Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты жылдамдық режиміне шектеу енгізілді, «ҚазАвтоЖолға» сілтеме жасап. «2025 жылғы 2 қараша сағат 19:00-ден бастап Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «KAZ02 Астана – Көкшетау (айналма жол) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)» автожолының 180–243 шақырымы аралығында көліктің барлық түрі үшін жылдамдық шектеуі 140 км/сағ-тан 110 км/сағ-қа дейін төмендетіледі», — деп жазылған хабарламада. Жолдағы жылдамдық режимі ауа райы жағдайы тұрақтанып, қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етілгеннен кейін, 2025 жылғы 3 қараша күні сағат 09:00-де қалпына келтіріледі деп жоспарланып отыр. Еске сала кетейік, «ҚазАвтоЖол» Батыс Қазақстан облысындағы тұманға байланысты жүргізушілерге ескерту жасаған…
Автор: qaztimes
«Жігіттер» тобының солисі Бағлан Әбдірайымов осы уақытқа дейін жақындарына еш жақсылық жасай алмағанын айтып, өкініш білдірді. «Дүниеде оңбаған мен ғана шығармын. 20 жыл сахнада жүріп, әкеме жаңа көлік әпермедім. Ұят па? Ұят! Біздің ауылдың қысы қатты. Үйдегі әжетхананы дұрыстап соқпадым. Ұят па? Ұят. Жақсы үй соғып бермедім. Ұят па? Әке-шешемді шетелге апармадым. Ұят па? Ұят! Осы кезге дейін не істеп жүргенмін?», — деп өкінді әнші. Ол қазір бастаған жұмысы әжептәуір нәтиже беріп жатқанын атап өтті. «Алланың разылығын алу үшін ата-ананың разылығын алу керек. Сондықтан адасып жүрген балалар болса, есін жиса екен. Әке-шешеден артық байлық жоқ. Отбасыдан артық байлық жоқ. Кеш…
Қарағанды облысының тұрғыны кеңес дәуірінен қалған паспортын тек биыл ғана жаңа куәлікке ауыстырды, деп хабарлайды «Индустриальная Караганда» басылымына сілтеме жасап. 47 жыл кеңестік құжатпен жүрген Ольга Кирихкеслер есімді әйел паспортты 1978 жылы алған және сол уақыттан бері оны Қазақстанның жеке куәлігіне ауыстыру мүмкіндігі болмаған. «1978 жылы паспорт алған едім, содан бері оны уақытында алмастыра алмадым. Полиция қызметкерлеріне алғысым шексіз — олар жағдайыма түсіністікпен қарап, маған көмектесті», – дейді Ольга Кирихкеслер. Әйел көші-қон қызметінің мамандарына жедел әрекет еткені мен мейірімді көзқарасы үшін ризашылығын білдірді. Соның арқасында ол кеңестік үлгідегі 1974 жылғы паспортты жаңа куәлікке ауыстырып, Қазақстан азаматтығын ресми түрде алды. 142…
«ҚазАвтоЖол» ҰК акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облысындағы тұманға байланысты жүргізушілерге ескерту жасады. Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында 2 қарашадан 3 қарашаға қараған түні және таңертең, сондай-ақ 3 қараша күні түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсуі мүмкін. Сонымен қатар, Орал қаласында бүгін түнде және таңертең тұман болуы ықтимал. Осы ретте акционерлік қоғам жол жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтап, ауа-райының қолайсыздығына байланысты ұзақ жолға шықпауға шақырды. Айта кетсек, осыған дейін «ҚазАвтоЖол» Абай облысының жүргізушілеріне де ескерту жасаған болатын.
