Автор: qaztimes

Таразда автобус аялдамасында тұрған қыз баланы ұрлау ісіне қатысты Ішкі істер министрлігі түсініктеме берді. Полицияның хабарлауынша, бұл іс бойынша үш күдікті ұсталып, тергеу «Некеге мәжбүрлеу» бабы бойынша жүргізіліп жатыр. ІІМ-нің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, ұсталған үш адам уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу барысы ІІМ басшылығының ерекше бақылауына алынған. Осыған дейін куәгерлер автобус аялдамасынан қызды күштеп көлікке отырғызып әкеткен сәтті видеоға түсірген еді. Жазбада қыз баланың қарсылық танытып, қашып кетуге тырысқаны, ал айналасындағы адамдардың көмектеспек болғанымен, оны тоқтата алмағаны байқалады. Полиция оқиғаға қатысы бар барлық адамның тұлғасын анықтап, олардан жауап алған. «Тараптар бұрыннан таныс болғаны анықталды, өзара ешқандай шағымдары…

Read More

Талғарда Хасан Қасымбаевқа қатысты сот ісі аяқталуға жақын. Бүгінгі прокурор оған 15 жыл жаза тағайындауды сұрады. Тергеу нұсқасына сәйкес, 2021 жылы Қасымбаев аралас жекпе-жек жаттықтырушысы Арман Әлімовты ұрлап, оны аяусыз ұрып-соққан. Сондай-ақ оған 2016 жылы Аюпжан Тәжиевке жасалған шабуыл ісі бойынша тағы бір айып тағылып отыр. Бұл іс бойынша Қасымбаевпен бірге тағы бес ер адам сотқа тартылған. Олардың барлығы сотта өздеріне тағылған айыптарды қолдан жасалған деп мәлімдеді. Хасан Қасымбаевтың есімі бір жыл бұрын кеңінен танылған еді. Оны «Хуторлықтар» ұйымдасқан қылмыстық тобымен байланыстырады. Бұл топ 16 жастағы Шерзат Полатты қатыгездікпен өлтіру ісіне қатысы бар деген болжам бар. Алайда Қасымбаев қылмыстық топпен…

Read More

Ақтөбе облысындағы 12 адам қаза тапқан жол апатында ауыр жараланған науқас Астанаға арнайы ұшақпен жеткізілді. 50 жастағы ер адам Қазақстан ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшағы арқылы елордаға жеткізілді. Науқастың жағдайы ауыр болғандықтан, оны шұғыл түрде Астанаға тасымалдау қажет болды. «Ұшақ медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп, бортта дәрігерлер үздіксіз бақылау жүргізді. ТЖМ экипажы мен медициналық бригада науқастың қауіпсіз және жылдам жеткізілуін қамтамасыз етті. Ер адам елордалық мамандардың бақылауымен емін жалғастырады», — делінген ҚР ТЖМ хабарламасында. Айта кетейік, Ақтөбе облысындағы қорқынышты жол апатынан 12 адам тіл тартпай кеткені, оның ішінде 10 адам бір ауылдан шыққаны осыған дейін хабарланған болатын.

Read More

2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша 55 мейрамхана пайдалануға берілді – бұл соңғы жеті жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткіш. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 1,8 есеге артқан. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық статистика бюросының есебінде айтылған. Data Hub мәліметінше, жалпы пайдалануға берілген отыратын орындардың саны туралы дерек он жылдық мерзім бойынша келтірілген. 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы көрсеткіш – 16,2 мың орын, бұл 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларынан бергі ең жоғары деңгей (сол кезде 19,4 мың болған). Алайда бір мейрамханаға шаққандағы орташа орын санын есептеу мүмкін емес. Себебі статистикаға енгізілген мейрамханалар санына тек жаңадан салынған нысандар кірсе, ал отыратын орындар санына қайта жөнделген нысандар…

Read More

Желі жұлдызына айналған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртазаның қол астындағы педагогтар бүгінге дейін қандай қателіктерді біліп тұрып жасағанын мойындады. Директор желідегі парақшасында қызметкерлерімен «Біз тыңдаймыз, бірақ жұмыстан шығармаймыз» ойынын ойнады. Оның шарты бойынша мұғалімдер қандай қателіктер жасағанын мойындады. «Мен директордың келісімінсіз 10 баланы мектептен ауыстырып жібергенмін», «Директордан сұранғанмын деп тәрбие ісінің меңгерушісіне өтірік айтқанмын», «Сабаққа кешіккен оқушыны кіргізбей қойып, оны артынан 45 минут бойы өзім іздегенмін», «Мектептің музыкалық аппаратурасын директордың келісімінсіз басқа мектепке беріп жібергенмін», «Қатты шаршағанымнан 9-сыныпқа ұйықтап тұрып, сабақ өткізгенмін», «Мен балалардан жинап алған темекінің бәрін күйеуіме апарып бергенмін», — дейді мұғалімдер. Мұғалімдердің бұл сөзі жұртты таң қалдырып, олар…

