Түркияның батыс өңірінде болған жер сілкінісінен кейін елдің Денсаулық сақтау министрі Кемаль Мемишоғлу зардап шеккендер туралы ақпарат берді. Министрдің сөзінше, зілзала кезінде секіріп кеткен, құлап кеткен 19 адамның төртеуі емін аяқтап, ауруханадан шыққан. Қалғандарының жағдайы бірқалыпты, олар медициналық көмек алып жатыр. «Барлық науқастарға тез сауығып кетуді тілеймін. Жаратқан еліміз бен халқымызды кез келген апаттан аман етсін», – деп жазды Мемишоғлу әлеуметтік желідегі парақшасында. Президент Режеп Тайып Ердоған өңір әкімдеріне төтенше жағдайға жедел әрекет етіп, зардап шеккендерге барынша көмек көрсетуді тапсырды. Anadolu агенттігінің хабарлауынша, 27 қазанда Түркияда күші 6,1 баллдық жер сілкінісі болды. Эпицентрі Балыкесир провинциясындағы Сындыргы қаласы маңында, шамамен…
Автор: qaztimes
Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Абай облысындағы департаменті әлеуметтік желіде таралған ақпаратты жоққа шығарып, ресми мәлімдеме жасады. Комитеттің мәліметінше, Семей түрмесінде жазасын өтеп жатқан оншақты адам емес, тек бір адам ғана ауруханаға түскен. Айта кетейік, әлеуметтік желіде түрмеде жатқан оншақты адам ауруханаға түсті деген ақпарат тараған еді. «Абай облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті түрмеде оншақты адамның жаппай ауруханаға түскені туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Қыз зорлағаны үшін жазасын өтеп жатқан бір адам ауырып, медициналық бөлімшеге түскен. Оны тексерген дәрігерлер бірден жедел жәрдем шақырған. Алайда бұл шараларға қарамастан, ол адам ауруханада көз жұмды», – деп хабарлайды департамент. Департамент жалған ақпарат таратудың соңы…
Абай облысының Курчатов қаласында жылу электр станциясын салу үшін тендер жарияланады. Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. Министрлік президенттің таза көмір технология базасында көмір генерациясын дамыту бойынша тапсырмасына сәйкес, экологиялық талаптар мен нормаларға сай келетін бірқатар ірі жобаны жүзеге асырмақ. «Бүгінгі таңда 3-ші Екібастұз мемлекеттік аймақтық электр станциясының құрылысы үшін инвесторды айқындау бойынша тендер өткізілді және Курчатов қаласында Жылу электр станциясын салу үшін тендер жариялау жоспарлануда. Сондай-ақ, тікелей шарттар аясында министрлік «Самұрық-Энерго» АҚ-мен бірлесіп Көкшетау, Семей, Өскемен қалаларында жылу электр орталықтарын салуға арналған жобаларды іске асырып жатыр, онда түтін газын тазалаудың озық жүйелері, ауыр металдарды ұстау технологиялары қолданылады», -…
Арал-Сырдария бассейні су инспекциясы 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында су заңнамасын бұзғандарға қатысты 439 әкімшілік іс қозғады. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов инспекцияның жыл басынан бергі жұмыс қорытындысын тыңдау барысында мәлім болды. Министрліктің ақпаратына сүйенсек, осы кезеңде су заңнамасын бұзғандарға салынған айыппұлдың жалпы сомасы 46,7 млн теңгені құрады. Сонымен қатар жыл басынан бері Арал-Сырдария бассейндік су инспекциясы Қызылорда және Түркістан облыстарында арнайы су пайдалануға 286 рұқсат берген. Инспекция басшысы Зейнолла Қазтоғановтың айтуынша, өткен вегетация кезеңінде заңсыз су алу және тіркелмеген сорғы қондырғыларын орнату фактілері анықталған. «Суармалы суды әділ бөлу мақсатында инспекторлар министрліктің орталық аппараты мен…
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында еліміздің барлық өңірінде «Жастар Рухы» Жастар қанатының ұйымдастыруымен жастарға арналған «Тарихқа тағзым» танымдық экскурсиясы өтті «AMANAT» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Шараның мақсаты – тарихи-мәдени нысандарды таныстыру арқылы жастардың тарихи санасын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және елге деген сүйіспеншілікті арттыру. Акция аясында қатысушылар еліміздің әр өңіріндегі тарихи-мәдени орындарға экскурсия жасап, ел тарихындағы маңызды оқиғалар мен тұлғалар туралы тың мәліметтер алды. Мұндай бастамалар өскелең ұрпақтың туған жерге деген құрметін арттырып, халықтың рухани байлығы мен мәдени мұрасын сақтау ісіне серпін беруде. «Тарихқа тағзым» акциясы жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттап, тарихи сананы қалыптастыруға елеулі үлес қосуда.…
Биыл қыркүйекте бес шетелдік азамат Алматыда теракт жасамақ болған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен мәлімдеді. Қазір олардың бәрі ұсталған және тергеліп жатыр. «Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында 5 шетелдік азаматтың 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарлаған террорлық актісінің алдын алды. Олардың барлығы қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр», — деп хабарлайды ҰҚК. Бұдан өзге, биыл қыркүйек пен қазанда терроризмді насихаттады деген күдікпен қылмыстық істер аясында Қазақстанның сегіз азаматы қамалған. Тағы алты адам террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.