Атырау облысында жалпы құны 5 миллиард теңгеге жуық болатын жол жобасы сегіз жылдан бері аяқталмай тұр, деп хабарлайды 24.kz-ке сілтеме жасап. Сегіз жылға созылған жол жөндеу Атырау қаласында басталған 10 шақырымдық жол учаскесін жөндеу жұмыстары әлі күнге дейін бітпеген. Жоба 2017 жылы дайындалып, 2019 жылы құрылыс басталғанымен, содан бері бірнеше рет тоқтап қалған. Қайыршахтин округінің 10 ауыл тұрғыны осы уақыт бойы айналма жолмен қатынап жүр. Тұрғындар шағымданып, депутаттар араласты Жаз мезгілінде жолда жұмыс қызғанымен, асфальт төсеу кезеңіне дайындық аяқталмаған. Жергілікті тұрғындар мәселені бірнеше рет көтеріп, қалалық мәслихат депутаттарына жүгінген. «2017 жылы жобалау басталды, 2019 жылы құрылыс жүрді. 2022 жылы жоба…
3 қараша күні Қазақстанның 14 облысы мен екі облыс орталығында ауа райы күрт нашарлайды. Көптеген өңірде жел күшейеді Қазгидромет дерегінше, республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, қар, жаңбыр және көктайғақ болады. Тек елдің оңтүстік-шығысы мен батысында ғана күн жауын-шашынсыз өтеді. Алматы облысында оңтүстік-шығыстан соққан жел күндіз солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с жетеді. Таулы аймақтарда тұман, Талдықорғанда түнде –1…–3°С дейін аяз күтіледі. Атырау облысында түнде және таңертең тұман түседі. Ақмола облысында боран мен көктайғақ күтіледі. Көкшетауда желдің екпіні 20 м/с дейін күшейеді. Павлодар облысында жаңбыр мен қар аралас, көктайғақ болады. Түркістан облысында күндіз желдің екпіні 20 м/с дейін күшейіп, өңірдің оңтүстігі мен батысында өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады. Абай облысында кей жерлерде желдің күші 23–28 м/с дейін жетеді. Шығыс Қазақстан облысында көктайғақ пен тұман,…
Мексиканың солтүстік-батысындағы тұрмыстық тауарлар дүкенінде болған жарылыс пен өрттен кемінде 23 адам көз жұмды, олардың арасында балалар да бар, ABC-ге сілтеме жасап. Өрт дүкен орталығында басталған Сонора штатының губернаторы Альфонсо Дурасоның айтуынша, өрт қаланың орталығында орналасқан дүкенде тұтанған. Жалын тез таралып, 12 адам түрлі жарақат алған, олардың барлығы алты түрлі ауруханаға жеткізілді. «Қаза тапқандардың көпшілігі улы газды жұтып, тұншығудан көз жұмған», – деді штаттың бас прокуроры Густаво Салас Чавес. Ол тергеу барлық нұсқаны қарастырып жатқанын, қасақана өртеу белгілері анықталмағанын атап өтті. Әлеуметтік желіде тараған кадрлар Желіде жарияланған бейнежазбаларда өрт дүкен ғимаратын түгел шарпығаны көрінеді. Бір видеода ауыр жарақат алған ер…
1 қараша күні таңғы сағат 07:15 шамасында Алматы – Бішкек тасжолының Қарасай ауданындағы 41-шақырымында ірі жол апаты болды. Оқиға салдарынан бірнеше адам түрлі жарақат алды. Lexus жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кеткен Полицияның алдын ала мәліметінше, Lexus RX300 автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шыққан. Салдарынан Toyota Land Cruiser 100 және Toyota Camry көліктерімен соқтығысқан. «Жол апаты кезінде барлық жүргізуші мен жолаушы түрлі жарақат алып, Қаскелең қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Toyota Land Cruiser жүргізушісі мен жолаушысы ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр», – делінген облыстық полиция департаменті хабарламасында. Тергеу амалдары басталды Қазір апаттың мән-жайы анықталып жатыр. Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша қажетті…
Қазақстан аумағында алдағы дүйсенбі күні ауа райы құбылмалы болады, «Қазгидрометке» сілтеме жасап. Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болады Синоптиктердің мәліметінше, 3 қараша күні республиканың көп өңірінде жаңбыр мен қар жауады, ал елдің солтүстігінде күшті жауын-шашын (негізінен қар) күтіледі. Тек батыс пен оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа райы жауын-шашынсыз өтеді. Көктайғақ пен тұман болуы мүмкін Еліміздің бірқатар өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді. Сондай-ақ солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде көктайғақ байқалады. Мамандар жолда абай болуға және көлік жүргізу кезінде сақтық шараларын қатаң сақтауға кеңес береді. Өрт қаупі жоғары өңірлер Жамбыл, Алматы және Қызылорда облыстарының кейбір аймақтарында өрт қаупі жоғары. «3 қараша күні Жамбыл облысының…
Қарағандыда Range Rover көлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы орын алды. Автомобиль бағдаршамның тірегіне соғылып, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Оқиға түнгі уақытта болған Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 2 қараша күні сағат 00:20 шамасында Крылов пен Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған. Алдын ала болжам бойынша, 50 жастағы жүргізуші көлікті басқара алмай, бағдаршам тірегіне соғылған. «Қатты соққыдан жүргізуші ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Көлікте өзінен басқа ешкім болмаған», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі. Куәгерлер видеоға түсіріп алған Instagram желісіндегі karaganda.city парақшасында жол апаты орнынан түсірілген видео жарияланды. Кадрларда көліктің қатты бүлінгені және оның бөлшектері жол бойына шашылып…