Автор: qaztimes

Биыл Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті әлеуметтік желілер мен онлайн-платформаларда заңсыз лотерея қызметін өткізген 89 адамды анықтап, оларға айыппұл салған. Министрліктің ақпаратына сүйенсек, олар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті бұзып отыр. «Заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырған тұлғаларға ескерту хаттары жолданып, офлайн және онлайн форматтарда түсіндіру кездесулері өткізілді. Әлеуметтік желілерде ұтыс ойындарын өткізген аккаунттардың тізімі министрліктің ресми сайтында жарияланған», — деп хабарлайды министрлік. Дереккөзге сүйенсек, биыл осы баппен тәртіп бұзған адамдарға жалпы 40 млн теңге айыппұл салынған екен. Айта кетейік, қазір танымал блогер Ерболат Жанабылов пен оның әйеліне қатысты осы заңсыз лотереяға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Read More

Өткен демалыс күндері Атырау облысы Құрманғазы аудандық әкімдігінің қызметкері өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тараған еді. Бүгін әкімдік осы қайғылы жағдайда байланысты ресми мәлімдеме жасады. Жергілікті AtyrauTODAY ақпарат агенттігі хабарлағандай, әкімдік марқұмның отбасына көңіл айтқан. «Құрманғазы ауданы әкімдігінің ұжымы Қуаныш Имашевтің мезгілсіз өмірден озғанын қайғыра хабарлайды. Осыған байланысты, оның жақындары мен туған-туысына қайғыра көңіл айтамыз. Қазір оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр», — деп хабарлаған әкімдік ұжымы. Осы мәлімдемесінде әкімдік сондай-ақ әлі расталмаған ақпаратты таратудың жөнсіздігін де айтады.

Read More

31 қазанда Алматыда Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе миллиондаған қазақстандықтардың өмірін жеңіл, қауіпсіз етіп, ұлттық мақтанышқа айналдыратын жаңа сервистерді ұсынды. Kaspi.kz-тің әрбір таныстырылымы — болашаққа жасалған қадам. Бұл кеш те Қазақстанда жасалған технологиялардың күнделікті өмірді қалай өзгертіп жатқанын тағы бір мәрте көрсетті.  Басты жаңалық — Kaspi Alaqan сервисі. Бұл Kaspi.kz компаниясының өз әзірлемесі — алақанды терминалға тигізу арқылы төлем жасау тәсілі. Картасыз, телефонсыз. Kaspi Alaqan арқылы Kaspi банкоматта жеке тұлғаны растауға да болады. Kaspi атау ретінде сервистің мәнін дәл жеткізетін қарапайым әрі түсінікті сөзді таңдаған. «Алақан» — адамның алақаны дегенді білдіреді. Бұл технология қарапайым және қорғаныс деңгейі…

Read More

Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты діни және ұлттық араздықты қоздырған Алика Мұхамадиеваны 3,5 жылға соттады. «Сотта анықталғандай, 2025 жылдың жазында ол «Threads» әлеуметтік желісінде, сараптама қорытындысы бойынша ұлттық және діни араздық пен өшпенділікке қатысты сөздер жазған. Прокурор оны 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, кінәлінің кәмелетке толмаған баласының бар екенін ескере отырып, жазаны 4 жылға шегеруді сұрады», — деп хабарлайды сот. Бұған дейін жазғанымыздай, Алика Мұхамадиева кінәсін мойындап, кішкентай қызы бар екенін айтып, соттан жеңіл жаза сұраған еді. «Қылмыстық кодекстің 74-бабына сәйкес, жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған әйелдерге сот жазаны өтеуді бес жылға…

