Алматыда тегін тамаққа таласқан жұрт бір-бірін таптап кете жаздаған. Жаңа мейрамхананың ашылуына байланысты жиналғандарға тегін торт пен суши таратылған. Желіде жария болған видеода ұйымдастырушылар әуелі енсіз ұзын үстелге торт қойып, алып шыққан. Олар кезектің алдында тұрған балаларға торт тілімдерін ыдысқа салып берген. Алайда артта тұрған қауым оларды күшпен ығыстырды. Ақыр соңында тамаққа талас басталып кеткен. Қалың топтың ішінде кішкентай балалар да бар. Желі қолданушылары оларды сынап жатыр. «Не болды, аштықтан келгендей», «Біздің елде тегін беру дегенді жасамау керек, халық ондайға дайын емес», «жабайы десе ренжиді, өз сүйкімдеріңді кетіріп, не болды, халқым», «адамдарға мәдиетті болу керек, балаларын тәрбиелеу керек, 21 ғасырда…
Автор: qaztimes
Бүгін Астана соты кондитер Нұршат Ақбергенова мен блогер Аселина Батырбекованың арасындағы дауға нүкте қойды. Айта кетейік, өзін «құрақ көрпенің ханшайымы» деп атайтын Аселина Батырбекова туған күнін тойлау үшін кондитер Нұршат Ақбергеноваға тортқа тапсырыс берген. Нұршат құрақ көрпе түрінде үлкен торт пісіріп, оны блогерге тапсырған. Торттың бағасын алдын ала келіспеген екеуі ақыр соңында соттан бір-ақ шықты. «Блогер өнімді алғанын және пайдаланғанын растады. Өнімнің түпкілікті құны тараптар арасында алдын ала келісілмеген. Жауапкер торттың құнын 300 000 теңге мөлшерінде мойындаған. Алдын ала 100 000 теңге төлем жасағанн. Осыларды ескере отырып, сот жауапкерден талап қоюшының пайдасына 200 000 теңге өндіру туралы шешім қабылдады», -…
Ішкі істер министрлігінің ресми дерегіне сүйенсек, егемендік алғаннан бері елімізде қылмыс саны екі есе төмендеген. Кісі өлтіру қылмысы 4,5 есе азайды. Ал осы аралықта халық саны 1,5 есеге артқан. Яғни, ел халқы өсіп келе жатқанымен, қылмыс деңгейінің төмендеуі – тиімді профилактикалық және алдын алу шараларының нәтижесі. Қылмысқа қарсы күрес Бүгінде елімізде кісі өлтіру, ұрлық, киберқылмыс, интернет-алаяқтық, есірткі бизнесі, адам саудасы және экстремизм сияқты қылмыс түрлерінің алдын алу бойынша 2024–2026 жылдарға арналған бағдарламалар іске асып жатыр. Осы бағдарламалардың тиімділігі бір жылдың өзінде байқалды: жалпы қылмыс деңгейі 7% төмендеді; кісі өлтіру – 20%; қарақшылық – 28%; тонау – 30%; бұзақылық –…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Президентінің ашық кубогы аясындағы басты шаралардың бірі – әлемдік жұлдыздардың қатысуымен өткен шоу-матчты тамашалады. Ақорда хабарлағандай, президент Олимпиада чемпионы Сюй Синь (Қытай), әлем чемпионы және Олимпиада жүлдегері Вернер Шлагер (Аустрия), сондай-ақ әлем чемпиондары Фан Бо (Қытай) және Чу Се Хёк (Оңтүстік Корея) сияқты үстел теннисінің әйгілі спортшыларымен әңгімелесті. Биыл алғаш рет ұйымдастырылған бұл турнирге әлемнің 14 елінен 300-ден астам спортшы қатысты. Олардың қатарында ITTF әлемдік рейтингінің үздік 100 ойыншысының біразы және Қазақстанның танымал теннисшілері бар. Президент Кубогы еліміздегі үстел теннисін дамытуға, халықаралық спорттық ынтымақтастықты нығайтуға және салауатты өмір салтын дәріптеуге бағытталған маңызды…
Жас футбол жұлдызы Дастан Сатпаев «Челси» клубына қосылған соң, уақытша Францияның «Страсбург» клубына жалға берілуі мүмкін. Бұл туралы thechelseachronicle порталы жазған. Бұған дейін алматылық «Қайрат» клубының иесі Қайрат Боранбаев Дастан Сатпаевтың болашағына қатысты мәлімдеме жасаған. Оның айтуынша, футболшы 2026 жылдың тамызында «Челси» клубына ресми түрде қосылады. «Дастан әзірге Англияға кете алмайды. Ол 18 жасқа толғанша «Қайраттың» сапында ойнайды, маусымның алғашқы жартысын осында өткізеді», – деді Боранбаев. 17 жастағы Сатпаев биылғы маусымда ел чемпионатында 26 гол соғып, командасының қатарынан екінші мәрте чемпион атануына үлкен үлес қосты. Сонымен қатар, ол «Қайраттың» чемпиондар Лигасына жолдама алуына еңбек сіңірді. «Қайрат» басшылығы жас шабуылшының…
