Автор: qaztimes

Алматыда фильм түсіріп жүрген топты полиция жазалап, түсірілім кезінде жалған нөмір қолданды деп айыптап, сот арқылы жүргізуші куәліктерінен 1 жылға айырып тастаған. Бұл жайлы «ОЯН, ҚАЗАҚ!» фильмінің бас продюсері Айсәуле Әбілда әлеуметтік желісінде мәлім етті. «5 қазан күні Алматы қаласында полиция кино түсіріп жүрген топты тоқтатты. Сценарий бойынша оқиға 2004 жылды бейнелеуі тиіс болғандықтан, түсірілімге қатысқан үш көлік сол кезеңнің мемлекеттік нөмірлерін таққан. Алайда Әл-Фараби мен Достық көшелерінің қиылысында қозғалыста жүрген сәтте тәртіп сақшылары сол үш машинаны тоқтатып, жалған нөмір қолданды деген айыппен хаттама толтырған. Олардың қолында Алматы қалалық мәдениет басқармасынан алынған ресми рұқсат және қалалық полиция департаментінің назарға алғаны…

Read More

Астанада тұратын көпбалалы ана (оның үшеуі кәмелет жасына толмаған) банкрот бола жаздаған. Алайда, қазір тұрақты жұмысы бар болғандықтан, ол сотқа жүгініп, банкроттықтың орнына төлем қабілетін қалпына келтірген. Астана соттарының мәліметіне сүйенсек, қиын жағдайға тап болған кезде ол әйел 2018 жылдан 2024 жылға дейін ол жалпы сомасы 4,6 миллион теңгеден астам несие мен микронесие рәсімдеген екен. «Несиеге алған ақшаның бір бөлігі эпилепсиямен ауыратын, ІІ топ мүгедектігі бар жұбайының еміне жұмсалған», — деп хабарлайды Астана соттары. Кезінде кәсібі бар әйел 2021 жылы оны тоқтатуға мәжбүр болған. 2022 жылы акционерлік қоғамға жұмысқа тұрып, қазір 240 мың теңге жалақы алады екен. Жолдасы екеуінің иелігінде…

Read More

Бүгін Мәжіліс кулуарында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеменің болашақта қымбаттауы туралы сұраққа: «білмеймін» деп жауап берді. Оның айтуынша, бұл мәселе ақша-несие саясатының отырысында қаралады. «Базалық ставканы көтересіздер ме?», — деп сұрады бүгін редакция тілшісі Ұлттық банк төрағасынан. «Білмейміз. Бұндай шешімді тек қана факторға сүйеніп қабылдаймыз. Ақша-несие саясатының биылғы соңғы отырысы қарашаның ортасында өтеді. Жаңартылған ақпараттарды талдай келе, шешім қабылдаймыз», — деді Сүлейменов. Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті биыл 10 қазанда базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 18% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдаған болатын.

Read More

Республика күні қарсаңында «AMANAT» партиясының Қызылорда облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері «Анаға тағзым» рухани-мәдени орталығында арнайы экскурсия ұйымдастырды. Экскурсияға 50-ге жуық қыз бала қатысып, орталықтың жұмысымен және ондағы экспозициялармен танысты. Жиналғандар ұлттық құндылықтар, ананы құрметтеу дәстүрі мен әйелдің қоғамдағы рөлі туралы кеңінен мағлұмат алды. Жастарға арналған шеберлік сабақтары, психологиялық тренингтер және танымдық дәрістер өтті. «Анаға тағзым» орталығы – өңір басшысының бастамасымен салынған ұлттық үлгідегі мәдени-әлеуметтік нысан. Мұнда ұлттық дәстүрлер мен әйел еңбегін дәріптеу, сондай-ақ қыз-келіншектердің рухани және тұрмыстық әлеуетін арттыру бағытында түрлі жиындар өтеді. «Жастар Рухы» облыстық филиалының төрағасы Әсетхан Баймырзаның айтуынша, мұндай жобалар жастардың тарихи санасын…

Read More

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов халыққа берілетін несиелердің көлемін шектеу қажеттігін айтты. «Жеке тұлғаларға берілетін несиені шектеу керек. Несиелеу көлемін көрсететін негізгі көрсеткіш бар, ол биыл 16 пайыз болды. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 30 пайызға жеткен. Демек, биыл несиелердің берілуі екі есеге азайды», — деді Сүлейменов. Оның айтуынша, несиелеуді шектеу қаржы нарығындағы тұрақтылықты сақтау және азаматтардың шамадан тыс қарыз жүктемесіне жол бермеу үшін қажет. Бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі де тұтынушылық кредиттердің санын шектеу үшін жаңа талаптар енгізетінін мәлім еткен. Енді банк несиесін 30 күнге, ал микрокредит төлемін бір күнге кешіктірген азаматтарға кепілсіз тұтынушылық несие…

