Автор: qaztimes

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Түркістан облысының бірқатар жергілікті атқарушы органдары басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеулер жүргізіп жатыр, комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Айта кетейік, ресми мәліметте қолға түскен шенеуніктердің аты-жөні жарияланбаған. «Атап айтқанда, қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін бөлінген 191 млн теңге бюджет қаражатын бағыныштысымен сөз байласып ұрлаған Қоғамдық даму басқармасының басшысы бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр», — деп хабарлады ҰҚК. Сондай-ақ, Ветеринариялық қызмет басқармасының басшысы оң қорытынды алу үшін комиссия өкілдеріне 16 млн теңге мөлшерінде пара берген. Бұл фактіні де Антикор тексеріп жатыр. «Соттың санкциясымен осы тұлғалар қамалды», — деп хабарлайды ҰҚК.

Read More

Қостанай облысында тоғыз спортшы облыс әкімдігіне қарасты дене шынықтыру және спорт басқармасын сотқа беріп, жеңіп шықты. Қостанай соттарының мәліметіне сүйенсек, спортшылар былтыр, яғни, 2024 жылы Астана қаласы мен Грекияның Корфу қаласында өткен Әлем чемпионаттарында жүлделі орын алған. «Сондықтан, олар сотқа арыз бере отырып, әкімдіктің дене шынықтыру басқармасын сол жеңістері үшін ай сайын ақшалай төлем тағайындау туралы әкімшілік акт қабылдауға міндеттеуді сұраған. Спортшылар Қостанай облысының атынан джиу-джитсу, грэпплинг және гир спорты бойынша халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған», — деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі. Сот анықтағандай, қолданыстағы заңға сай, әлем чемпионаттарында жүлделі орын алған спортшылар мемлекеттен ай сайын төлемақы алуға…

Read More

Осыдан бес күн бұрын, 23 қазан күні «Самара – Шымкент» автожолында, Ақтөбе облысындағы Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен жолаушы тасымалдайтын «Газель» көлігі соқтығысып, 12 адам қаза тапқан болатын. Оның екеуі – жүргізуші. Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі қаза тапқандардың отбасына қандай материалдық көмек көрсетілетінін айтты. Әкімдік мәліметінше, қаза болған 10 адамның (арасында бір үйдің адамдары да бар) отбасына 1 млн теңгеден материалдық көмек беріледі. Екі жүргізушінің әрекетіне қатысты тергеу жүріп жатыр. Айта кетейік, жол апатынан 12 адам қаза тапты, ал түрлі дәрежедегі жарақат алған алты адам Хромтау аудандық ауруханасында жатыр.

Read More

Нағыз патриотизм – бұл ұрандатып, жалынды сөздер айту емес, Отанға адал қызмет етіп, өз ісіңді жауапкершілікпен атқару. Бүгіннің патриоттары – қарапайым еңбек адамдары. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Жарқынбек Амантайұлы сұхбатында осындай пікір білдірді. Қазақстандық патриотизмді рулық, жүздік түсінікпен шектеуге болмайды Депутаттың айтуынша, патриотизм – ауқымды ұғым. Адам оны әр кезеңде әрқалай қабылдайды. Жастау шағында патриотизм көбіне ұран, жігер, мотивация арқылы сезілсе, есейе келе оның мәні өзгереді. Ақыл тоқтатып, қоғамға араласа бастағанда адал, тұрақты еңбек ету, қоғамға пайда әкелу – нағыз патриотизм екенін түсінеді. «Біз патриотизмді ұлттық таныммен байланыстыра қараймыз. Бұл дұрыс, бірақ ол заман ағымына сай бейімделуі керек…

Read More

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Маңғыстау облысында екі жаңа өндірістік цех іске қосылды. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңдеуші өнеркәсіпті дамыту және отандық өндірушілерді қолдау жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында жүзеге асырылды, партияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйене отырып. Республика күні қарсаңында Ақтау қаласында «Новые трубные технологии» ЖШС-нің екі жаңа өндірістік нысанының ашылу салтанаты өтті. Жиынға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Нұрбек Қарасаев, өңірдің жетекші мұнай-газ компанияларының өкілдері және өнеркәсіптік кәсіпорындардың делегациясы қатысты. Жиынды ашқан Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай жаңа өндіріс орындарының ашылуы Мемлекет басшысы жүргізіп отырған жүйелі өнеркәсіптік саясаттың нәтижесі екенін атап өтті. …

