Абай облысының прокуратурасы «Семей орманы» кәсіпорнының филиалында жұмыс істеген адамдарды тексеріп, бірнеше қызметкерді қызметінен босатты. Бородулиха ауданы прокуратурасының мәліметіне сәйкес, «Семей орманының» осы аудандық филиалында бұрын сотталған тұлғалар жұмыс істеген. Нақтырақ айтқанда, бірнеше қылмыс бойынша сотталған адам «отын дайындаудың заңдылығын тексеретін» маман болып жұмыс атқарған. «Атап айтқанда, бұрын заңсыз ағаш кескені үшін сотталған адам, бөтен мүлікті ұрлау фактілері бойынша жауапқа тартылған адамдар жұмыс істеген. Сондай-ақ жүргізуші куәлігінен айырылған арнайы техника жүргізушісі де еңбекке қабылданған», — деп хабарлайды прокуратура. Айта кетейік, былтыр «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты филиалының директоры мен жиырмадан астам қызметкері заңсыз ағаш сатты деген күдікпен полиция ұстап…
Автор: qaztimes
Францияда тағы бір музейде ұрлық болды
Қазақстанның Көліктегі полиция департаменті «Франкфурт-Астана» рейсімен Астанаға ұшып келген 48 жастағы азаматты ұстап, оны жауапқа тартты. Көліктегі полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, ол мас күйде ұшақтағы жолаушылардың мазасын алған. «Германияның 48 жастағы азаматы бортқа мас күйде мініп, экипаждың талабына бағынбаған. Жан-жағындағы адамдарға балағат сөз айтып, агрессия танытқан», — деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі. Астана әуежайына келген полицейлер неміс азаматын Қазақстанның Әкімшілік кодексіндегі үш бап бойынша жауапқа тартқан.
«Семей орманы» кәсіпорнының Бородулиха ауданындағы филиалының басшысы ағашты әдейі арзанға сатып, мекемені шығынға ұшыратқан. Прокуратураның мәліметіне сүйенсек, филиал басшысы ағаштың санатын заңсыз арзандатқан. Соның кесірінен, 4 мың текше метр ағаш сатылмай қалған. «Филиал басшысы жұмысын дұрыс ұйымдастырмаған, мекеме мүддесі үшін қызмет етпеген. 2024 жылдың соңына қарай 4 мың текше метр ағаш сатылмай қалған, өйткені, филиал басшысы ағаштың санатын заңсыз жолмен арзандатып жіберген. Соның кесірінен, кәсіпорын 80 млн теңге қаржыдан айырылды. Бұл қаражат кәсіпорынның 75 млн теңге көлеміндегі салық берешегін толық өтеуге мүмкіндік берер еді», — деп хабарлайды прокуратура. Осы олқылықтарды ескерген құзырлы орган филиал басшысына бірінші қатаң сөгіс жариялап, кейін…
Атырауда СЭС қызметкерлері қоқысқа толы пәтерде тұрып жатқан отбасын тауып алды. Желіде адам түршігерлік кадрлар жария болды. Привокзальный ықшам ауданындағы үйдің тұрғындары бірнеше рет сасық иіс пен антисанитариялық жағдайға шағымданған. Лас пәтерді көруге келген мамандар қатты таңғалып, эмоциясын жасыра алмады. Қабырғасы көгерген, кіре берістен бастап қалдықтарға бөккен үйде кішкентай баланың да бары анықталды. Полиция отбасын алып шықты, баланы әлеуметтік қызметтердің қарауына берді. Мамандардың айтуынша, үй иесі «Плюшкин синдромына» шалдыққан болуы мүмкін. Редакция полицияға сұрау жолдады.