Read More

Пара алғаны үшін сотталған Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың тойда жүрген видеосы тарады. Видеоға мән берсек, экс-шенеуніктің тойда алдыңғы қатарда құрметті қонақтардың қатарында жүргені байқалады. Хаменованың жазасы кейінге қалдырылған шартты түрде сотталғанын және пробация қызметінің бақылауында екені белгілі болды. «Бақытгүл Хаменова Атырау қаласы №2 сотының заңды күшіне енген үкімімен жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Кәмелетке толмаған баласының барын ескере отырып, сот Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1-бөлігін қолданып, жазаны өтеуді үш жыл мерзімге, бірақ баласы 14 жасқа толғанға дейінгі уақыттан аспайтындай етіп кейінге қалдырды», – деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК). Ведомствоның хабарлауынша, жазаны өтеу мерзімінің кейінге қалдырылған кезеңінде сотталған…

Read More

Астанада жол талғамайтын Lexus көлігін мінген жүргізуші жолаушыны қағып өлтірді. Қайғылы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Видеоға назар аударсақ, жаяу жүргіншінің арнайы белгісі бар орыннан өтіп бара жатқанын байқауға болады. Оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаменті ресми түрде түсініктеме берді. «Lexus» маркалы автокөліктің жүргізушісі Алаш тасжолы бойымен қозғалып келе жатып, жаяу жүргінші өткелінен өтіп бара жатқан адамды қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр», — делінген түсініктемеде. Астана қалалық Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жаяу…

Read More

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаржы пирамидасын ұйымдастыру ісі бойынша тоғыз адамға қатысты қылмыстық іс қаралды. Іс материалдарына сәйкес, негізгі айыпталушы Н. Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі 2) тармағы (аса ірі көлемде алаяқтық), 217-бабының 3-бөлігі 2) тармағы (аса ірі көлемде қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету) және 218-бабының 3-бөлігі 3) тармағы (қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру) бойынша айыпталған. Тергеу деректері бойынша, Н. 2022 жылдың шілдесінен бастап танысы Б.-ның сеніміне кіріп, жалпы сомасы 25 миллион теңгені құрайтын алтын бұйымдарын алып, қайтармай иеленіп кеткен. Сонымен қатар, 2024-2025 жылдары «Nazira Gold» атауымен қаржы пирамидасын құрып, оны әлеуметтік желілерде жарнамалаған. Ол азаматтарға…

Read More

Қытай тарапының шақыруымен Қазақстанның сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барды. Сапар барысында ол Қытай Халық Республикасының Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі, сыртқы істер министрі Ван Имен конструктивті кездесу өткізді. Е.Көшербаев Қытай тарапын ҚХР құрылуының 76 жылдығымен және Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің 20-шы шақырылымдағы IV пленумының сәтті өтуімен құттықтады. Сұхбаттастар екіжақты өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін, сондай-ақ биік және жоғары деңгейде жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын жан-жақты талқылады. Сауда-экономика, энергетика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы бірлескен жобалардың практикалық іске асырылуына ерекше назар аударылды. Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары тату көршілік, өзара сенім және тиімділік қағидаттарына негізделген…

Read More

Ақтаудағы тұрғын үйдің жертөлесіндегі газ баллоны жарылысы салдарынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы бес адамның ауруханаға түскенін мәлім етті, олардың ішінде екі ересек және үш бала бар. «Екі адам ауруханаға жатқызылды, ал үшеуі тексеруден кейін амбулаториялық емдеуге жіберілді. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты. Жедел жәрдем қызметі мен өңірдегі медициналық ұйымдар қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Жағдай Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бақылауына алныған», — делінген ведомство хабарламасында. Lada.kz жазғандай, 1973 жылы туған ер адам ауыр халде жансақтау бөліміне түскен. Дәрігерлердің айтуынша, оның беті, мойны, кеудесі, қол-аяғы мен арқасы күйіп қалған. Денесінің шамамен 50–55 пайызын 3-АБ…

Read More