Автор: qaztimes

Әлеуметтік желіде Алматыда белгісіз жас жігіттің күтпеген жерден ер адамға жұдырық жұмсағаны жайлы видео тарады. «Оқырмандарымыз Алматыда жасырын және күтпеген жерден адамдарға жұдырық ала жүгірген жас жігітті байқап қалғанын хабарлады. Жәбірленуші Алмалы аудандық полиция басқармасына арызданған», — делінген хабарламада. Видеодан екі жігіттің жанжалдасып жатқанын, содан кейін үшінші жігіт оларға жақындап, біреуін бір ұрып құлатып, кетіп қалғанын көруге болады. «Жанжалға қатысушылардың барлығы анықталып, ұсталды. Олардың әрекетіне заңға сәйкес жан-жақты құқықтық баға беріледі», — деп хабарлады Алматы полиция департаменті. Полиция кез келген дау тек заң жолымен шешілуі керек екенін атап өтті. «Біз азаматтарды эмоцияға берілмеуге және ауыр зардаптарға әкеп соқтыратын төбелесті бастамауға…

Read More

Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді, жаңбыр жауады. Дабылды ескерту жарияланды. Оралда тұман түседі. Қарағанды ​​облысында 15-20 м/с жел соғады. Батыс Қазақстан облысында қатты жаңбыр жауып, тұман түседі, жел күшейеді, төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында, Атырау, Абай облыстарында тұман түсіп, өте жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау, Жезқазған, Қызылорда қалаларында, Ұлытау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Read More

Шымкент қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қуаныш Дәулетәлиевке сот екінші рет іздеу жариялады. Ол «Қорлау» бабымен айыпталып, ісі сотқа өткен еді. Жәбірленушінің айтуынша, экс-депутат оның ар-намысына тиетін сөздер айтып, балағаттаған, деп хабарлады Otyrar.kz-ке сілтеме жасап. Экс-депутат тағы да сотқа келмеді Сот жабық өткен. Іс бойынша үкім шығаруға жақындаған болатын. Сот кабинеті жүйесіндегі мәліметке қарағанда, судья бүгінгі сот отырысына айыпталушыны мәжбүрлеп, күшпен жеткізуге қаулы еткен. Бірақ полиция экс-депутатты сот отырысына жеткізе алмады. Іс бойынша жәбірленуші деп танылып, жекеше айып түсірген Ескендір Жамбаев Дәулетәлиев ар-намысыма тиді, балағаттады дейді. «Балағаттап, ар-намысыма тиіп, қорқытып, өзі қоқан-лоқы көрсетті. Оның өзінің екі баласын айыптап, арыз жазған…

Read More

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында екі ел арасындағы достықты және ынтымақтастықты ерекше атап өтті. Президенттің сөзінше, Құрманғазы атындағы балалар шығармашылығы орталығы белсенді жұмыс істеп жатыр, оны екі ел басшысы бірге ашқан. «Бұл сый үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Қазіргі таңда орталықта жүзге жуық бала білім алып жатыр. Практикалық қызметінен бөлек, бұл орталық екі ел арасындағы достықтың бір көрінісі болып отыр», — деді ол. Гуманитарлық ынтымақтастыққа қатысты Ильхам Әлиев Қазақстан мен Әзербайжанның мәдениет күндері өткен жылдары екі елде өткізілгенін атап өтті. Ол мұндай шаралардың тұрақты және жүйелі түрде өтуі қажет екенін, мәдени өзара іс-қимыл жол картасын жасап,…

Read More

Ақтөбеде «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Тең мүмкіндіктер» атты балалар инклюзивті спорт фестивалі ұйымдастырылды. Шараға өңірдегі 47 білім беру ұйымынан 144 оқушы қатысты, партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Фестивальде 5–8 сынып оқушылары үш спорт түрі – бочча, жеңіл атлетика элементтері және көңілді старттар бойынша сайысты. Барлық жарыс кезеңдері қатысушылардың жеке ерекшеліктеріне бейімделіп өткізілді, бұл әр балаға өз мүмкіндігін көрсетуге және жарыстың қызығына бөленуге жағдай жасады. Ата-аналардың бірі Райымбек Бергалин инклюзивті спорттың маңызын атап өтті. «Президент Жолдауында мүмкіндігі шектеулі адамдарды қоғамға бейімдеу мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Осындай спорт фестивальдері арқылы үйден оқитын балалар сыныптастарымен бір алаңда ойнап, өздерін…

