Қазіргі таңда қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі – балалар мен жасөспірімдердің психологиялық жағдайы. Соңғы жылдары мектеп оқушылары арасында буллинг, зорлық-зомбылық және суицид жағдайларының тіркелуі білім беру жүйесінде психологиялық қолдау қызметін күшейтуді талап етті. Осы орайда мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде 20 психологиялық қолдау орталығы құрылып, 8 мыңнан астам мектеп психологы белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Жыл басынан бері орталықтар 13 544 балаға және 9745 ата-анаға консультациялық көмек көрсеткен. Бұл – балалардың психологиялық саулығын қамтамасыз етуде педагог-психологтардың еңбегі зор екенін дәлелдейді. Оқу-ағарту министрлігі педагог-психологтардың штатын арттыру, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және олардың кәсіби дамуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі шаралар қабылдап жатыр. 2025 жылы 2462…
Автор: qaztimes
Астанада Mega Silk Way сауда ойын-сауық орталығында перформанс жасаған ер адам 15 тәулікке қамауға алынды. Ол дәретханадан тек іш киіммен жүгіріп шығып, қолына «Маған пәтер сыйлаңдар» деген жазуы бар плакат ұстап, дәл сол сөзді айқайлап сауда орталығы ішінде жүгірген. Сот дерегінше, оқиға 2025 жылғы 21 қазанда болған. Ер адам бұл қылығының себебін Беларусьтің трэш-стримерінің «тапсырмасын» орындаумен түсіндірді. Айтуынша, стример «пәтер ұтысын» жариялап, қорлайтын немесе қауіпті әрекеттер жасауға дайын адамдар арасында «жүлде ойнатқан». Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қарады. Сот ер адамның әрекетін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша «ұсақ бұзақылық» деп таныды. Ол…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Ақорда жазғандай, жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды және бауырлас түрік халқын Түркияның ұлттық мейрамы – Республика күнімен құттықтады. «Президент биыл Түркияға жасаған ресми сапары аясында Режеп Тайип Ердоғанмен мазмұнды келіссөздер жүргізгенін атап өтіп, Анкарада қол жеткізілген уағдаластықтар мен маңызды бастамалар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға зор серпін беретініне сенім білдірді», — деп жазады Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның жауапты қызметіне толағай табыс, ал бауырлас Түркия халқына құт-береке тіледі.
Атырау облысы Құлсары қаласында көшеде жүрген жасөспірімге түйе шабуыл жасады. Жарақат алған жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Оқиға 26 қазанда «Үшінші» ықшамауданында болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап. Қалада көшенің жиегінде байлаулы тұрған түйе кенеттен арқанын үзіп, қасынан өтіп бара жатқан жасөспірімге қарай тұра ұмтылған. Видеода жануардың баланы қуып жетіп, құлатқаны және жерге қысып жатқан сәті түсірілген. Түйе жасөспірімді тек жақындап келген көліктің дабылынан кейін ғана босатқан. Зардап шеккен бала аудандық ауруханаға жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетілді. Кейінірек түйе ұсталды, алайда оның иесін анықтау мүмкін болмаған. Құлсары қаласының әкімі Қадыржан Әдиновтің айтуынша, жануардың сырғасы бар және ол…
Көкшетауда қарт кісі пәтерімен бірге тірідей жанып кете жаздады. Көкшетау қаласындағы Боровской шағын ауданында бес қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде өрт шықты. Құтқару жұмысы барысында автосатының көмегімен пәтер иесі, 1943 жылы туған зейнеткер терезе арқылы құтқарылды. Ол жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Сонымен қатар, құтқарушылар түтінге толған пәтерден мысықты алып шықты. Реанимациялық шаралардың көмегімен үй жануары құтқарылды. Өрт толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Қарны аш балаға көмек көрсетіп, жеміс-жидек