Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге сапарлап келген Финляндия президенті Александр Стуббпен келіссөз жүргізді. Ақорданың мәліметіне сүйенсек, тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылаған. Соның ішінде, Тоқаев Финляндия қазақстандықтар арасында танымал туристік бағыт екенін еске салды. «Сіздің сапарыңыз – екіжақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беру тұрғысынан өте маңызды. Қазақстан мен Финляндия арасында достыққа әрі өзара түсіністікке негізделген ықпалдастық орнаған. Екі елдің ортасында шешімін таппаған мәселе жоқ. Дегенмен инвестиция және сауда салаларында бірқатар мүмкіндік бар. Сіздің бастамаңызбен өтіп жатқан бизнес-форумның орны ерекше. Бүгін аталған жиынға қатысамын. Бұл кәсіпкерлеріміздің іскерлік байланыстарды өрістетуіне зор септігін тигізеді деп ойлаймын. Бұдан бөлек, гуманитарлық ынтымақтастыққа айрықша мән береміз.…
Автор: qaztimes
«AMANAT» партиясы Ақтөбе облысында сайлауалды бағдарламаның жүзеге асырылуын қадағалауды күшейтуде, Azattyq Rýhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады. Үш жылда партияның сайлауалды бағдарламасы аясында Ақтөбе облысында ауқымды әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар іске асырылды. 2,1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды, 17 мектеп ашылып, 3 ауруханаға және 6 мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізілді. Биыл өңір экономикасына 600 млрд теңге инвестиция тартылып, 10 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды. Ауыл тұрғындарын таза сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 99,2%-ға жетіп, 530 шақырымнан астам жол жөнделді. Қазіргі уақытта каденцияның бел ортасында тұрғандықтан, бұл жұмыстар «AMANAT» партиясының сайлауалды уәделерінің нақты нәтижелерін көрсетуі тиіс. Партия…
Әнші Жанар Айжанованың күйеу баласы, travel-блогер Сәкен Қағаров, өзін алаяққа алданғанын айтты. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында видеограф әріптесінің Сәкен Қағаровтан камера сатып алып, бірақ ақшасын өтемей кеткенін жазды. «Өте жақын танысыма сатқан едім, арада 10 ай өтті. Үнсіз кетті, 200 мың теңгеге алған. Әрине, бұл өте үлкен сома емес, бірақ мәселе адамның сенімінде», — деді блогер. Сәкеннің айтуынша, танысы қарызын бір-екі күнде қайтаруға уәде берген, алайда бірнеше ай өтсе де, сатып алған заттың ақысын қайтармаған. Сәкен Қағаровтың жазбасына көпшілік қолдау білдірді, тіпті дәл осы адамнан зардап шеккендер де анықталды. «Ол бұрын бізден техника жалдап, ақшасын төлемей кеткен. Біз оған…
Қазан айында Қытай Халық Республикасы Алтынкөл мемлекетаралық түйіспесі арқылы қабылдайтын пойыздардың санын азайтқан. Осыған байланысты, Қазақстан мен Қытай шекарасында 3 мың вагон жиналып қалған. «Қазақстан Темір Жолы» компаниясының мәліметіне сүйенсек, бұл уақытша әрі мәжбүрлі шаралар. «Қытай Халық Республикасы Алтынкөл мемлекетаралық түйіспесі арқылы бұрын 14 пойыз қабылдаса, қазан айында 10 пойыз, ал жекелеген күндері 6 пойыз ғана қабылдады. ҚХР уәкілетті органдары Үрімші және Бейжің қалаларында сынамаларды іріктеу мен зертханалық талдауды қоса алғанда, астық жүктерін терең тексеріп жатыр. Тексеру 5-тен 10 күнге дейін созылады», — деп хабарлайды ҚТЖ. Сондықтан, Қытайға қарай жүк тиеп шыққан 3 000 вагон қозғалыссыз қалған. «Инфрақұрылымның тұрақты және…
Бүгін, 28 қазан күні таңертең Ақтаудағы тұрғын үйдің жертөлесінде газ баллон жарылып, бес адам ауруханаға түсті, жергілікті «Лада» сайтына сілтеме жасай отырып. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, газ баллоны бүгін 28 қазан күні, таңғы сағат 09:03-те жарылған. «Әсия» тұрғын үй кешеніндегі жертөледе баллон жарылған. Оқиға орнына 11 құтқарушы мен 4 техника келді», — деп хабарлайды Маңғыстау облысының ТЖД. Ал, облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, жарылыстан бес адам жараланған. Олардың екеуі — бала. «2010 жылы және 2015 жылы туған екі бала ауруханаға түсті», — деп хабарлайды басқарма. Жараланғанлардың денсаулығына қатысты әзірге ақпарат жоқ.
