Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Сергей Пономарёв Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жандос Мадиевке, сондай-ақ Ішкі істер министрі Ержан Саденовке депутаттық сауал жолдады. Депутат өз сауалында жасанды интеллект көмегімен жасалатын дипфейк технологияларының қауіптілігіне назар аударды. Оның айтуынша, цифрландыру мен технологиялық прогресс бүгінде Қазақстанның ұлттық идеясын қалыптастырса да, осы ілгерілеудің көлеңкелі жағы бар – технологиялардың қоғамға зиян тигізу ықтималдығы артуда. «Мен өзім осындай технологияның құрбаны болдым. Менің дауысым мен бейнем қолдан жасалып, әлеуметтік желіде менің атымнан ақша сұраған бейнеролик тарады. Бейнежазбаның кәсіби жасалғаны соншалық, басында жақындарым сеніп қалды», – деді депутат. Пономарёвтің айтуынша, мұндай жағдайлар…
Автор: qaztimes
Павлодарда «ҰБТ тапсыруға көмектесемін» деген желеумен бір адамнан 1 млн теңге алған экс-мұғалім қолға түсті. «Полицияға арыз жазған ер адамның айтуынша, Павлодар қаласындағы мектептердің бірінде бұрын мұғалім болып жұмыс істеген азамат «ҰБТ тапсыруға көмек көрсетемін» деген желеумен одан 1 млн теңге көлемінде ақша алған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта күдіктінің өңір аумағында осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоқ екені тексеріліп жатыр», — деп хабарлайды полиция департаменті. Жалпы, жыл басынан бері Павлодар облысында 1872 киберқылмыс тіркелген екен.
Еуропалық туристер отырған шағын ұшақ Кения аумағында апатқа ұшырады. Mombasa Air Safari әуе компаниясының мәліметінше, ұшақтағы 11 адам түгел қаза тапқан, деп хабарлайды Еuronews-ке сілтеме жасап. Олардың қатарында кениялық ұшқыш, Венгрияның сегіз азаматы және Германиядан келген екі жолаушы болған. Билік өкілдерінің айтуынша, ұлттық Масаи-Мара қорығына бет алған әуе кемесі қаладан шамамен 40 шақырым жердегі орманды жерде құлаған. Құқық қорғау органдары апаттың себептерін анықтап жатыр. Белгілі болғандай, ұшақ апатқа ұшыраған сәтте нөсер жаңбыр жауып тұрған. Куәгерлер қатты жарылыстың дауысын естігенін айтқан. Оқиға орнында құтқару және тергеу қызметтері жұмыс істеп жатыр. Mombasa Air Safari компаниясы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтқан.…
29 қазанда Қарағанды облысы әкімдігі халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» бірлестігі және Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Екі ұйым мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтық сананы оятып, кітап оқу мәдениетін дамыту тапсырмаларын орындау мақсатында облыста бастау алған «Тұлпар мініп, ту алған» байқауына қолдау білдірді. Бұл бастама – мемлекет, қоғам және білім ордаларының ортақ мұраты мен ынтымағын айқындайтын маңызды қадам. Байқау жеңімпазы Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің білім грантын иеленсе, ұстазы — «Халықаралық Қазақ тілі қоғамы» ұсынған автокөлікке ие болады. Мұндай қолдау оқушылардың білімге, кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, шәкіртін жетістікке жетелеген мұғалімдерге де ерекше шабыт сыйлайды. Байқауға облыстың 13…
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 666 шетел азаматы жұмыс істейді, Еңбек министрлігіне сілтеме жасай отырып. Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттар келесі санаттар бойынша бөлінеді: Басшылар мен олардың орынбасарлары – 561 адам (I санат); Құрылымдық бөлімшелер басшылары – 2 280 адам (II санат); Мамандар – 3 884 адам (III санат); Білікті жұмысшылар – 988 адам (IV санат); Маусымдық жұмыстарға тартылғандар – 3 036 адам; Корпоративтік ауыстыру шеңберінде келгендер – 3 918 адам. Қазіргі таңда елде 1 896 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін пайдаланып отыр. Бұл кәсіпорындарда 339,1 мыңнан астам қазақстандық еңбек етеді,…