алып берген әйел адамның әрекеті жұртты елжіретті. Бұл оқиға әлеуметтік эксперимент ретінде түсірілген. Онда қарны аш баланың жеміс-жидек сататын дүкеннен бір тал алма ұрлап жатқанын, оны сатушының ұстап алған сәтін байқауға болады. «Қарным аш, үш күн тамақ ішкен жоқпыз, анам ауырып жатыр», — деп ақталды видеодағы бала. Осы сәтке тап болған әйел адам баланы құтқарып қалып, қажетті жеміс-жидектер сатып алып береді. Ал оның бұл әрекетін желі қолданушылары оң бағалап, жылы лебіздерін білдірді. «Осындайға сенуден қалдық қой», «Аш болғандарды тамақтырыңдар себебі кімнің ертең не болары белгісіз», «Жүрегім езіліп, көзіме жас үйірілді ғой», «Алла разы болсын.…
Жетісу облысында 28 жастағы ер адам есірткі ұсталып, қамауға алынды. Жетісу облысында есірткі құралдарының заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында кезекті сәтті операция өткізілді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Талдықорған қаласында Көксу ауданының 28 жастағы тұрғыны ұсталды. Тінту кезінде оның үстінен қара изолентаға оралған 20 зип-пакет табылып, ішінен жалпы салмағы 39 грамнан асатын синтетикалық каннабиноид тәркіленді. «Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, күдікті қамауға алынды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297-бабына сәйкес, есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлікті тәркілеу жазасын көздейді. Құқық қорғау…
«Қазгидромет» РМК 29 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Ұлытау облыстарында түнде -2…-8°С дейін суытады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз ауа температурасы +8…+15°С аралығында жылы болады. Астанада бұл күні жауын-шашынсыз, күндіз +11…+13°С күтіледі. Еліміздің оңтүстік өңірлерінде жауын-шашынды ауа райы сақталады. Түркістан облысының таулы аймақтарында жаңбыр мен найзағай күтіледі, түнде +7…+12°С, күндіз +19…+24°С. Жамбыл облысында да таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шымкентте ауа температурасы күндіз +19…+21°С шамасында. Кешкі уақытта тұман түсу ықтималдығы бар. Алматы, Жетісу және Алматы облыстарында да жауын-шашын байқалады. Таңертең…
Қазақстанда 1 қарашадан бастап сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің көлемін есептеудің жаңа әдістемесі күшіне енеді. Осыған дейін кейбір БАҚ беттерінде жаңа есептеу тәртібі енгізілген соң қазақстандықтар көршілерінің шығыны үшін артық ақша төлейді деген ақпарат тараған еді. Алайда Индустрия және құрылыс министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның мәлімдеуінше, қабылданған әдістеме жаңа төлемдерді енгізбейді және су үшін ақы төлеу мөлшерін ұлғайтпайды. Министрліктің түсіндіруінше, құжаттың мақсаты суды жеткізу және бұру көлемін анықтаудың бірыңғай ережелерін белгілеу. Бұрынғыдай төлем су есептегіш құралдарының көрсеткіштері бойынша жүргізіледі, яғни тұтынушы мен су арнасы желілерінің шекарасында орнатылған құрылғы деректері негізге алынады. Ал есептегіші жоқ тұтынушылар үшін төлем мөлшері…
Қазақстандық сегіз боксшы жасөспірімдер Азиадасының финалында алтын медаль үшін таласады. Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бокстан жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды. Жартылай финалдың нәтижесі бойынша сегіз қазақстандық боксшы ақтық сында шаршы алаңға шығады. Аяулым Оспанова (66 келіге дейін), Камила Оспанова (75 келіге дейін), Елнұр Қоңырат (80 келіден жоғары), Арман Мырсәбит (46 келіге дейін), Жұмағали Нұрмахан (50 келіге дейін), Досжан Жұмақан (54 келіге дейін), Даниял Шалқарбай (66 келіге дейін), Мұхамедәлі Рүстембек (80 келіден жоғары) ақтық сында алтын медаль үшін таласады. Ал Рамина Маханова (54 келіге дейін) және Санжар Матасов (75 келіге дейін) қарсыластарына жол беріп, жарысты қола жүлдемен…