«Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру» бабы бойынша сотталып жатқан 22 жастағы Алика Мұхамадиева сотта соңғы сөзін сөйледі. Ол соңғы сөзінде де кінәсін мойындап, соттан жеңіл жаза сұраған. «Жүрегімнен шыққан сөзімді бұған дейін де айттым. Бүгін де тіл тигізген адамдардан кешірім сұраймын. Бұным үшін қатты ұяламын және өкінемін. Соттан жаза тағайындарда кінәмді толық мойындағанымды, қатты өкінетінімді және кішкентай қызым бар екенін ескеруді сұраймын. Бұрын жоспарларымды орындау үшін қызымды ата-анама сілтей салатын едім, енді қызымның жанында болу үшін барымды беруге дайынмын», — деді сотта Алика Мұхамедиева. Айта кетейік, Threads желісінде бір адамның жазбасына пікір қалдырған Алика Мұхамедиева мұсылмандар…
Автор: qaztimes
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазан айында түрлі баптар бойынша қылмыс жасады деген күдікпен 83 адамды ұстаған. Олардың көбі — пара алғандар. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеуінше, 83 факт келесі баптар бойынша тіркелген: 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) – 12; 190-бап (алаяқтық) – 16; 195-бап (алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру) – 1; 206-бап (ақпаратты түрлендіру) – 1; 361-бап (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) – 2; 362-бап (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) – 3; 364-бап (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) – 1; 366-бап (пара алу) – 26; 367-бап (пара беру) – 11; 368-бап (парақорлыққа делдал болу)…
Үкімет 2024 жылғы су тасқыны кезінде бүлінген бөгетті қайта жөндеу үшін 1,4 млрд теңге жұмсайтын болды. «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Тепличное ауылындағы қорғаныс бөгетін реконструкциялауға Үкімет резервінен шамамен 1,4 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды», — деп хабарлайды үкімет. Бұл қаражат бөгетті жөндеуден бөлек, маңайдағы жолдарды жаңарту және айналасын абаттандыруға жұмсалады. «Үкімет елді мекендерді су тасқынынан қорғау жұмыстарын жүргізуде. Су ресурстары және ирригация министрлігінің деректері бойынша алты өңірде – Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында гидротехникалық құрылыстарды қалпына келтіру және салу бойынша 57 жоба, оның ішінде 13 жаңа нысан…
Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық станциялары хабарлағандай, Шымкент пен Түркістан облысында күші 2 баллдық жер сілкінісі сезілді. Жер сілкінісі Астана уақытымен түнгі сағат 01:29-да сезілген. Эпиорталығы Ауғанстан аумағында, Алматыдан 1079 шақырым жерде болған. Ауғанстан билігі жер сілкінісінен 7 адамның қаза тауып, 15 адамның зардап шеккенін хабарлады.
Жетісу жерінде әке мәртебесін көтеріп, отбасы құндылығын дәріптеуге арналған тағылымды жиын өтті. «AMANAT» партиясының «Қамқор әке» жобасы аясында және «Әкелер одағы» Жетісу облыстық филиалының ұйымдастыруымен Панфилов ауданы, Жаркент қаласында «Әке – отбасы тірегі» форумы өтті, Azattyq Rýhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Форумға ауданның 400-ге жуық ардақты әкесі қатысты. Форумның ресми ашылуында Жетісу облыстық партия төрағасы Арыстанғали Қадырұлы әкенің отбасындағы, ұлт өміріндегі рөлін айшықтап, жиынның маңызын атап өтті. Форумның аясында Панфилов аудандық мәслихат төрағасы Ерғали Шоқпаров пен Жетісу облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері Ермек Келемсейіт сөз сөйлеп, әке өнегесінің жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына тоқталды. Алқалы жиында «Ұлттық құндылықтар академиясы» республикалық…