Read More

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының халықаралық авиациялық хаб құру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Алматы халықаралық әуежайын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, кеңес барысында TAV Airports Holding бас директоры Серкан Каптан мен әуежай президенті Гөкер Көсе Horizon компаниясының 2050 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы баяндады. Қазір ішкі рейстер терминалын реконструкциялау, мұздан тазартуға арналған заманауи платформа құру, әуежай маңындағы тұрғын үйлерді шудан оқшаулау және басқа да инфрақұрылымдық жұмыстар жүргізілуде. «Жалпы тұжырымдама аясында үш ұшу-қону жолағынан тұратын жүйе қалыптастыру, жүк перронын салу, логистикалық және қойма кешендерін дамыту, жолаушыларға арналған заманауи инфрақұрылым тұрғызу жоспарланған.…

Read More

Қарағанды облысының прокуратурасы бүгін 3,5 жылға сотталған Алика Мұхамадиеваға қатысты айыптау үкімі туралы түсініктеме таратты. «Бүгін Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының соты Алика Мұхамадиеваға қатысты Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі бойынша бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған айыптау үкімін шығарды», — деп хабарлайды прокуратура. Осы үкіммен оған Қылмыстық кодекстің 74-бабының тәртібінде жазаны орындауды кейінге шегеру шарасы қолданылған. Прокуратура бұның себебін түсіндірді. «Оның екі жасар баласы бар болғандықтан, сот жазаны кейінге шегерді. Айта кетейік, 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қылмыстық заңға 5 жылдан астам бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатын жекелеген қылмыстарды қоспағанда, жас балалары бар әйелдер үшін жазаны өтеуді кейінге шегеруді міндетті…

Read More

Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова өз туысы Бекзат Кемелованы 1 миллион доллар ұрлады деп айыптап, сотқа берді. Жәбірленуші Альмира Нұрлыбекованың айтуынша, ол туысы мен оның жұбайына 1 миллион долларды сақтау үшін беріп, кейін қайтарып ала алмай қалған. «Айыпталушы Бекзат Кемелова Альмира Нұрлыбекованың 990 мың доллар ақшасы барын біліп, ұлы Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іске байланысты күйзелісте жүргенін пайдаланған. Ол Антикор қызметкерлері мүлкін және қаражатын тәркілейді деген желеумен Альмира Нұрлыбекованы ақшаны өзіне беріп, жасырған дұрыс деп сендірген», — деді мемлекеттік айыптаушы Гүлмира Абдрахманова. Айта кетейік, Кемелованың адвокаты Игорь Вранчев. Ол 2024 жылы Қуандық Бишімбаев ісінде Нүкеновтер отбасын қорғаған болатын. Игорь Вранчевтің…

Read More

Шоумен, актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйеліне жазған қорлау хаттары желіге шыққаннан кейін, қазақстандық танымал тұлғалар жаппай пікір білдіре бастады. Оның бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы актердің өзіне ауыр сөздер айтып қана қоймай, әулетіне дейін тіл тигізгенін айтқан. «Ажырасқалы осы 1 жыл 8 ай ішінде, балаларым үшін, балаларымның әкесі деп қарап, намысына тиетін сөз, артық әңгімені айтпадым, тіпті жауап бермеймін, өзі бастап жазып, өзі аяқтайды. Барлығын бір Аллаға тапсырдым деп жүре беріппін. Бірақ менің үндемегенімді ол “әлсіздік” деп қабылдаған сияқты. Менің жеке басыма ғана тиіспей, өзінің туған балаларына, менің әке-шешеме, әулетіме тіл тигізіп, қатты шектен шығып жатыр. Қаншама рет жала жапты, өтірік «левый»…

Read More

Қазақстан Ұлттық Банкінің мәліметінше, 2025 жылғы қазан айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 529,96 теңгеге дейін нығайып, айлық өсім 3,5% болған, деп жазадыAzattyq Rýhy. Дереккөзге сүйенсек, ай ішінде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда көлемі артты: орташа күндік көрсеткіш 248 млн доллардан 271 млн долларға дейін өскен. Жалпы сауда көлемі 6 млрд АҚШ доллар болған Қараша айында Ұлттық Банк 600–700 млн доллар көлемінде валюта сату жоспарлап отыр.

Read More