Газа секторындағы соғысты тоқтату бойынша келісім тағы да бұзылды. Израиль әскері анклавқа әуе шабуылын жасады, деп хабарлайды ВВС-ге сілтеме жасап. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху ХАМАС қозғалысы бітім шарттарын бұзып, кепілге алынғандардың денесін қайтару туралы жалған ақпарат бергенін мәлімдеді. ХАМАС бақылауындағы дереккөздерге сүйенсек, шабуыл салдарынан кемінде 33 палестиналық қаза тапты. Әуе соққылары Газа, Бейт-Лахия, әл-Бурейдж, Нусейрат және Хан Юнисте орналасқан үйлер мен мектептерге тиген. Израиль тарабы ХАМАС-ты бітім шарттарын бұзды деп айыптады. Ұйым бір тұтқынның орнына бұған дейін табылған басқа адамның сүйегін қайтарған. Сот сараптамасы қайтарылған қалдықтар 2023 жылы Nova фестивалінде қаза тапқан Офир Царфатиге тиесілі екенін анықтаған. Бітім АҚШ-тың арағайындығымен 10…
Астанада биыл аяқталып, келесі жылдан бастап толыққанды жүретін LRT іргелес Қосшы қаласына дейін тартылатын болды. Бұл туралы бүгін Нұра ауданындағы «Үркер» тұрғын үй алқабының халқымен кездескен Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті. Оның айтуынша, Қосшыдан Астанаға күніне кемі 15-20 мың көлік кіреді. «LRT жобасы жалғасады. Оның келесі кезеңі Қосшыға қарай созылады. Өйткені, Қосшыдан Астанаға күніне 15-20 мың машина кіретінін білесіздер. Ол қала өсіп жатыр және Астанаға жан-жақты көмектесіп жатыр деуге болады. Спутник қала болғандықтан, Қосшыдан Астанаға қарай қозғалыс тоқтамайды», — деді Жеңіс Қасымбек. Астана әкімі жобаны Қосшыға қарай созу қаржы жағынан да тиімді болады деп сенеді. «Ал, жеңіл рейсті жолдың…
Ұлытау облысының прокуратурасы есірткі қылмысының алдын алу үшін осы облыстың жастарына, әсіресе, кәмелет жасына толмаған балаларды есірткі тұтынуға итермелеген, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысып, есірткі сатқан екі жігітті жеті мыңға жуық адамның көзінше 18 және 16 жылға соттады. Онлайн форматта өткен сотты 6 мыңнан астам студент пен 600-ге жуық оқытушы көрген. «Ұлытау облысының прокуратурасы жастар мен педагогтерге есірткі құралдарын заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, өткізу немесе жарнамалаудың қатаң қылмыстық жауаптылыққа әкелетінін түсіндірді», — деп хабарлайды прокуратура.
Енді елімізде археологияға бөлек лицензия, реставрацияға бөлек лицензия беріледі. Тиісті норма Мәжілісте бірінші оқылымда қаралып жатқан тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мәселелері туралы заң жобасында көзделген. Заң жобасын депутаттар мен ғалымдар бірлесіп әзірлеген. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов осы саладағы негізгі проблемаларға тоқталды. Бірінші мәселе – лицензиялау жүйесінің тиімсіздігі. «Бүгінде археология саласында лицензиялар мерзімсіз және ескерткіштің барлық түрімен жұмыс істеуге бірдей беріледі. Мысалы, ұйым бір рет лицензия алса, одан кейін оның мамандары бар ма, біліктілігі жеткілікті ме – ешкім оны тексермейді. Сол лицензиямен ол өмір бойы, еш шектеусіз, еш міндеттемесіз мәдени мұрамызбен жұмыс істей береді. Тағы бір…
Мәжіліс «Жасанды интеллект туралы» заң мен оған ілеспе заңдарға Сенат енгізген түзетулермен келісті. Жұмыс тобының жетекшісі Екатерина Смышляева хабарлағандай, Сенат 16 түзету енгізген. Олардың арасында ешбір түзету Мәжіліс қабылдаған заңдардың мазмұнын өзгертпейді. «Түзетулердің бәрі редакциялық және нақтыланған сипатқа ие. Осы түзетулер құқықтық қолдануға әсер етпейтіндіктен, Парламент Сенаты ұсынған өзгертулер мен толықтыруларға келісуге болады деп санаймыз», — деді ол.