Қаржы министрлігі азаматтардың микрокаржы және коллекторлық ұйымдар алдындағы берешегі туралы мәліметтерді беру тәртібін бекітті. 10 қарашадан бастап кредиттік бюролар мұндай деректерді Мемлекеттік кірістер комитетіне (МКК) ұсынуға міндетті. Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы бұйрығына сай, кредиттік бюролар микрокаржы және коллекторлық ұйымдарға қарызы бар жеке тұлғалар жөніндегі ақпаратты кірістер комитетіне жолдайды. Осылайша, салық органдары активі, міндеттемелері, кірістері мен мүлкі туралы декларация тапсыруға міндетті азаматтардың несиесі туралы ақпарат алып отырады. Мұндай тұлғалардың тізімін салық органдары жыл сайын 25 қарашаға дейін алдыңғы жылдың 31 желтоқсанындағы деректер негізінде қабылдап алмақ. Кейін 10 күнтізбелік күн ішінде азаматтардың ЖСН-і Smart Data Finance жүйесі арқылы кредиттік бюроларға…
Qazaqstan.tv фейкті шынайы ақпараттан ажырату жолдарын атап көрсетті. Кейінгі кезде жалған фото мен видео, «жаңалықтар» түріндегі бұрмаланған контент көп тарап жатыр. Дегенмен фейк материалдарды бірнеше әдіс арқылы оңай ажыратуға болады. Мәселен, JPEGsnoop сайты контенттің метадеректерін оқиды және сәйкессіздіктерді анықтайды. «Сондай-ақ Forensically және FotoForensics құралдары арқылы фотоларға өзгеріс енгізілгенін, оның жалған я манипуляция екенін білуге болады», — деп жазылған хабарламада. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әр мәліметтің анық-қанығын тексеріп алуды ескертеді. Еске сала кетейік, бұған дейін мамандар алаяқтардың құрбаны болмау үшін қаржы пирамидасының негізгі белгілерін білу маңызды екенін айтқан болатын. Оларды көбінесе мынадай белгілер арқылы анықтауға болады: қатысушылар алғашқы жарна төлеуді…
Дана Алмасова Бангкокта өтетін «Әлем аруы – 2025» халықаралық сұлулық байқауында Қазақстан атынан өнер көрсетеді. Бұл туралы Miss Qazaqstan ресми парақшасында хабарланды. Байқау алдындағы қарқынды дайындық Ұйымдастырушылар Қазақстан өкілін шығарып салу рәсімі Алматыда өткенін хабарлады. Алдағы апталарда Дана Алмасованы қарқынды дайындық, оның ішінде жаттығулар, репетициялар, фотосессиялар күтіп тұр. Сонымен қатар байқаудың әлеуметтік желілерінде жарияланатын қызықты іс-шараларға қатысады. Дана Алмасованы Бангкокта өтетін Miss Universe 2025 байқауына шығарып салдық, — деп жазылған хабарламада. Конкурсқа 125 елдің аруы қатысады 74-ші Miss Universe байқауы 125-тен астам елдің қатысушыларын біріктіреді. Салтанатты ашылу рәсімі 19 қарашада ұлттық костюмер көрсетілімінен басталып, финал 21 қарашада өтеді.
Өскемен қаласында құтқарушылар өрт салдарынан 15 адамды эвакуациялады. Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт Виноградова көшесіндегі 10 қабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтерден шыққан. «Келген құтқарушылар түтін басқан кіреберістен жедел түрде 15 тұрғынды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады», — деп жазылған хабарламада. Қызыл жалын 15 шаршы метр аумаққа таралды. Зардап шеккендер жоқ. ТЖМ өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертті. Еске сала кетейік, Қосшы қаласындағы өрт кезінде құтқарушылар 40 адамды қауіпсіз жерге шығарған болатын. Жангелдин көшесіндегі бес қабатты үйдің екінші қабатында электр қалқаншасында қысқа тұйықталу болып, қою түтін басқан. Өрттен зардап шеккендер жоқ.
«Қазгидромет» 3 қарашаға жасалған ауа райы болжамын жариялады. Астанада күн бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, күндіз көктайғақ болады, 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түнде температура 0°C шамасында, күндіз 2-4°C болады. Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. 3–8 м/с жылдамдықпен оңтүстік-шығыстан жел соғады. Температура түнде +3…+5 °C, күндіз +15…+17 °C болады. Шымкентте көшпелі бұлт шығады, күннің соңында жаңбыр жауады. 8–13 м/с жылдамдықпен оңтүстік-батыстан жел соғады. Температура түнде +4…+6 °C, күндіз +13…+15 °C болады. Ақтауда көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауады. 9–14 м/с жылдамдықпен солтүстік-батыстан жел соғады. Температура түнде +7…+9 °C, күндіз +12…+14 °C болады. Ақтөбеде…