Автор: qaztimes

Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози бес жылға бас бостандығынан айырылды. Ол дүйсенбі күні Париждегі «Санте» түрмесіне өз еркімен келіп, жазасын өтеуді бастады, деп хабарлайды Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Франция тарихында түрме жазасына кесілген алғашқы экс-президент Саркози әзірге жеке камерада отырады. Ол жерде душ пен телефон бар. «Мен түрмеден қорықпаймын. «Санте» түрмесінің алдында басымды тік ұстап тұрамын», — деді Саркози Tribune Dimanche басылымына берген сұхбатында. Сот үкімі 25 қыркүйекте шыққан болатын. Бірақ ол кезде залда қамауға алынбай, Саркозиге өз шаруаларын аяқтап, түрмеге келуге рұқсат берілген. 2007–2012 жылдары Франция президенті болған Николя Саркозиге Ливияның бұрынғы басшысы Муаммар Каддафиден өзінің сайлау науқанын…

Read More

ҚР Қаржы министрлігінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін енді Серік Мәнізоров басқаратын болды. Бұл туралы министрліктің ресми сайтында жарияланған. Айта кетейік, Серік Мәнізоров кезінде Алматы облысы әкімінің орынбасары болған Бағдат Мәнізоровтың ұлы. Осыдан алты жыл бұрын Алматы облысы әкімінің орынбасары болған Бағдат Мәнізоров «қызметін асыра пайдаланып, аса ірі көлемде алаяқтық жасады» деген күдікке ілінген болатын. Бірақ, сол кездегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі оның үстінен қылмыстық іс қозғаса да Бас прокуратура алдымен қылмыстық істі сұратып алып, кейін қылмыс құрамы жоқ деген себеппен оны мүлде жауып тастаған. Ал, оның баласы Серік Мәнізоров 2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану»…

Read More

Мәжілісінің депутаты, Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев бүгін Мәжіліс танысқан 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын талқылай отырып, алты маңызды дүниені атап өтті. Оның айтуынша, республикалық алдағы үш жылдағы ел дамуын айқындайтын маңызды құжат. Онда ең алдымен Мемлекет басшысының Жолдауларында, сайлауалды бағдарламасында қойылған міндеттер қамтылуы керек. «Десе де, бұл бағытта әлі де өзекті мәселелер жетерлік. Сондықтан бюджетті әлі де пысықтау, тиімділігін арттыру бойынша келесі жайттарға назар аударған жөн», — деген ол алты мәселені атап өтті. Бірінші. Мемлекеттік сыртқы қарыздың шектен тыс өсуі. Қазіргі таңда мемлекеттік борыш көлемі шекті межеден асып кетті, дейді Бейсенбаев. 2028 жылға қарай жалпы қарыз…

Read More

Бүгін Мәжіліс 2026-2028 жылдарға арналған Республикалық бюджетті мақұлдады. 2026 жылы түсімдер 19,2 трлн теңге, 2027 жылы 21,2 трлн теңге, ал 2028 жылы 23,2 трлн теңге көлемінде болжанып отыр. Шығыстар тиісінше 27,7 трлн, 28,7 трлн және 29,7 трлн теңге көлемінде болады деп жоспарланған. Сонымен қатар Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің көлемі жыл сайын шамамен 2,8 трлн теңге болады. Сондай-ақ, үкімет 2026 жылы өңірлерге бөлінетін шығындарды 700 млрд теңгеге азайтып, 5,1 трлн күйінде қалдырған. Өзге де шығындары да қысқарып, 1,7 трлн теңге деңгейінде белгіленді. Сондай-ақ, 2026 жылы жаңа жобаларды қаржыландыру көзделмей отыр – барлық қаражат тек бұрыннан жалғасып келе жатқан жобаларға бағытталады.

Read More

Мәжіліс төрағасы, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов депутаттар қабылдаған үш жылғы республикалық бюджеттің басты ерекшелігін атады. Оның айтуынша, депутаттар тарапынан бюджеттің жобасына ескертулер де айтылған. «Бүгін біз Республикалық бюджетті жан-жақты талқыладық. Парламенттік фракциялардың бәрі өз ұстанымдарын білдірді. Біраз ескерту де айтылды, сонымен бірге көптеген конструктивті ұсыныс да берілді. Үкімет осы ескертпелер мен ұсыныстардың барлығын міндетті түрде ескеруге тиіс. Өйткені еліміз алдағы жылдары осы құжатқа, яғни Республикалық бюджетке сүйеніп тіршілік етеді», — дейді Қошанов. Қошановтың пайымынша, бұл бюджет – Ұлттық қорға сүйенбеген алғашқы бюджет. «Бұл бюджет мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі мен фискальды саясат саласындағы реформалар негізінде қалыптасқанын атап өткен жөн. Бюджет…

