Ақмола облысының патрульдік полиция ротасының қызметкерлері көлігіне жалған тіркеу нөмірін орнатып, жол камераларын «алдап» өтпек болған жүргізушіні ұстады, облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Астана — Қарағанды — Алматы автожолының 1327-ші шақырымында патрульдегі полиция қызметкерлері елорданың 27 жастағы тұрғыны жүргізген Toyota Camry автокөлігіне назар аударды. Облыстық ПД патрульдік полиция ротасы 1-взводының командирі полиция капитаны Жангелді Әлібековтың айтуынша, құжаттарды тексеру кезінде тіркеу нөмірі ресми базада жоқ екені анықталған. «Жүргізуші Шымкенттен Астанаға барғанын және Балқашта жол камераларына түсіп қалмау үшін түпнұсқа нөмірді жалған нөмірге ауыстырғанын мойындады. Ол жаназаға асығып бара жатқандықтан, жылдамдықты асыратынын алдын ала білген», — деп атап өтті…
Автор: qaztimes
Маңғыстау облысының тұрғыны қаңғыбас мысық тістеп алғаннан кейін құтыру ауруынан көз жұмды. Бұл туралы Lada.kz сайты облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап жазды. Мамандардың айтуынша, ол дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген. Биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында Маңғыстау облысында 1351 адамды жануарлар тістеген немесе тырнап алған. «Олардың 52%-ы – балалар, 4,4%-ы – жасөспірімдер және 43,4%-ы – ересектер. 823 адамды ит қауып алған, 461 адамды мысық және 67 адамды басқа жануарлар (жылқы, тышқан, түлкі және т.б.) тістеген», — дейді Аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезді бақылау департаментінің бас маманы Жарас Белгібаев. Жыл басынан бері 1351 адам көмекке жүгінді. Олардың 801-іне құтыруға қарсы вакцина…
Шымкентте жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан оқушыны жеңіл көлік қағып кеткен. Бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Otyrar.kz-ке сілтеме жасап. Қайғылы оқиға бүгін таңертең Нұрсәт ықшам ауданында Назарбеков көшесі мен Шанин көшесінің қиылысында болды. «Жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан еді, қыз ба, ұл ма білмедім, мына жақтан келген көлік қағып кетті. Мен шошып кетіп, жолдан тез-тез өттім. Мектептен адамдар шықты. Көліктен түскендер баланы ұстап көрді, бала қимылсыз жатты», — дейді куәгер. Бейресми ақпаратқа қарағанда, көлікті әйел жүргізген. Ол тежегіштің орнына газды басып жіберген көрінеді. Марқұм №80 мектеп-лицейдің 1 «Д» сыныбында оқыған. Қайтпас-2 ықшам ауданынан келіп,…
Павлодар қаласындағы бір мектептің жанында тырдай жалаңаш жүгіріп жүрген ер адамның видеосы тарады. tipavlo телеграмм-арнасындағы видеоның авторы оғаш қылық танытып жүрген кісіні мектептің жанынан көргенін айтып, жазба жариялаған. Кейін полиция видеодағы адамды тауып, оны полицияға жеткізген. Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сенсек, ер адамды алдымен дәрігерлер қараған. Кейін оның үстінен әкімшілік іс қозғалған. «Оның үстінен «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалды. Іс материалдары сотқа кетті, шешімді сот шығарады», — деп хабарлайды Павлодар облысының полиция департаменті. Айта кетейік, жазда осылай заң бұзған қызылордалық бір азамат 55 мың теңге айыппұл арқалаған еді.