Read More

Қазақстан Үкіметі елдегі инфляцияны 2026 жылы 9-11 пайызға, 2027-2028 жылдары орташа 6 пайызға дейін төмендетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин таныстырған 2026 – 2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында айтылған. Базалық нұсқаға сәйкес, 2026 жылы жалпы ішкі өнім нақты 5,4 пайызға өседі деп болжанып отыр, ал үш жылдағы орташа жылдық өсім 5,3 пайызды құрамақ. Номиналды жалпы ішкі өнім 2026 жылғы 183,8 трлн теңгеден 2028 жылы 229,8 трлн теңгеге дейін артады. «Инфляция болжамы 2026 жылы 9,0-11,0 пайыз, 2027 жылы және 2028 жылы орташа 6,0 пайыз деңгейінде айқындалған», — деп мәлімдеді Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында.…

Read More

Жұмыс таңдау кезінде жұмыссыз қалу ықтималы бар. Жасанды интеллект дамыған сайын кейбір мамандықтар қажеттілігін жоғалтуы мүмкін. Microsoft компаниясының зерттеулеріне сәйкес, ең үлкен қауіп гуманитарлық салада байқалады. Қазірдің өзінде нейрожелі аудармашылар, тарихшылар және жазушылардың міндеттерін орындай алады. «Мәселен, аудармашылардың жұмысының 98 пайызы, тарихшылар, математиктер мен редакторлардың 90 пайыздан астам жұмысын жасанды интеллект істей алады», — деп хабарлады телеарна. Стюардессалар мен кондукторлардың жұмысында да, дауыстық нұсқаулардан бастап жолаушыларға жеке қызмет көрсетуге дейінгі функциялар автоматтандырылады. Алмастыру қаупі жоғары кәсіптер қатарына сауда өкілдері де енеді. Ал, жасанды зерде алмастыру қаупі төмен жұмыс топтарына денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, құрылыс және тау-кен өнеркәсібі сияқты мамандықтар кіреді.…

Read More

Келесі аптада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Финляндия президенті келеді. Бұл туралы Ақорда хабарлады. «28-29 қазан күндері Қазақстан Президентінің шақыруымен Астанаға Финляндия Президенті Александр Стубб ресми сапармен келеді», — деп жазған Ақорда. Сапар аясында мемлекет басшылары келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасын, сондай-ақ жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.

Read More

Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыздың ар-намысына қатысты қылмыс фактісі бойынша тергеу жүріп жатқанын Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да мәлім етті. «Біз бұл істі ІІМ және облыстық прокуратурамен бірлесе қарап жатырмыз. Қыз бала қаңтар айында босанған, ал анасының атынан шағым қазан айында түскен. Қыз Астана қаласында босанған кезде аурухана бұл туралы полицияға хабарлаған. Астана қаласы полиция департаменті фактіні қылмыстық іс тіркеу кітабына енгізіп, істі аумақ бойынша Түркістан облысына жіберген. Алайда облыстың Келес аудандық полиция бөлімі істі номенклатуралық іс ретінде есептен шығарып тастаған», — дейді Динара Зәкиева. Осы дерек бойынша ІІМ мен облыстық прокуратура тексеру жүргізіп жатыр. Өңірлік уәкіл қазіргі…

Read More

Астанада жалдамалы жүк тасушы 1 млн теңгенің мүлкін ұрлап кеткен, ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Астана қаласы Алматы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ұрлық дерегін жедел ашты. Белгілі болғандай, жалдамалы жүк тасушы пәтер көшіру кезінде үй иесінің алтын бұйымдары мен смарт-колонкасын жасырын ұрлап кеткен. «Алдын ала мәлімет бойынша оқиға тұрғын үйді көшіру барысында болған. Күдікті жәбірленушіге көмектесіп жүріп, үй ішіндегі алтын әшекейлер мен «Алиса» смарт-колонкасын ұрлап әкеткен. Келтірілген материалдық шығын шамамен 1 миллион теңгені құрайды», — деп жазылған хабарламада. Полицияның жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті ұсталып, ұрланған заттардың бір бөлігі тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі…

Read More