Автор: qaztimes

Қазақстанда археологиялық жұмыстарды ғылыми тұрғыда үйлестіретін Ұлттық археология қызметі құрылады. Мұндай норма Мәжілісте бірінші оқылымда қаралып жатқан тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мәселелері туралы заң жобасында көзделген. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, қазір археология саласында бірыңғай ғылыми үйлестіру жоқ. «Қазір археологиялық жұмыстарды ғылыми тұрғыда бақылайтын, үйлестіретін нақты мекеме жоқ. Кім қалай істеймін десе, солай істейді – біреуі музеймен, біреуі әкімдікпен, біреуі өз бетімен әйтеуір білгенін істеп жүр. Салдарынан ретсіздік, қайталау, бақылаусыздық»,- дейді ол. Депутаттар мәселені шешу үшін Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының базасында Ұлттық археология қызметін құруды ұсынып отыр. «Бұл қызмет нағыз археологиялық «ми орталығы» болады. Ол…

Read More

Енді елімізде тарихи және мәдени мұра нысандарын іздеуде техникалық жабдықтарды (металл детекторлар, радарлар, магниттік құрылғылар және басқалар) заңсыз пайдалануға тыйым салынады. Бұл норма Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданған тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мәселелері туралы заң жобасында қарастырылған. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов еліміз ескерткіштерді ғана емес, сонымен бірге тарихи құндылығы жоғары жәдігерлерді де жоғалтып жатқанын атап өтті. «Құнды заттар шетелге кетіп, «қара нарықта» сатылып жатыр. Көп жағдайда оларды металл іздегіштер мен арнайы құрылғылар арқылы тауып алады. Сондықтан заң жобасында металл іздегіштер мен осындай құрылғыларды лицензиясыз пайдалануға тікелей тыйым салу ұсынылған. Бұл — тарихи мұрамызды тонаудан қорғауға бағытталған…

Read More

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов Премьер-министр Олжас Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдап, ауыл шаруашылығы саласындағы субсидиялар мен пайыздық мөлшерлемелерді өтеу бойынша жиналып қалған берешек мәселесін көтерді. Депутаттың айтуынша, 2023 жылдан бері фермерлер мен ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер субсидияларын ала алмай отыр. Мемлекеттік бағдарламалардың барлық шарттарын орындағанына қарамастан, Үкімет өз міндеттемелерін уақытылы орындамаған. «Фермерлер егін егіп, өнімін жинап, несиелерін жапты. Бірақ мемлекет өз уәдесін қашан орындайды деп күтіп отыр. Қаржыны уақытылы бермеу созылмалы дертке айналды», — деді Мархабат Жайымбетов. Оның мәліметінше, 2025 жылы көзделген 87,8 млрд теңгенің тек 11,6 млрд теңгесі ғана төленген. Ал Үкімет резервінен бөлінген 80…

Read More

Желіде пранк түсіруді сәнге айналдырған блогерлерге қатаң шара қабылдау керек. Осылай деген Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нартай Сәрсенғалиев «әзілдің шекарасынан асып кеткен селтеңбайлар» қоғамның тыныштығын бұзып, адамдардың өмірі мен психологиялық жағдайына қауіп төндіріп отырғанын атап өтті. Депутаттың сөзінше, соңғы уақытта елде пранк жасау арқылы танылғысы келетіндердің әрекеті шектен шығып барады. «Бүгінгі депутаттық сауалым «Ойын түбі — от, тұман түбі — жұт» дегенді санасына сіңірмеген селтеңбайлар туралы. Қазір қоғамда пранкпен парақшасындағы лүпілдің санын арттырғанмен парасат биігінен омақаса құлағандар қаптап кетті», – деді Нартай Сәрсенғалиев Мәжіліс отырысында. Ол сөзіне нақты мысалдар келтіріп өтті. «Астана қаласында блогер достарымен бірге…

Read More

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов биыл жиналған картоп қоры ішкі нарықты қамтамасыз етуге жете ме деген сұраққа жауап берді. Оның айтуынша, биыл алқаптардан шамамен 3 миллион тонна картоп жиналған. Бұл көлем ішкі нарықты толық қамтамасыз етуге және өнімнің бір бөлігін экспортқа шығаруға жетеді. «Ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін медициналық тұтыну нормасына сәйкес шамамен 2 миллион тонна картоп қажет. Биыл ұйымдасқан шаруашылықтар былтырғымен салыстырғанда көбірек өнім жинады, сондықтан биылғы өнім артығымен жетеді», – деді Сұлтанов Мәжіліс кулуарында. Осы орайда журналистер өнім толығымен жетіп тұрса, Қазақстан неге картопты әлі де сырттан импорттайтынын сұрады. Вице-министрдің айтуынша, импорт тек маусымаралық кезеңде сақталады. «Біз картопты…