Қазақстан, Ақмола облысы – Полиция қызметі күшейтілген тәртіпке көшті. See Video
Астанада жас футболшыларға арналған QJ league Awards марапаттау шарасы өтті. Жиынға келген «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмырза Kursiv Media-ға сұхбат беріп, танымалдылығы жайлы пікірін айтты. «Шынымды айтсам, танымал болу көп энергияны алады екен. Мысалы, отбасыммен қалада жүрсем, көп адам келіп, мазамды алады. Жаман болады екен. Қатты мән бермеуге тырысамын. Ол туралы ойланбай, алдыма қойған мақсаттарыма жету үшін жұмыс істей беремін», — деді жас футболшы. «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмырза Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас қақпашылардың бірі атанды. Дебют жасаған сәтінде Қалмырзаның жасы небәрі 18 жас 3 ай ғана еді. Осы көрсеткішпен ол әйгілі Икер Касильясты басып озды. Испан…
Синоптиктер 4 қараша күні Қазақстанның 11 облысында дабылды ескерту жариялады. Ел өңірлерінде бұрқасындату, қар жауу, ауа температурасының күрт төмендеуі, желдің күшеюі мен көктайғақ күтіледі, деп мәлімдейді «Қазгидромет». Астанада кей уақытта қар жауып, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыс желі солтүстікке ауысып, екпіні 15–20 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы күрт төмендеп, 8–10 градус аяз болады. Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында түнде қалың қар жауады. Көкшетауда түнде және таңертең көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүстіктен соғатын желдің екпіні 15–20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде түнде желдің екпіні 23 м/с дейін күшейеді. Кей жерлерде көктайғақ болады. Күндіз жел солтүстіктен 15–20 м/с…
Төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары Ұлытау облысының Қызылжар ауылы маңында табылған ер адамды шұғыл түрде Жезқазғанға жеткізді. Дереккөзге сүйенсек, бақташы мотоциклге мініп, мал жаюға кеткен. Бірақ, үйіне оралмаған. Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, дәрігерлер ер адамды ауруханаға жіберген. «Ауыл тұрғындары оны Қызылжар ауылынан 105 шақырым жерде тапты. Оқиға орнына келген құтқарушылар тікұшақ шақырып, оны Жезқазғанға жеткізді», — деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі. Оның қалай жараланғаны және денсаулығына байланысты өзге ақпарат айтылмаған.
Астанадан Қостанайға бет алған FlyArystan ұшағы елорда әуежайына қайта оралуға мәжбүр болды. Компанияның мәліметіне сүйенсек, Қостанай әуежайында ұшу-қону жолағының қары тазаланбаған. Жалпы, компанияның мәліметіне сүйенсек, бүгін Қостанайда ауа райы бұзылған. «Қостанай-Астана» бағытындағы FS7342 рейсі бұның алдында Қостанайға ұшқан ұшақтың кеш оралуына себеп болған. Рейс жолаушыларына сусын мен тамақ берілді. Ұшақ Астанадан 17:05-те, ал Қостанайдан 18:50-де кері ұшады», — деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. Компания рейс кестесінде тағы да өзгеріс болса, алдын ала хабарлама жібереді.
Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы «Жұлдыз» мейрамханасында дәл той кезінде өрт шыққан: ТЖД мейрамхана иесіне айыппұл салды. Қазығұрт ауданы әкімдігінің редакцияға берген мәліметіне сүйенсек, өрт туралы ақпарат 30 қазан күні кешкі сағат 20:18-де келіп түскен. Жергілікті тұрғыннан «Жұлдыз» мейрамханасы жанып жатқаны жайлы хабарлама келіп түскен. «Өрт сөндірушілер ғимараттың сол жақ беткейінде жалпы көлемі 150 шаршы метр болатын банкет залының 30 шаршы метр төбе жабыны жанып жатқанын анықтады. Оның жану себебі: от шашу кезінде электр сымдарынан ақау шыққан», — деп хабарланған әкімдіктің бізге берген ақпаратында. Дереккөзге сүйенсек, ғимарат иесі ешкімге арыз-шағымы жоқ екенін айтып, өрт ережелері бұзылды деген хаттамамен келіскен. Видеодан байқағанымыздай,…