Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичиге құттықтау хатын жолдады, Ақордаға сілтеме жасап. «Қасым-Жомарт Тоқаев Санаэ Такаичиді Премьер-министр лауазымына сайлануымен құттықтап, Жапонияның игілігі жолындағы бастамаларына сәттілік тіледі», — деп жазылған хабарламада. Сонымен қатар Президент Қазақстан-Жапония қарым-қатынасын одан әрі нығайтып, екі елдің стратегиялық серіктестігін жаңа деңгейге көтеру үшін бірлесе күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, Жапония тарихында алғаш рет әйел адам премьер-министр болды. Бұл тарихи жетістікке Санаэ Такаичи парламент дауыс бергеннен кейін қол жеткізді. Сондай-ақ бүгін жаңа премьер-министр сайлауы қарсаңында Сигэру Исиба бастаған үкімет түгелдей отставкаға кеткені хабарланды.
Автор: qaztimes
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтті. Ақорданың мәліметіне сүйенсек, жиынның күн тәртібінде көлік, логистика, цифрландыру, отын-энергетика кешені, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері қаралған. «Кеңес екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша ортақ шешім шығаратын тиімді алаңға айналды. Әзербайжан – Қазақстан үшін ерекше ел, бауырлас мемлекет. Бізді ортақ тарихи тамырластық, бай рухани-мәдени мұра біріктіреді, менталитетіміз бен ұстанымдарымыз ұқсас. Сан қырлы ынтымақтастығымыз осы мызғымас құндылықтардың негізінде дамып келеді. Ильхам Гейдар оглу, Сіздің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарыңыздың маңызы зор. Сіздің сапарыңыз екі ел арасында Стратегиялық серіктестік және одақтастық туралы шартқа…
Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Лувр мұражайынан ұрланған қымбат қазынаны сатып алып, сақтауды қалайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Дуров құнды заттарды сатып алса, оларды Абу-Дабидегі Лувр филиалына тапсыратынын атап өтті. Ол жақтан ешкім «ұрлап кете алмайды» деп сендірді. Ол бұл жағдайға мүлдем таң қалмағанын, тіпті «Францияның құлдырауының белгісі» деп бағалады. Оның пікірінше, француз билігі нақты мәселелерді шешпестен, азаматтардың назарын елеусіз қауіптерге бұруда. Еске салсақ, Парижде әлемдегі ең әйгілі мұражайлардың бірі Луврды қарақшылар 7 минутта тонап кеткен. Сарапшылардың айтуынша, ұрланған бұйымдардың жалпы құны кемінде 60 миллион еуроға тең. Ұрылар Наполеон әулетіне тиесілі бағалы бұйымдарды алып…
Ауылдағы медбике Әлия Хасенова өз еңбегін жай қызмет емес, адамға жылу сыйлайтын игі іс деп біледі, деп жазады Azattyq Rýhy. «Мейірбике ісі тек медициналық көмек көрсету емес, бұл адамға жан жылуын сыйлау, науқасқа сенім ұялату. Көп жылдық тәжірибемде байқағаным – жақсы сөздің өзі кейде ең мықты дәріден де әсерлі», – дейді ол. Қаладағы медицина мен ауылдағы жағдайды салыстыру қиын. Ауылдық мейірбике бір мезетте дәрігер де, кеңесші де, сырлас та бола білуі тиіс маман. Ауыл мейірбикесі ауылда алғашқы медициналық көмек көрсететін, екпе егетін, дәрі-дәрмек тарататын және халықтың денсаулығын бақылайтын негізгі тұлға. «Ауылдық жерде жұмыс істеу – ерекше жауапкершілік. Кейде түн…
АҚШ-тағы 43 жастағы мектеп психологі Шерил Харрис Гейтс күйеуін уламақ болды деген күдікпен сотқа тартылмақ, деп жазады Azattyq Rýhy. Тергеу дерегінше, әйел күйеуін улауға әрекет жасап, жасанды интеллект ChatGPT-ден кеңес алған. Тергеу материалдарына сәйкес, Гейтс чатботтан рецепттік дәрілердің қауіпті комбинацияларын және улы өсімдіктердің әсерін сұраған. Алынған мәліметтерді ол күйеуіне арналған энергетикалық сусынға (Celsius) психоактивті заттар қосу арқылы пайдаланған. Полиция тінту кезінде күдіктіден шприцтер, қолмен жасалған бірнеше капсула, пипетка, өлшеуіш құралдар және медициналық препараттар тапқан. Тергеу мәліметінше, шілде мен тамыз айларында жәбірленуші ер адам екі рет өзін нашар сезініп, сусыннан бөгде заттардың дәмін байқаған. Осы деректер іс бойынша негізгі айғақ ретінде…
Бүгін Ақордада Қазақстан мен Әзербайжан тарапы 15 түрлі құжатқа қол қойды. Ақорда жазғандай, Тоқаев пен Әлиев бірлескен мәлімдемеге де қол қойған. «Келіссөз қорытындысы бойынша президенттер Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының арасындағы Стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастар туралы шарттың қол қойылғанына 20 жыл толуына орай Бірлескен мәлімдеме қабылдады», — деп хабарлайды Ақорда. Жалпы, Әзербайжан Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында энергетика, көлік-логистика, цифрландыру, жасанды интеллект, өнеркәсіп қауіпсіздігі, денсаулық сақтау, статистика салаларындағы және мәдени-гуманитарлық байланыстар бағытындағы ынтымақтастық жөнінде 15 құжатқа қол қойылды.
