Автор: qaztimes

Ақмола облысының полициясы ауа райының құбылмалы екенін айтып, көлік жүргізушілеріне ескерту жасады. «Соңғы күндері Ақмола облысында ауа райы құбылып, жаңбыр аралас қар жауып жатыр. Полиция қызметкерлері жолдарда көктайғақ болуы мүмкін екенін ескертеді. Бұл жол қозғалысының қиындауына және жол апатына себеп болуы ықтимал», — деп хабарлайды полиция. Сондықтан, полиция жүргізушілерге көліктерін қысқа алдын ала дайындап қоюды ұсынады. Яғни, жазғы дөңгелектерді ауыстырып, жылдамдықты азайтып, арақашықтықты сақтау керек.

Read More

Абай облысы Бесқарай ауданында, Омбы-Майқапшағай автожолының 615/706-шақырымында Toyota Avensis жеңіл автокөлігі мен Howa жүк көлігі бір-біріне соғылды. Toyota Avensis автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, Абай облысының полиция департаментіне сілтеме жасай отырып. Абай облысы Полиция департаменті Бесқарағай ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ербол Дәйірбековтің айтуынша, апат 2 қараша күні таңғы сағат 05:45 тіркелген екен. Жол апатына қатысты «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу» бабы бойынша тергеу басталған. Айта кетейік, жуырда Ақтөбе облысындағы жол апатынан 12 адам мерт болған еді.

Read More

Ұлттық банк қазан айында Қор биржасында Ұлттық қордан 660 млн доллар сатылғанын мәлімдеді. Ұлттық банк сондай-ақ бұл қаражат қайда жұмсалатынын түсіндірген.  «Қазан айында Ұлттық қордан 660 млн доллар сатылды. Бұл қаражат республикалық бюджетке трансферттер бөлу және «Талдықорған–Үшарал» магистральдық газ құбырының құрылысына жұмсалды», — деп хабарлады Ұлттық банк. Бұған дейін қазан айында теңге 3,5 пайызға нығайғаны хабарланған еді.

Read More

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Ресей, Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Моңғолия елдері бойынша TikTok компаниясының мемлекеттік органдармен және корпоративтік байланыстар жөніндегі директоры Сергей Соколовпен кездесті. Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, кездесуге қатысқан «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Райымбек Баталов бұл желіні пайдаланатын бизнестің табысы қалай өскенін айтты. TikTok пен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстанда цифрлық платформалардың кәсіпкерлікке тигізетін ықпалын бағалады. Сауалнамаға елдің 20 өңірінен 300-ден астам шағын және микро бизнес өкілдері қатысқан.  Баталовтың айтуынша, «Бір өнім – бір ауыл» жобасы аясында кәсіпкерлер TikTok құралдарын пайдаланып, өз өнімдерін онлайн ілгерілету және сатылымды арттыру тәсілдерін үйренген.…

Read More

Абай облысы Бесқарай ауданында, Омбы-Майқапшағай автожолының 615/706-шақырымында Toyota Avensis жеңіл автокөлігі мен Howa жүк көлігі бір-біріне соғылып, үш адам мерт болғанын хабарлаған еді. Семейдегі Әлихан Бөкейхан Университетінің басшылығы жол апатынан үш студенті бірдей қаза тапқанын мәлімдеді. «2 қараша күні Бесқарағай ауданы, Жыланды ауылы маңында болған жол-көлік апатында университет өрендері — Заң факультетінің студенттері Тұрарбеков Нұрмағамбет Бауыржанұлы, Оңдабай Рефхат Серікжанұлы мен Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің студенті Абдималиков Рустамбек Нурмуродұлы қаза тапты», — деп хабарлаған университет. Әлихан Бөкейхан Университетінің басшылығы мен оқытушылары студенттердің ата-аналары мен туған туыстарына, жақындары мен дос-жарандарына қайғырып көңіл айтқан. «Қыршыннан қиылған өрімдей жастарымыздың қазасы баршамызға ауыр соққыдай…