2020 жылы 9 шілде күні Өскемен қалалық полиция басқармасының сол кездегі басшысы Дәуір Ибраев коронавирустан көз жұмған еді. Бүгін офицердің құрметіне қаладағы №30 мектепте «Жас сақшы» сыныбы ашылды. Polisia.kz мәліметіне сүйенсек, 6-сыныптың 21 оқушысы дәл осы сыныпта білім алмақ. «Дәуір Ибраев 1978 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Ол ведомстволық жоғары оқу орнын тәмамдап, 2000 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының полиция құрылымдарында қызмет атқарған. Еңбек жолында Бородулиха және Шемонаиха аудандарының ішкі істер бөлімдерін басқарған, ал 2016 жылдан бастап Өскемен қалалық полиция басқармасының бастығы қызметін атқарған», — деп еске алады әріптестері. Ал сыныптың ашылуына Дәуір Ибраевтың ата-анасы мен туыстары, сондай-ақ оқушылардың ата-аналары…
Қазақстан мен Финляндия президенттерінің келіссөзі екі ел делегацияларының қатысуымен одан әрі жалғасты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Финляндия Қазақстанның Солтүстік Еуропа мен Еуропа Одағындағы басты сауда серіктесі саналады. Ақорда жазғандай, Тоқаев Финляндияның таза энергетика, технология, цифрлық инновация, экологиялық жауапкершілік, басқару, білім беру және адам капиталы бағыттарындағы жоғары стандарттары әлемдік деңгейде мойындалғанын атап өтті. Аталған салалардағы Финляндияның жетістіктері көптеген елге, соның ішінде Қазақстанға да үлгі. «Сіздің басшылығыңызбен Финляндия Еуропада, сондай-ақ әлемде сындарлы рөл атқарады. Мемлекеттік ұстанымыңыз бен құндылықтарға беріктігіңіз Финляндияны дүние жүзіне үлгілі ел ретінде танытып отыр. Біз мұны жоғары бағалаймыз. Қазақстан Финляндиямен достық қарым-қатынасқа баса мән береді. Бұған дейін қол жеткізілген…
Ақмола облысының Щучинск қаласында ірі алаяқтық оқиғасы тіркелді. Пәтерін сатқан әйел алданып, 11,8 млн теңгесінен айырылды. Полицияның мәліметінше, алаяқтар кең тараған «кибершабуыл» әдісін қолданған. Олар өздерін полиция қызметкеріміз деп таныстырып, жәбірленушіні «шотыңыздағы ақшаны әлдекімдер алып қояйын деп жатыр» деп қорқытқан. Кейін «ақшаңызды қауіпсіз шоттарға салып қойыңыз» деп кеңес берген. «Щучинск қаласының тұрғыны да осы кибералаяқтықтың құрбаны болды. Өздерін полиция қызметкеріміз деп таныстырған алаяқтар әйелдің шотына шабуыл жасағанын, әлдекімдердің оның атына несие алғалы жатқанын айтып қорқытқан. Шоттағы ақшаны «құтқару» үшін алаяқтар оған дропперлердің шоттарын берген. Әйел әртүрлі терминалдан 32 операция жасап, ақшасын алаяқтар көрсеткен дропперлердің шотына аударған», — деп хабарлады полиция.…
Финляндия президенті Александр Стубб фин компаниялары Қазақстан нарығындағы қызметін кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді. Ақорда жазғандай, тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. «Бүгінгі кездесулерге дайындық барысында делегациядағы кәсіпкерлердің бірі «Қазақстандағы өзгерістің бәрі жедел жүріп жатқанын түсіну керек. Сондықтан баяу қимылдап, бюрократияға жол беруге болмайды» деді. Бұл дамудың даңғылына түскен елдеріміз үшін қуанарлық жағдай, – деді Финляндия президенті. Бұл келіссөз кезінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндияны Қазақстанның Солтүстік Еуропа мен Еуропа Одағындағы басты сауда серіктесі деп бағалаған еді.
Атырау облысы Жылыой ауданы Қосшағыл ауылында ІІ топтағы мүгедектігі бар зейнеткер әйел ұрыдан жапа шекті: зейнеткердің үйіне баса-көктеп кірген әйел оның бетіне сірке суын шашып, алтын бұйымдарын алып кеткен, деп жазады Azattyq Rýhy. Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, сірке суы кейуананың беті мен көзін күйдірген. «Қарақшы әйел ІІ топтағы әженің бетіне сірке суын шашып, үйінен бірнеше алтын бұйым алып кеткен. Зейнеткердің бетін күйік шалып, көзіне де зақым келген», – деп жазады дереккөз. Зейнеткердің қызының айтуынша, анасының көзі ауырғанына қарамастан дәрігерлер оны ауруханаға жатқызбай, үйіне қайтарған. Ал полиция қазір күдікті әйелді іздеп жатыр.