Жамбыл облысы Сарысу ауданының соты баласын ұрып-соққан әкеге қатысты істі қарады. Сот материалдарына сүйенсек, оқиға биыл жазда болған. Айта кетейік, бұл отбасы Сарысу ауданының Жаңатас ауылында тұрады. «Сотталып отырған ер адам 2025 жылы шілдеде, түскі сағат 12.00-де баласының бетінен ұрып жіберген. «Балам түнімен телефон көріп, таңертең уақытында оянбайды» деп ашуланған әке осылайша баласын тәрбиелегісі келген», — деп хабарлайды сот. Сотта мемлекеттік айыптаушы әкесін 100 сағат қоғамдық жұмысқа жегу жазасын ұсынған. Ер адамның әйелі, яғни, баланың анасы күйеуін кешірген. Дегенмен, сот әрекеттің заңсыздығы мен қылмысты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, ер адамға қатысты үкім шығарған. «Сот азаматты Қылмыстық кодекстің 1-бабы,…
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев екіжақты келіссөз және Қазақстан – Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесі отырысының қорытындылары бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өткізді. Ақорда жазғандай, алдымен Тоқаев сөз сөйлеп, шақыруын қабыл алған және Астанаға мемлекеттік сапармен келген Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке шынайы ризашылығын білдірді. «Мен бұл сапарға ерекше мән беріп отырмын. Бауырлас Әзербайжан халқының басшысын, аса көрнекті мемлекет қайраткері Президент Ильхам Әлиевті қазақ жерінде қарсы алу – біз үшін зор мәртебе. Екі елдің тамыры – бір, тарихы – ортақ. Әзербайжан – Қазақстанның маңызды әрі сенімді стратегиялық серіктесі. Бүгінде қарым-қатынасымыз тұрақты дамып келеді. Біз өзара байланысымызды күшейтуге айрықша көңіл бөлеміз.…
Қазақстан мен Әзербайжан стратегиялық серіктестікті тереңдетіп, жаңа экономикалық жобаларды іске асыруға келісті. Ақорда жазғандай, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен өткен келіссөздер барысында бұл сапардың екі ел арасындағы Стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастар туралы шарттың 20 жылдығымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, осы жылдар ішінде Қазақстан мен Әзербайжан екіжақты ынтымақтастықты дамытуда зор табысқа қол жеткізді. «Халықтарымыздың достығы мен өзара қолдауының, жоғары деңгейдегі саяси диалог пен үкіметтердің жүйелі жұмысының арқасында қазақ-әзербайжан ынтымақтастығы жаңа мазмұнмен толығып келеді. Бүгінгі келіссөздер – соның айқын дәлелі. Біз сенім мен өзара құрмет рухында кең ауқымды мәселелерді талқыладық, Жоғары мемлекетаралық…
Полицейлер бір күннің ішінде мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы екі жалған хабарламаны анықтады. Полицияның мәліметінше, бірінші жағдай Петропавл қаласында тіркелген. 112 нөміріне орта мектептердің біріне бомба қойылғаны туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына дереу полиция мен жарылғыш заттарды залалсыздандыру мамандары келгенімен, күдікті заттар табылмады. Жедел-іздестіру шаралары барысында жалған хабар таратқан адамның 9-сынып оқушысы екені анықталды. Оның психиатриялық есепте тұрғаны белгілі болды. Осындай тағы бір жағдай Алматы облысының Қарасай ауданында тіркелген. Белгісіз адам Қаскелең қаласындағы мектептердің біріне жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған. Тексеру кезінде ешқандай бомба табылмады, ал көп ұзамай полицейлер 16 жастағы жасөспірімді ұстады. Аталған екі факт бойынша да қылмыстық іс қозғалды. …