Read More

Қазақ киносы тарихындағы тұңғыш джубокс-мюзикл «Бақыт құшағында» фильмі Франция астанасында өткен «Festival du Film Kazakh» қазақ киносы фестивалінде «Үздік дебют» жүлдесін жеңіп алды. Кинофестиваль 29 қазан мен 2 қараша аралығында Парижде жетінші мәрте өткен болатын. Фильмнің Франциядағы тұсаукесері фестивальдің жабылу салтанатында өтті. Іс-шараға киногерлер, сыншылар, сарапшылар және халықаралық киноқоғам өкілдері қатысты. Көрермен қатарында Париж қаласындағы қонақтар мен жергілікті қазақтар да көп болды. Көрермендер «Бақыт құшағында» мюзиклына жоғары баға беріп, ерекше әсер алғандарын жеткізді. «Бақыт құшағында» – композитор Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне негізделген алғашқы қазақстандық джубокс-мюзикл. Туындыда ұлы композитордың 12 әні симфониялық оркестр сүйемелімен қайта өңделіп, саундтрек ретінде жазылған. Фильмнің түсірілімі елордада…

Read More

Қазақстан бойынша өткен «Халық заңгері» республикалық акциясына 120 мыңнан астам адам қатысқан. Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, акция 250-ден астам елді мекен мен ірі қалаларда өткен. «Акция аясында 120 мыңнан астам адам өзін толғандырған құқықтық сұрақтар бойынша тегін әрі білікті кеңес алды», — деп хабарлайды прокуратура. Акцияға қатысқан заңгерлер шетелдік колл-орталықтардың азаматтардың телефондарына жаппай қоңырау шалу, фишингтік сілтемелер жіберу және жоғары табыс уәде ету арқылы оларды «дропперлікке» (банк шоттары мен карталарын үшінші тұлғаларға беру) тартуымен байланысты интернет-алаяқтықтардың өсуіне орай азаматтарды бұл қылмыс түрлерінен қорғау бойынша нақты ұсыныстар айтқан. Биылғы акцияға 4 мыңнан астам, заңгер, адвокат, нотариус қатысқан екен.

Read More

OpenAI компаниясы өз сервистерін пайдалану ережелерін өзгертті. Енді ChatGPT белгілі бір тақырыптарда пайдаланушыларға кеңес бермейді. Бұл туралы компанияның ресми сайтында жазылған. Компанияның мәліметінше, жаңа талаптар мамандандырылған білім мен ресми лицензияны қажет ететін салаларға қатысты. Атап айтқанда, енді ChatGPT медициналық немесе заңгерлік кеңестер бермейді. Мысалы, медициналық бейнелерді (рентген, МРТ, КТ және т.б.) түсіндіруге тыйым салынды. Сонымен қатар, OpenAI ұлттық қауіпсіздік, білім беру, тұрғын үй және еңбек қатынастары сияқты маңызды салалар бойынша да кеңес беруді шектеді. Осылайша, компания өкілдері пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мақсат етеді. OpenAI мәліметінше, жаңа ережелер компанияның барлық өнімдеріне ортақ. Енді чат-бот тек жалпы сипаттағы ақпарат бере алады, ал…

Read More

SCAT компаниясы Қазақстан мен Сербия астаналары арасында тікелей рейс ашты. Астана-Белград-Астана рейсі аптасына екі рет ұшады. Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, бұл рейс сұранысқа ие. Қазіргі уақытта 92 адам осы рейске билет алған. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сербияға сапары кезінде екі ел астаналары арасында тікелей рейс ашу туралы келісімге қол жеткен болатын. Жаңа бағыт екі ел арасындағы бизнес, туризм және мәдени ынтымақтастық үшін жаңа жол ашады», – деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі. Айта кетейік, қазақстандықтар Сербияға визасыз ұшып бара алады.

Read More

Қаржы мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысындағы департаменті «Таза Өскемен» коммуналдық кәсіпорнының бұрынғы директоры, оның орынбасары мен екі жеке кәсіпкерге қатысты ақша жымқыру ісін тергеп жатыр. Күдіктілердің ішінде кәсіпорынның экс-директоры екі айға қамалғаны белгілі. Дереккөзге сүйенсек, күдіктілер 2022-2023 жылдар аралығында мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізбестен, жүйелі түрде бюджет қаражатын өздерімен байланысы бар коммерциялық құрылымдардың есепшоттарына заңсыз аударып отырған. «Қылмыстық схеманың мәні – материалдарды жеткізу және техниканы жалға алу бойынша жалған құжаттар рәсімдеуде болған. Атап айтқанда, құжаттарда жолдарды жөндеуге арналған битум мен құм сатып алу, суды соруға арналған арнайы техника жалдау, сондай-ақ бұған дейін орнатылған 23 аялдама павильонын жасауға қажетті материалдар…

Read More