Қарағандыда Республика күніне орай «SARYARQALAB: AQYL.DAMU.QADAM» атты жастар форумы өтті. Іс-шараның мақсаты – жастардың жасанды интеллект пен цифрландыруға қызығушылығын арттыру, экологиялық мәдениетті дамыту және Әділетті Қазақстанды құру жолындағы жас патриоттарды тәрбиелеу. Форумның бастамашысы әрі ұйымдастырушысы – «AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалы, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Ауқымды жиынға аймақтың 600-ден астам белсенді әрі креативті жастары – жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, сондай-ақ Приозерск, Саран, Теміртау, Шахтинск қалалары мен Қарағанды облысы аудандарынан келген жастар қатысты. Бағдарламада экскурсиялар, шеберлік сағаттары, тренингтер мен цифрлық технологиялар және жасанды интеллект тақырыптарына арналған сессиялар ұйымдастырылды. Форум жұмысына Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев,…
Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың шақыруымен осы елге ресми сапармен барды. Кездесуде тараптар қазақ-ресей стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын нығайту, халықаралық және өңірлік өзекті мәселелер бойынша ынтымақтастықты талқылады. Әсіресе, 12 қарашада өтетін Қазақстан президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындыққа ерекше назар аударылды. Ермек Көшербаев мемлекет басшылары арасындағы сенімді диалог екіжақты қатынастардың дамуына шешуші ықпал етіп отырғанын атап өтті. Өз кезегінде Сергей Лавров екі ел көшбасшылары арасындағы тығыз қарым-қатынас стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға серпін беріп отырғанын жеткізді. Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік, энергетикалық және көлік-логистикалық салалардағы өзара іс-қимылды кеңейтуге уағдаласты. 2024…
Үкімет күштік құрылымдарға 2026 жылы 3 триллион теңге бөледі. Бұл туралы қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді. «Күштік құрылымдарды қаржыландыруға 2026 жылы 3 трлн теңге жоспарланып отыр, бұл осы жылмен салыстырғанда 335 млрд теңгеге артық. Осылайша, қорғанысқа жұмсалатын шығыстар жалпы ішкі өнімнің 1%-ын құрайды», — деді Тәкиев Мәжілістің жалпы отырысында. Министр бұл қаражат жауынгерлік дайындықты сақтаумен қатар, жүйелі жаңартуларға да бағытталғанын атап өтті. Бүгін Мәжілісте депутаттар «2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын қарап жатыр.
Қытайдан Қазақстанға атпен жолға шыққан қандастар Астанаға жетті. Саяхатшылар — Қуанбек Түсіпханұлы мен жұбайы Жайна Еркінқызы 21 қазанда сапарын бастаған. Олар қазақтың бас қаласын көруді мақсат тұтқан. Екі айдан астам уақыт бойы мыңдаған шақырым жол жүріп келген ерлі-зайыптыны бүгін «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек арнайы қабылдап, құрмет көрсетті. «Қуанбек пен Жайнаның бұл сапары – отансүйгіштік пен рухани байланыстың ерекше үлгісі. Ата-баба ізімен ат жалында жүріп, Елордаға жету — үлкен ерлік. Біз мұндай азаматтарды әрдайым қолдаймыз. Бұл сапар – Республика күні қарсаңында көңіл толқытқан ерекше оқиға болды», – дейді «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының Атқарушы хатшысы…
Отбасы банк салымшыларға жыл сайынғы мемлекеттік сыйақыны енді өз қаражатынан төлейді. Бұл туралы қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді. Министр он екі жыл ішінде «Отбасы банкке» бюджеттен 900 млрд теңге бөлінгенін, ал алдағы үш жылдық бюджетте 210 млрд теңге қарастырылғанын атап өтті. Нәтижесінде банк салымшыларының саны 10 есе, 2,1 млн адамға дейін өскен. «Отбасы банк – мемлекеттік банк және оның қаржылық жағдайы тұрақты. 2024 жылдың қорытындысы бойынша оның таза табысы 121 млрд теңгені құрады. Осыған байланысты сыйақыны қаржыландыруды «Отбасы банктің» өз қаражаты есебінен жүзеге асыру туралы шешім қабылданды. Осылайша біз бюджетке түсетін салмақты азайтамыз. Ал салымшылар үшін ештеңе де өзгермейді –…