Read More

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нұржан Әшімбетов ауылдық жерлердегі кооперацияның даму қарқыны төмен екенін айтып, Үкіметтен нақты шаралар қабылдауды сұрады. Оның айтуынша, ауыл тұрғындарының басым бөлігі кооперативтерге бірігудің тиімділігін түсінбейді, ал мемлекеттік бағдарламалар бұл бағытты жеткілікті деңгейде қолдап отырған жоқ. «Бүгінгі таңда елдегі жеке қосалқы шаруашылықтар ауыл шаруашылығы өнімдерінің 40 пайыздан астамын өндіреді. Алайда олардың көбі кооперативтік бірлестіктерден тыс жұмыс істейді. Халық кооперацияның артықшылықтары туралы білмейді және ұжымдық басқару түрлеріне сенімсіздік танытып отыр», – деді депутат. Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, Қазақстанда 4,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы кооперативі тіркелген. 2024 жылы олар 83 млрд теңгенің өнімін өндірген, бұл жалпы…

Read More

Қазақстанның басқа өңірлері арасында Қарағанды облысы бірінші болып Талдау мектебін бастады. Іріктеуден өткен 30 үміткер қарашадан бастап білім алады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей жазды. «Бүгінгі таңда мемлекет қуаты жер қойнауындағы байлықпен емес, жас буынның ақыл-ой әлеуетімен өлшенеді. Өйткені елдің ертеңін айқындайтын күш – жаңа идея тудыра алатын, жасампаз ұрпақтың қолында. Осы міндетті жүзеге асыратын жаңа білім кеңістігі – Талдау мектебі. 5 жыл бойы еліміздің қуатты әрі инновациялық дамуына ықпал етіп, бейстандарт стратегияларды құруға қабілетті мамандардың жаңа буынын қалыптастырып келе жатқан бірегей мектеп өңірлерді де қамтымақ. Игі бастама ең алғаш болып Қарағанды облысында жүзеге аспақ», — деп…

Read More

2025 жылдың басынан бері 11 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Еңбек министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанға келген қандастардың 45,7% Өзбекстаннан, 42,1% – Қытайдан, 4,5% – Түрікменстаннан, 2,6% – Ресейден, 2,6% – Монғолиядан және 2,5% басқа елдерден екен. «Осы көшіп келген қандастардың арасында еңбекке қабілетті жастардың үлесі 58,4%, балалардың үлесі 32,8%, зейнеткерлердің үлесі 8,8%. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15,3% жоғары білімді, 28,4% орта кәсіби білімді, 50,6% жалпы орта білімді және 5,7% білім жоқ азаматтар», — деп хабарлайды Еңбек министрлігі. Қандастардың көбі еңбек күші тапшы Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныстанған.

Read More

Қазақстанда тұңғыш рет мұғалімдерге психологиялық көмек көрсететін кабинеттер пайда болды. Педагогтердің тұрақты кәсіби дамуына, менталдық саулығына қамқорлық жасауға бағытталған жоба әзірге Түркістан және Ақтөбе облыстарының орталық филиалдарында іске қосылды. «Бұл пилоттық жоба мұғалімдердің менталдық денсаулығын қолдауға, жұмыстағы күйзелістің алдын алуға және стрессті басқаруға арналған», — деп мәлімдеді ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Ведомствоның хабарлауынша, кабинетте кәсіби психолог жеке және топтық кеңес өткізеді, релаксация мен арт-терапия сабақтарын ұйымдастырады, түрлі тренингтер мен психологиялық диагностика жүргізеді. Бұл қызметтерді педагогтер «Өрлеу» орталығында біліктілікті арттыру курстарынан өту кезінде пайдалана алады. Жұмыс барысында этикалық нормалар, еріктілік және құпиялылық қағидаттары қатаң сақталады. Алдағы уақытта осындай кабинетті еліміздің басқа өңірлерінде…

Read More

Өскемен қаласының түрмесіне сегіз телефон мен олардың қуаттағышын заңсыз кіргізбек болған ер адам анықталды. Полицияның мәліметіне сүйенсек, жүргізуші түрме аумағындағы тігін цехына тігін машинасын жеткізіп берген. Аумаққа келіп тоқтаған ол күдік тудырмайтындай сабырлы болған. «Түрме қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері жүкті тексере бастаған. Жүргізуші сонда да сыр бермей, қораптарды ашып, көрсеткен. Алғашында күдік тудыратын ештеме байқалмаса да түрме қызметкерлері тігін машинасының қорабын ғана емес, өзін де қоса тексеруді жөн көрген», — деп хабарлайды полиция. Осылайша, тігін машинасының моторын ашқан мамандар ішінен сегіз телефон, бірнеше қуаттағыш пен Sim-карталар тапқан. Полиция жүргізушіге қатысты хаттама толтырды. Оған қандай жаза қолданылатынын сот шешеді.

Read More