Бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасының аға бапкері Рахматжон Рузияхунов Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тартысты Лионель Месси мен Криштиану Роналду арасындағы бәсекелестікпен салыстырды. 1bol.kz сайтының мәліметінше, Рахматжон Рузияхунов ZBS Podcast YouTube-арнасында Қазақстан ұлттық құрамасының артықшылығын атап өткен. «Олардың бокс мектебі өте мықты. Қазақ боксы әрдайым жоғары деңгейде. Мен әрқашан айтып келемін – біз Месси мен Роналду секілдіміз: әрдайым бір-бірімізбен бақталастамыз. Мұндай көрші елдердің болғаны – үлкен мүмкіндік. Біз олардан үйренеміз, олар бізден үйренеді. Сол еңбектің арқасында үлкен жетістіктерге жетіп жүрміз», – деді Рузияхунов. Айта кететін жайт, әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте көш бастап, 7 алтын медаль иеленген еді. Ал Өзбекстан боксшылары…
Автор: qaztimes
Қарағанды облысында ұлттық паркте Қазақстанның Қызыл кітабына енген арқар фототұзаққа түсіп қалды. Кадрды «Бұйратау» ұлттық паркінің «Белодымовский» филиалы жариялады. «Бұйратау» МҰТП» РММ «Белодымовский» филиалының фототұзақ объективіне арқар түсіп қалды. Ол – қазақ даласында сирек кездесетін, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануар», — дейді мамандар. Кадрда ол табиғат аясында алаңсыз тұр, өзін осы жердің нағыз иесі сезінетіндей әсер қалдырады. Фотоматериалдарды филиалдың аңшылықтанушысы Т.Г.Ковальчук ұсынды. Еске сала кетейік, «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Қазақстаның Қызыл кітабына енгізілген дала қыраны фототұзаққа түскен болатын. Дала қыраны ұяны әдетте ашық далалы, жартылай шөлейтті немесе жазық жерлерде салады. Ұяларды кейде жерге, кейде биік бұталарға немесе тастардың…
Мальдив аралдарында 2007 жылдың 1 қаңтарында немесе одан кейін туған адамдарға темекі өнімдерін сатып алуға, сатуға және пайдалануға тыйым салатын заң күшіне енді, The Guardian басылымына сілтеме жасап. Құжатқа сәйкес, тыйым темекінің барлық түріне қолданылады. Саудагерлер сатып алушылардың жасын анықтауы керек. Бұл шара арал азаматтарына да, туристерге де қолданылады. Сонымен қатар Мальдив аралдары электронды темекілер мен олардың аксессуарларын әкелуге, сатуға және пайдалануға толық тыйым салған. Кәмелетке толмағандарға темекі сатқандарға 3200 долларға дейін, вейптерді пайдаланғандарға 320 долларға дейін айыппұл салынады. Заңға президент Мохамед Муиззу бастамашылық етті. Оның айтуынша жаңа шара қоғамдық денсаулықты қорғауға және темекіден азат ұрпақ өрбітуге бағытталған.
Италияның солтүстігінде қар көшкіні германиялық бес альпинистің өмірін қиды. The Guardian газетінің мәліметінше үш адамның – екі ер адам мен бір әйелдің денесі 2025 жылдың 1 қарашасында табылды, тағы екі адамның – әкесі мен оның 17 жастағы қызының денесі 2 қарашада таңертең табылды. Құтқару қызметінің өкілі Федерико Катанияның айтуынша, қар көшкіні оларды жыраның төменгі бөлігіне алып кеткен. «Қайғылы оқиға сенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00 шамасында Ортлес тауларының Чима Вертана аймағында 3500 метрден астам биіктікке өрмелеу кезінде болды. Альпинистер неліктен кешкі уақытта тауға шығуды тоқтатпағаны әзірге белгісіз», — деп жазды басылым. Алдын ала мәлімет бойынша альпинистер үш топқа…
Алатау қаласындағы жаңа суши мейрамханасының ашылу салтанатына келгендер бірін-бірі таптап кете жаздады. Ұйымдастырушылар алғашқы клиенттеріне тегін суши мен торт таратуға уәде берген, бірақ ғимараттың алдында қонақтар кептеліп қалды. Жұртты СМС арқылы шақырған Әлеуметтік желіде таралған видеодан жүздеген адам тамақ таратып жатқан мейрамхана қызметкерлерінің айналасына жиналып қалғанын көруге болады. Қатысушылардың арасында ересектер де, балалар да бар. Мейрамхана клиент тарту үшін акция өткізгені белгілі болды. Іс-шара жақын маңдағы жексенбілік базардың ашылуымен тұспа-тұс келіп, адам көп жиналған. Тұрақты клиенттер SMS арқылы шақырылған. Акция өткізуге әкімдіктен рұқсат алмаған Тексеру барысында іс-шара Алатау қалалық әкімдігінің келісімінсіз өткізілгені анықталды. Мейрамхана әкімшілігі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті тиісті…
