бағыты бойынша тікелей әуе рейсін ашады, Алматы әкімдігіне сілтеме жасап. Әкімдіктің есептеуінше, жаңа әуе қатынасы алғашқы жылдың өзінде Жапониядан 7 мыңға дейін турист қабылдауға мүмкіндік береді. «Бұл ақпарат Токионың жетекші туроператорлары мен қазақстандық туристік индустрия өкілдерінің кездесуінде белгілі болды», — деп жазылған хабарламада. Кездесуге мәдени, табиғи, премиум және MICE бағыттарында жұмыс істейтін Токионың 10 ірі туроператоры қатысты. Тараптар бірлескен туристік жобаларды, бағыттарды насихаттау жоспарын және Алматыдағы жапон туристері үшін «Шығыстың баурап алатын орталығы» ретінде имиджін қалыптастыру мүмкіндігін талқылады. Әсіресе, жапондар Тянь-Шань таулары, «Шымбұлақ» курорты, Шарын шатқалы сынды Алматының табиғи…
Петропавлда дәрігерлер жөндеу жұмыстары кезінде мойнына шеге қадалып қалған ер адамды ажалдан арашалап үлгерді. Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына 51 жасар ер адам құлақ маңындағы жарамен көмекке жүгінген. Ол жөндеу жұмыстары кезінде шегеге арналған пневматикалық құралдың шегесінен жарақат алған. «Рентген-зерттеуден кейін шегенің омыртқаның мойын бөлігінен өткені анықталды. Ер адамның көрер жарығы бар екен – өміріне маңызды органдары зақым алған жоқ», — деп жазды аурухананың баспасөз қызметі. Жақсүйек-бет хирургтары жарадан шегені алып, қарап, жараны өңдеді. Жара тігіліп, стерильді таңғыш салынғаннан кейін науқасқа ұсыныстар беріліп, үйіне жіберілді. «Мойын тұзына жарақат алу өте қауіпті – мойынның маңайынан үлкен тамырлар, нервтер, тыныс…
«Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өз алаңында Кипрдің «Пафос» клубымен тең ойнады. 90 минутқа созылған матчта қос команда да есеп аша алмады. «Пафос» 10 футболшымен ойнады. Матчтың алтыншы минутында «Пафос» ойыншысы қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған болатын. Топтық кезеңнің үшінші турындағы матч Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Ойын Астана уақытымен 21:45-те басталды. Кездесуді республикалық «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетті. Бұған дейінгі турларда «Қайрат» «Спортингке» 1:4 есебімен, ал «Реалға» 0:5 есебімен есе жіберген болатын. Ал «Пафос» «Олимпиакоспен» 0:0 есебімен тең ойнап, «Бавариядан» 1:5 есебімен ұтылған.
Семейде ата-аналар жаңа мектептің асханасында тамақтан кеміргіш табылғанын айтты. 11-сынып оқушысы сатып алған тағамнан тышқанның терісіне ұқсайтын қыл-қыбыр шыққан, деп КТК-ға сілтеме жасап хабарлайды. Семейдің білім бөлімі, санитарлық мамандар астың арасынан нақты не шыққанын анықтап жатқанын айтады. Алайда тазалыққа жауапты мекеме мектепте «тексеріс жүргізілген жоқ» деп отыр. Өйткені ата-аналардан арыз түспеген. Ал білім бөлімі санитарлар жалған сөйледі деп отыр. Тышқан қосылған тоқашты 11 сынып оқушысы мектептің асханасынан сатып алған. Бір тістегенде тіліне қыл-қыбыр жабысқан. Денесі түршігіп, жиіркеніп қалған ол, бірден директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына хабарлапты. Алайда мектеп ұжымы бұл мәселені сыртқа шығармауға тырысқан дейді ата-аналар. Ата-аналардың айқайынан кейін білім…
Вьетнамның Хайфон қаласында академиялық ескек есуден ересектер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Аталған додада Қазақстан құрамасы 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. W8+ қашықтықта күміс медаль иегерлері: Медина Қоңырбаева, Варвара Белоногова, Анжела Полянина, Анастасия Кулинич, Мелани Жакупова, Екатерина Носкова, Тамара Первушкина, Валентина Волкодавова, Мария Лебедева. Сондай-ақ Мария Чернец, Екатерина Носкова, Роза Кеңес, Ирина Чудина екінші орын алды (Lw4x). Жарысты қола жүлдемен аяқтаған спортшылар: Мария Чернец (Lw1x), Артем Матусевич (Lm1x), Владислав Яковлев пен Иван Чернухин (M2х). Айта кетері, құрлық біріншілігіне 18 елден 232 спортшы қатысты.