Read More

Екінші тоқсан бастала сала оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барады. Бұл туралы министр бүгін Мәжіліс кулуарында журналистердің оқушылар арасында өлім-жітімге қатысты сұрақтарына жауап бере отырып мәлім етті. «Мен үшінші қараша күні Жамбыл облысына іссапармен бара жатырмын. Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің есебі бар, Бас прокуратураның есебі бар, ішкі істер министрлігі және депутаттар бірігіп, үйлестіру кеңесін өткіземіз», — деп мәлім етті Сүлейменова. Министр бұл облыста оқушылар төбелесіп, бірнеше бала көз жұмғанын білемін дейді. Оның үстіне, министр сол балалардың біразы тіпті «қауіп аймағында» болған. «Ең өкініштісі, жергілікті атқарушы органдар бала құқықтары жөніндегі уәкілдің, ішкі істер министрлігінің айтқан ұсыныстарын назарға алмаған.…

Read More

Алдағы бес жылда Қазақстанда табыс декларациясы жойылуы мүмкін. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа Салық кодексінде декларацияны алдын ала толтыру режимі қарастырылған, бұл салық есептілігін тапсыру рәсімін едәуір жеңілдетеді. «Егер біз бақылау-кассалық аппараттар арқылы немесе басқа дереккөздерден ақша айналымын көретін болсақ, онда декларацияны толтыру бойынша сервис ұсынамыз. Жалпы алдағы бес жыл ішінде декларация тапсырудың өзі тоқтауы мүмкін, себебі қазірдің өзінде барлық мәлімет ашық. Біз төлемдерді көріп отырамыз, алушылар деректерін көрсетеді. Сондай-ақ, табысқа қатысты деректерді де көріп отырмыз, өзге мемлекеттік органдардан да ақпарат түседі. Сондықтан декларациялаудың өзі келмеске кететін шығар», — деді Біржанов Мәжіліс кулуарында.

Read More

Қазақстанда 79 313 ардагер өмір сүреді, оның ішінде Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 86 ардагер, жеңілдіктер бойынша осы ардагерлерге теңескен 16 556 ардагер, басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарына қатысқан 26 587 ардагер, 36 084 тыл еңбеккерлері бар. «2025 жылы аталған санаттардағы азаматтарға 12,6 млрд теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді. 2025 жылы осы мақсаттарға 17 млрд теңге қарастырылған», — деп хабарлайды Еңбек министрлігі. Республикалық бюджеттен берілетін ай сайынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ардагерлердің барлық санаттарына, өзге де әлеуметтік төлемдерді алуына қарамастан, төлене береді. Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің қазіргі төлемі 62 мың теңге.

Read More

Биыл 16 шілдеде президент Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелеріне қатысты өзгерістерге қол қойған болатын. Осы жаңа заң бойынша енді банк картасын алаяқтарға бергендер, яғни, дропперлер ауыр жазаланады. Бас прокуратура осы заң күшіне енгеннен бері дропперлерге қатысты 7 қылмыстық іс тіркелгенін мәлімдеді. «Мысалы, Астана қаласында тұратын 17 жастағы жасөспірім енді жеті жылға дейін сотталуы мүмкін. Өйткені, ол алаяққа банк картасының деректерін берген. Ал ол алаяқ Қазақстан азаматынан ақша ұрлап алған еді», — деп хабарлайды Бас прокуратура.

Read More

Оңтүстік Кореяда өтетін Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық саммиті қарсаңында Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай қысқа қашықтықтағы бірнеше баллистикалық зымырандарын ұшырды. ВВС жазуынша, әлем көшбасшылары, оның ішінде АҚШ президенті Дональд Трамп шақырылған саммитке бір апта уақыт қалды. Соңғы рет Пхеньян қысқа қашықтықтағы баллистикалық және қанатты зымырандарды мамырда сынақтан өткізген еді. Оңтүстік Корея әскери ведомствосының хабарлауынша, баллистикалық зымырандар шамамен 350 шақырым қашықтыққа ұшқан. Осыған байланысты әскерилердің дайындығы күшейтілген. Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық саммиті 31 қазан мен 1 қараша аралығында Оңтүстік Кореяда өтеді. АҚШ президенті Дональд Трамп 29 қазанда Сеулге келеді. Бұған дейін Солтүстік Кореяның ресми ақпарат құралдары Ким Чен Ынның АҚШ-пен сөйлесуге…

Read More