Қостанай облысының тұрғындары 2 қарашада көліктер мен автобустарға полиция қызметкерлері тінту жүргізгенін айтты, «Наша газета» порталына сілтеме жасап. Куәгерлердің айтуынша, Рудный және Лисаковск қалаларының аумағында Қостанай-Қарабұтақ тас жолында күшейтілген тінту жұмыстары жүргізілген. Облыстық полиция департаменті аймақта жедел іс-шаралар жүріп жатқанын растады. «Қостанайда қасақана ауыр дене жарақатын салу қылмысы жасалды. Күдіктінің кім екені анықталды. Іздеп тауып, қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін оны ұстау шаралары атқарылып жатыр», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Маржан Арапбаева «Ұнайды маған» музыкалық кавер кешінде шоуға қатысушы Азиза Исатаевамен бірге ән шырқады. Желіде жарияланған видеодан Маржан Арапбаеваның өзіне қатты ұқсайтын өнерпаздың табылғанына таңғалып жатқанын көруге болады. «Тіпті костюміміз де бірдей екен ғой. Шынымен бе?!», — деп таңданысын білдірген өнер иесі. Содан кейін екеуі сахнаға шығып, «Арманыма асығамын» әнін бірге орындайды. Желі қолданушылары да қос өнерпаздың бір-біріне қатты ұқсайтынын жазып жатыр. «Бір-біріне қатты ұқсайды екен», «Двойнигін тапты», «Егіз бе дерсің», — деп жазды олар. Еске сала кетейік, бұған дейін Маржан Арапбаеваны көпшілік әйгілі поп-жұлдыз Дженнифер Лопеске теңеген болатын. Өнер иесі желіге видео жариялап,…
Алматы облысында «Қапшағай Бидай Өнімдері» атты дәнді және майлы дақылдарды терең өңдеуге маманданған жаңа агрококешен іске қосылды. Жаңа зауыт өңірдің аграрлық секторындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі саналады. Кәсіпорынның қуаттылығы жыл сайын 1 миллион тоннадан астам дайын өнім өндіруге мүмкіндік береді. «Жалпы инвестиция көлемі 15 миллиард теңгеден асты. Бұл — Қаскелең қаласынан кейінгі Алматы облысындағы екінші осындай өндіріс орны», — деп жазылған облыс әкімдігінің хабарламасында. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жаңа агроөнеркәсіптік кешеннің іске қосылуы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласының дамуына серпін беретініне тоқталды. «Алматы облысы – еліміздің ең қарқынды дамып келе жатқан аймақтарының бірі. Географиялық тұрғыдан тиімді орналасуы, инфрақұрылымның дамуы және…
Мексиканың солтүстік-батысындағы Эрмосильо қаласында қайғылы оқиға орын алды. Дүкендегі жарылыс пен одан кейінгі өрттің салдарынан кемінде 22 адам, оның ішінде төрт бала көз жұмды, деп хабарлайды Lenta.ru. Құтқарушылардың мәліметінше, өрт дүкеннің кіреберісінен басталып, көптеген адам сыртқа шыға алмай қалды. Өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтап, жалынның көршілес ғимараттарға таралуына жол бермеген. Түрлі дәрежеде күйік шалған тағы 12 адам ауруханаға жеткізілді. Тергеу органдары оқиғаға қатысты тексеріс бастады. Техникалық ақаулық пен ғимаратта тез тұтанатын материалдардың болуы трагедияның негізгі себептерінің бірі ретінде қарастырылуда.
Еnergyprom.kz Қазақстанда және басқа елдерде тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге (ТКҚ) жұмсалатын шығынды салыстырды. Ол үшін Numbeo халықаралық деректер қорындағы деректер негізге алынды: электрмен жабдықтау, жылыту, ауа баптау жүйесі, сумен қамту және қоқыс шығару шығындары есептелді. «Қазақстанда жоғарыда аталған тізім бойынша тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге жұмсалатын орташа айлық шығын көлемі 27,1 АҚШ долларын немесе шамамен 15 мың теңгені құрады. Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан 127 елдің ішінде қымбатшылық жөнінен 98-орынды иеленді», — деп жазды портал. ТМД мен ОА елдерінің басым бөлігінде коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығын көлемі Қазақстаннан қымбат болып шықты: Әзербайжанда 30 АҚШ долларына, Украинада 47,6 АҚШ долларына, Ресейде 57,2 АҚШ долларына, …