Алматы облысындағы Саты ауылы Дүниежүзілік туристік ұйымның ең үздік ауылдар тізіміне енді. Бұл туралы «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Даниел Сержанұлы Айкерім Есенәлінің «Shynaiy» сұхбатында айтты. Қазіргі таңда 100 шақты үйі бар Саты ауылы тек қана туризммен тыныстап отыр. Жергілікті тұрғындар ауылды демалыс аймағына айналдырған. «Жергілікті тұрғындар қосымша бөлмелерін туристерге дайындап қойған. Келген қонақтарды үйлеріне қабылдайды, қонаүйдегідей толық қызмет етеді. Қазір ол жерде 30 шақты қонақүй де салынды. Осылай экономикалық тұрғыда туризм бір ауылдың табыс көзіне айналып отыр. Қазір Саты ауылы Дүниежүзілік туристік ұйымның ең үздік ауылдардың тізіміне енді. Бұл — мақтанатындай жағдай», — дейді Даниел…
Астанада қазақ кино тарихындағы алғашқы jukebox мюзикл – «Бақыт құшағында» көркем фильмінің тұсаукесері өтті. Премьераға өнер қайраткерлері, Мәжіліс депутаттары мен қоғам белсенділері қатысты. Шара барысында Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен арнайы перфоманс қойылып, Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың фильм ұжымына арналған құттықтау хаты оқылды. «Фильмнің жарық көруімен шын жүректен құттықтаймын. Осы орайда актерлерге, түсірілім тобына және жобаны жүзеге асырған барша азаматқа алғыс білдіремін. Алдағы жұмыстарына табыс тілеймін. Жаңа туындының көрермені көп болсын», – делінген хатта. Фильмнің режиссері – Санат Шапашев, продюсері – Анель Оспанова, диджитал продюсері – Айкерім Есенәлі. Басты рөлдерде Дәурен Серғазин мен Әлия Әнуарбек ойнайды. Сондай-ақ актерлер құрамында Шах-Мұрат Ордабаев…
Танымал пародист Олжас Сыдықбек «Хабар» телеарнасындағы «КЕШREC» бағдарламасында әнші Ұлықпан Жолдасовты қатты ашуландырып алғанын айтты. «Ұлықпан ағамның қатты жынданған кезі болды. Әзілдейміз деп, ол кісіні екі күн уайымға салып қойыппыз. Ұлықпан ағаны алдайықшы деп, телефон шалдырған Мейрамбек болатын. Бір жерде отырып Ұлықпан ағаны шақырдық. Маған басқа біреудің атынан қоңырау шалдырып, «салықтан жалтарғаныңыз үшін ескерту келіп жатыр» деп айт деді. Ол кісі «Димашты күтіп алуға Астанаға кетіп бара жатырмын. Келгеннен соң міндетті түрде барамын» деп жауап қайтарды. Ол жақта сотқа кетіп бара жатырмын ба деп уайыммен жүрген ғой. Үлкен кісілерге айтқан, үйдегі жеңгейге айтқан. Екі күннен кейін Мәкеңдер күтіп алады…