Қазақстанда қылмысқа қарсы күресте балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ерекше назарда. Мемлекет кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа «нөлдік төзімділік» қағидатын ұстанып келеді. Ішкі істер министрлігі заңнаманы жүйелі түрде жетілдіріп, алдын алу және қорғау тетіктерін күшейту арқылы балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шараларды іске асырып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстар үшін жауапкершілік айтарлықтай күшейтілді. Зорлау және жыныстық зорлық-зомбылық ауыр қылмыстар санатына жатқызылып, тараптардың татуласуына жол берілмейді. Сонымен қатар, педофилдер енді кешірім жасау және мерзімінен бұрын босату құқығынсыз ең жоғары қауіпсіздік деңгейіндегі мекемелерде жазасын өтейді. Мұндай қылмыстарды жасыру фактілері үшін де 6…
Алматы облысы Кеген аудандық соты төрт баласына алимент төлемеген ер адамды әкімшілік жауапкершілікке тартып, 1 күнге қамауға үкім шығарды. Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылдың ақпан айындағы сот шешімімен К. есімді азаматтан бұрынғы жұбайының пайдасына кәмелетке толмаған төрт баласын асырауға ай сайын табысының жартысын төлеу міндеттелген. Алайда ол жеті ай бойы алимент төлемей, 1,5 миллион теңгеден астам қарыз болған. Жеке сот орындаушысы борышкердің бірнеше ескертуге қарамастан, Кеген аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына тіркелмегенін және төлем жасамағанын анықтаған. Осыған байланысты К.-ні ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігі бойынша жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізілген. Сот отырысында К. өз кінәсін мойындамай, қарызы…
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Әбутәліп Мүтәлі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке депутаттық сауал жолдап, соңғы жылдары интернет алаяқтық мәселесі елдегі ең өзекті проблемалардың біріне айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, азаматтардың жеке деректері заңсыз жиналып, сатылып, банк карталары мен онлайн-сервистер арқылы жасалатын алаяқтық жағдайлары жиілеп барады. «Мемлекет қолға алған шаралар біз күткен нәтижені бермей отыр. Азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімі төмендеп, шағымдар көбейіп келеді. Бұл мәселеге мемлекет басшысы бірнеше рет назар аударған болатын», – деді депутат. Әбутәліп Мүтәлі атап өткендей, 2025 жылдың маусым айында 16 миллионнан астам қазақстандықтың жеке дерегінің тарап кетуі мемлекеттік және квазимемлекеттік…
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті. Ақорда жазғандай, тараптар қазақ-беларусь қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады. Сондай-ақ саяси диалог жоғары деңгейде және сауда-экономикалық, гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтті. «Қазақстан Президенті Минскіде өтіп жатқан Еуразиялық қауіпсіздік жөніндегі конференцияның маңызына тоқталды», — деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшылары алдағы бірлескен іс-шаралар аясындағы тығыз ықпалдастықты жалғастыруға уағдаласты.
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Болатбек Нәжметдинұлы премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы сатып алулар жүйесіндегі өзекті мәселелерді қозғады. Депутаттың айтуынша, елімізде жыл сайынғы реттелетін сатып алулардың жалпы көлемі 30 триллион теңгеге дейін жетеді. Бұл қаражаттың барлығы қазақстандықтардың игілігіне жұмсалып, ұлттық экономиканы дамытуға бағытталуы тиіс. Алайда қазіргі жағдайда бұл жүйеде елеулі кемшіліктер бар. Мысал ретінде ол штатында небәрі 31 қызметкері бар компанияның 495 пәтер (9 қабатты тоғыз үйге тең) салғанын атап өтті. Мұндай көлемдегі құрылыс үшін шамамен 700-ден астам жұмысшы қажет, яғни көрсетілген штат санынан 20 есе көп. Бұл жайт ел бойынша жиі кездесетінін айтты. Анализ…