Read More

Бүгін Ақордадағы келіссөздерден кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Финляндия президенті Александр Стубб екі елдің бизнес форумына қатысты. Ақорда жазғандай, Тоқаев өз сөзінде бірнеше негізгі дүниелерге назар аудартқан. «Финляндия – халқымыз өте жақсы білетін ел әрі Қазақстанның стратегиялық деңгейдегі аса маңызды серіктесі. Бүгін Президент Александр Стуббпен жүргізген келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Финляндия арасындағы серіктестікті кеңейтуге және дамудың жаңа мүмкіндіктерін іздеуге ниетті екен растады. Былтыр Финляндияның Қазақстанға құйған тікелей инвестициясы 80 пайыздан асып, жарты миллиард долларға жуықтады», — деген Тоқаев. Президенттің мәліметіне сүйенсек, бүгінде Қазақстанда фин тарапының үлесі бар 50-ге жуық компания табысты жұмыс істейді. «Олардың арасында Tikkurila, Wärtsilä, Nurminen,…

Read More

Алматы қаласының арнайы прокурорлары есірткінің аса ірі көлемдегі контрабандасына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтап, істі сотқа жолдады. Тергеуге сүйенсек, жазасын пенитенциарлық мекемеде өтеп жатқан адам Америка Құрама Штаттарынан Алматыға есірткі құралы — марихуана мен каннабис сығындысы салынған сәлемдемелерді жеткізу арнасын ұйымдастырған. Қылмыстық әрекетке ұйымдастырушылар, кураторлар, қамқоршылар, дропперлер, жасырын белгілеушілер және өлшеп ораушылар тартылған. «Жедел іс-шаралар нәтижесінде «Жетісу» кеден бекетінде салмағы 43 кг құрайтын марихуана мен каннабис сығындысы салынған 25 сәлемдеме тәркіленді. Олар іс бойынша заттай дәлелдемелер деп танылды. 20 күдікті, оның ішінде Ұлттық қауіпсіздік органының 2 қызметкері және қылмыстық топтың қызметіне қамқорлық көрсеткен Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің 3 қызметкері ұсталды»,…

Read More

Қазақстан Республикасының президенті «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру қауіп-қатеріне баға беретін халықаралық орталықты құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңға қол қойды. Аталған құжат халықаралық деңгейде қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған. Заңның толық мәтіні баспасөзде жарияланады.

Read More

Қостанай облысының тұрғыны азан шақырып қойған «Ұлболсын» есімін «Айша» деп өзгертіп, әлеуметтік желіде танымал болды, деп жазады Azattyq Rýhy. Ол есімін ауыстырған сәтінің видеосы желіде кеңінен тарап, қазақстандықтардың қолдауына ие болды. «Мен енді ресми түрде Айша Рахымжанқызы болдым», — деп жазды ол. Оның видеосы сегіз сағат ішінде 1,9 млн қаралым және екі мыңға жуық пікір жинаған.

Read More

Астана қаласының прокуратурасы жалақы төлеу мәселесін ерекше бақылап, тығырыққа тап болған қызметкерлердің құқығын қорғаған. Жалпы, дереккөзге сүйенсек, Астанада жалақысын ала алмай жүрген мыңнан астам адам тіркеліпті. Оларға жұмыс берушілері 1,1 млрд теңге қарыз болған. Солардың арасында жалақысының орнына көлік алғандар бар. «Мысалы, прокуратураның қадағалау актісі негізінде сот орындаушы берешекті өтеу есебінен серіктестікке тиесілі 9 млн теңге тұратын көлік құралын жеке тұлғаға берді», — деп хабарлайды прокуратура. Тағы бір компания 60 қызметкеріне жалақы төлемей жүрген. Іске прокуратура араласқан соң компания 16 млн теңге мөлшеріндегі дебиторлық берешегін мәжбүрлі түрде өтеген.

Read More