Read More

Қазақстандағы жалғызбасты аналар – қоғамдағы ең еңбекқор әрі ең осал топтардың бірі. Олар күн сайын балаларының қамы үшін тынымсыз күресіп, осы күресте көбіне жалғыз қалады. Үкімет пен әлеуметтік институттардың қолдауы бар болғанымен, нақты өмірде бұл әйелдердің мойнында тек материалдық емес, психологиялық та ауыртпалық бар, деп жазады Azattyq Rýhy. Осы тұрғыда «AMANAT» партиясы бастаған «Қарызсыз қоғам» жобасы соңғы жылдары жалғыз аналар үшін жаңа үміттің нышанына айналды. Жоба тек қарыз мәселесін шешумен шектелмей, қаржылық сауаттылықты арттырып, азаматтардың заңдық құқықтарын қорғауға бағытталған жүйелі экожүйе қалыптастырды. Оның көмегімен мыңдаған әйел банкроттық рәсімінен өтіп, аресттен құтылып, төлем кестесін қайта қарап, өз өмірін қайта құруға мүмкіндік…

Read More

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллинг қоғамда жіті назар аударуға қажет ететін күрделі мәселеге айналып отыр. Жоғары сынып оқушыларынан немесе қатарластарынан ұзақ уақыт бойы психологиялық, физикалық қысым көрген, мазаққа ұшыраған баланың ішкі күйзелісі күшейіп, кей жағдайда суицидтік ойларға әкелуі мүмкін. Елімізде ұлт болашағына үлкен қауіп төндіретін осындай мәселені шешіп, оның алдын алу бағытында мемлекет пен жергілікті атқарушы органдар тарапынан кешенді шаралар қолға алынған. Қазақстан бойынша балалардың психикалық денсаулығын сақтау, буллинг пен суицидтің алдын алу мақсатында түрлі бағдарламалар мен жобалар жүзеге асырылуда. Олардың қатарында «Кәмелетке толмағандарға бақылау және психологиялық қолдау» бағдарламасы, «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау және олардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі 2023–2025 жылдарға…

Read More

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Астанадағы Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығына барып, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы жаңа жетістіктермен танысты. Ақорда хабарлауынша, премьер-министрдің орынбасары әрі жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев AI-Driven Government ахуалдық орталығының тұжырымдамасын таныстырды. Бұл жүйе мемлекеттік үдерістерді басқару мен талдауға және GovTech шешімдерін қабылдауға арналған. Екі президент сондай-ақ Smart City технологиялары, робототехника аймағы, және түрлі салаға жасанды интеллектіні енгізуге бағытталған «Самұрық-Қазына» қорының жобаларын көрген. Мемлекет басшылары Astana Hub инновациялық кластерін де аралап көрді. Қазіргі таңда мұнда 1800-ден астам IT-компания мен стартап, соның ішінде шетелдік үлесі бар 460-тан астам компания…

Read More

Әзербайжан Арменияға қатысты жүк тасымалына қойылған шектеуді алып тастаған соң, ең алдымен Қазақстанның бидайын жіберді. Бұл туралы бүгінде Қазақстанда мемлекеттік сапармен жүрген Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев мәлімдеді. «Әзербайжан оккупация басталғанда күшіне енген жүк тасымалының шектеуін бәрін алып тастады. Арменияға алғашқы жүк транзиті ретінде қазақстандық бидай жіберілді. Бұл Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік қағаз жүзінде қалмай, нақты орнағанын көрсететін жарқын мысал», — деді Әлиев. Айта кетейік, биыл тамызда Армения мен Әзербайжан қақтығысты реттеу туралы келісімге қол қойған болатын.

Read More

Бүгін 21 қазан күні «Қайрат» клубы өз алаңында УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі екінші кездесуін өткізеді. Алматы командасының қарсыласы – Кипрдің «Пафос» клубы. Матч қашан басталады Группалық кезеңнің үшінші турындағы ойын Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Ойын Астана уақытымен 21:45-те басталады. Матчты қайдан көруге болады Кездесудің ресми тікелей эфирін республикалық «Qazaqstan» телеарнасы көрсетеді. Алдыңғы ойындардың нәтижесі Бұған дейінгі турларда «Қайрат» «Спортингке» 1:4 есебімен, ал «Реалға» 0:5 есебімен есе жіберген. Ал «Пафос» «Олимпиакоспен» 0:0 есебімен тең ойнап, «Бавариядан» 1:5 есебімен ұтылған. Айта кетейік, «Қайрат» – «Пафос» ойынына байланысты Алматы қаласында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

Read More