Энергетика министрлігі дрон, робот және жасанды интеллект көмегімен электр желілері мен жылу құбырларындағы ақауларды тексеріп, миллиардтаған теңгені үнемдеуді жоспарлап отыр. Энергетика министрлігі осы салада ЖИ технологияларын енгізу мәселесін пысықтап жатыр. Отын-энергетика кешенінде жасанды интеллект енгізу жөніндегі акселерациялық топ құрылған. Оның құрамына саланың жетекші компанияларының өкілдері кіреді. «Параллельді түрде салада жасанды интеллект шешімдері бар жаһандық вендорлар мен ІТ-компаниялардан құралған AI-альянс құрылды. Отандық ІТ әзірлеушілерді қолдау мақсатында Энергетика министрлігі мен Astana Hub резиденттері арасында салаға жасанды интеллект шешімдерін бірлесіп апробациялау және енгізу жөніндегі меморандумдарға қол қойылды», — деді энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында. Оның айтуынша, биыл екі жасанды интеллект шешімі…
Екібастұзда ерекше балаларды емдейтін орталықтың қызметкері сәбиді ұрып, қинаған. Желі қолданушысы таратқан видеода ер адам шамамен төрт-бес жасар баланы жатқызып, үстіне отырып алған. Қиналып, қашуға тырысқан сәбидің басынан ұрған. «In.time.in орталығында балаларды осылай жаттықтырады. Бейнебақылау камерасы қосылып тұрғанына қарамастан, тәрбиеші қыз балаға осылай қатыгездік жасап отыр. Бұл нені білдіреді? Демек, ол мұндайды бұрын да істеген, ол үшін жазаланбаған, сондықтан бұлай істеуді әдетке айналдырған. Қандай қорқынышты… Бұған дейінгі жаттығуларда не болғанын елестетудің өзі қиын. Өкінішке қарай, өзге видеолар жарияланбай отыр», — деп жазды видео авторы. Айтуынша, бала 30 минут бойы азапқа түскен. Болған оқиғаға байланысты Павлодар облысы бойынша баланың құқықтары жөніндегі…
Ақтөбе қаласында мобильдік «bingo37.pro» қосымшасы арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, қылмыстық кірістерді заңдастырған ұйымдасқан топтың мүшелері мен қатысқан адамдар сотталды.Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметіне сүйенсек, ұйымдастырушылар адамдарды платформада тіркеп, әрбіріне «логин», «пароль» және ойындарға кіруге сілтеме берілген. «Заңсыз онлайн казиноның күн сайын 150 000 нан 200 000 ға дейін түсіп отырған. Қылмыстық кірістерді жылыстату мақсатында алаяқтар «дропперлерді» тартқан, яғни банктік карталары арқылы ақшаны қолма қол айналымға өткізген», — деп хабарлайды ҚМА. Дереккөзге сүйенсек, онлайн казино ашқан адамдардың бірі 2020 жылы дәл осындай қылмыс бойынша қолға түсіп, жазаланған болатын, бірақ соған қарамастан заңсыз қызметін тоқтатпаған. «Сот үкімімен тоғыз кінәлі адамға 2 жылдан 9 жылға…
Екі адамның өмірін қиған жол апаты Бейнеу-Шетпе-Ақтау тас жолында болды. Маңғыстау облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Полицияның мәліметінше 26 қазанда шамамен таңғы сағат 7:30-да кезекшілік пунктіне Бейнеу-Шетпе-Ақтау тас жолында жол апаты болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Mercedes-Benz жүргізушісі жылқыны қағып кеткені анықталды. Оның артынан келе жатқан Nissan Teana да малмен соқтығысқан. Апат салдарынан Mercedes-Benz көлігіндегі екі жолаушы көз жұмды. «Жол апаты фактісіне қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады ведомство.