Автор: qaztimes

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы әйелін өлтірген Сырымбек Сайлауовқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «Мой город» порталына сілтеме жасап. Қылмыс қалай болды Айыптау актісінде көрсетілгендей, сотталушы ерекше қатыгездікпен бұрынғы жұбайын өлтіріп, артынша туған інісін де өлтіруге оқталған. Іс алқабилердің қатысуымен қаралуда. Айыптау тарапының мәліметінше, оқиға кезінде ерлі-зайыптылар бөлек тұрған. Олардың кәмелетке толмаған екі баласы бар. Үлкені сол күні әжесінің үйінде қалыпты. Бұған дейін Сайлауовқа әйеліне жақындауға тыйым салатын қорғаныс нұсқамасы берілген. Айта кетерлігі, үйдің өзі Сайлауовтың атына тіркелген. 27 мамыр күні Сырымбек Сайлауов бұрынғы әйелі балаларымен тұратын үйге келген. Терезеден…

Read More

Ұлытау облысында полицейлер жанып жатқан үйдің терезесінен балаларды аман алып шықты. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Сәтбаев қаласында көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында өрт шыққан. Сол маңды патрульдеп жүрген патрульдік полиция взводының қызмет инспекторлары Әсет Абдуакитов пен Нұрболат Нұрғабыл пәтердің терезесінен шыққан жалынды байқап, дереу көмекке ұмтылған. Сол сәтте көмек сұрап жүгіріп шыққан тұрғын пәтер ішінде кәмелетке толмаған үш баланың қалып қойғанын айтқан. Тәртіп сақшылары еш кідірместен пәтерге кіріп, төсектің астынан бір баланы тауып, қауіпсіз жерге шығарып үлгерген. Бірінші баланы құтқарғаннан кейін, олар екінші бөлмеге кіруге тырысқан, бірақ төбені шарпыған от ішке өтуге мүмкіндік бермеген. Содан полицейлер сыртқа шығып, терезенің торын…

Read More

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматша П.-ға қатысты әкімшілік істі қарады. Соттың мәліметінше, 2011 жылы туған кәмелетке толмаған ұлы 2 қыркүйектен бастап белгісіз себептермен мектепке бармаған. 2025 жылғы маусым айында әйел дәл осындай құқықбұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-бабының 2-бөлігі бойынша, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және оқыту міндеттерін орындамағаны үшін 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамау түріндегі жаза қарастырылған. Әйелдің кәмелетке толмаған балалары бар екенін, кінәсін мойындағанын және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, сот айыппұл мөлшерін 30 пайызға төмендетті. Сот қаулысымен азаматша П. кінәлі деп…

Read More

Қазақстанда Ішкі істер министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі Үндістандағы Сот ғылымдары ұлттық университетінің филиалын ІІМ Басқару академиясы базасында ашу жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлады. Оқу орнының базасында үшжақты кездесу өтті. Жиынға ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков және Үндістан Ұлттық сот ғылымдары университетінің өкілі Шри Джадежа қатысты. Кездесу барысында Қазақстанда NFSU филиалын құру мәселелері талқыланды. Оның мақсаты – еліміздің құқық қорғау органдары үшін киберқауіпсіздік, цифрлық криминалистика, сот сараптамасы және қолданбалы қылмыстық тергеу салаларында жоғары білікті мамандар дайындау. Кездесу қорытындысы бойынша NFSU филиалының ІІМ Академиясы базасында…

Read More

Астанада Audi және Volkswagen көліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Соның нәтижесінде жеңіл көліктердің бірі қарсы бағытқа шығып кетті. Instagram желісіндегі Аstana__sergek аккаунтында Астанадағы Қорғалжын тасжолында болған жол апаты туралы видео жарияланды. «Жолақтан жолаққа жиі және шұғыл ауысып, маневр жасайтын жүргізушілер жол апатын жасады», – деген тақырыппен видео жарияланған. Аталған жарияланым туралы елордалық патрульдік полиция былай деп түсініктеме берді: «Audi көлігінің жүргізушісі Қорғалжын тасжолымен жүріп келе жатып, жолақ ауыстыру кезінде маневр қауіпсіздігіне көз жеткізбей, өзімен бір бағытта келе жатқан Volkswagen автокөлігімен соқтығысқан», — делінген ПД түсініктемесінде.

Read More

Басқұдық ауылында құқық қорғау органдары Kia Cerato көлігінің жүргізушісін ұстады. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ол тоқтату кезінде көліктің терезесінен есірткі салынған түйіншектерді лақтырып құтылуға тырысқан. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Қажетті сараптамалар мен тергеу шаралары жүргізілгеннен кейін полиция 23 қазанда «Қарасора-2025» және «Құқықтық тәртіп» жедел іс-шаралары барысында ұсталған жүргізушіге қатысты мәліметтерді жариялады. Шамамен сағат 11:38-де есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылында Kia Cerato автокөлігін тоқтатқан. Ұстау кезінде жүргізуші көліктің терезесінен үлкен түйіншекті лақтырып жіберген. Бұл әрекет бейнекамераға түсіп қалған. Оқиға орнын тексеру барысында полиция қызметкерлері ақ түсті ұнтақ тәрізді зат…

Read More

Ақтөбе облысы Шалқар қаласында полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған тұрғынға пышақ жарақатын салу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Жәбірленуші Шалқар аудандық ауруханасына жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Күдікті тұлға анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде. «Күдікті профилактикалық есепке қойылып, оның ісі аудан әкімдігі жанындағы комиссияда қаралатын болады. Бұдан бөлек, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін күдіктінің ата-аналарының жауапкершілігі қарастырылуда», — делінген облыстық ПД хабарламасында.

Read More

Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов ауданының Новоишим ауылында оқыс оқиға болды. Оның барысы әлеуметтік желіде жарияланды. Оқиғаның мән-жайы Қазнетте таралған кадрларда ауыл тұрғыны мас күйінде өзі-өзіне пышақ жарақатын салғаны және жартылай жалаңаш күйде көшеге шығып кеткені көрінеді. Біршама уақыттан кейін 41 жастағы ер адамды полиция қызметкерлері қолға түсірді. Ол қарсылық көрсетпегенімен, үнемі өзіне «шайтан» кіргенін және оны өлтірмек ниетінде екенін айқайлап айтып жүр. «Мен оны табамын. Мен оны өлтірмекпін. Ол мені… далаға шығарды», — деп айғайлады ер адам. Полиция не дейді Полиция қызметкерлері ауыл тұрғынын дәрігерлерге тапсырды. Тексеру барысында оның жарақаттары алкогольдік маскүнемдік жағдайында өз-өзін жарақаттағаннан туындағаны анықталды. «Полиция қызметкерлері…

Read More

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Финляндия президенті Александр Стубб Ұлттық музейге барды. «Ұлттық музейде Қазақстан мен Финляндия президенттері ежелгі заманнан бастап қазіргі дәуірге дейінгі кезеңді қамтитын бірегей тарихи-мәдени құндылықтармен танысты. Мемлекет басшылары Көне түркі өркениеті, Ұлы даланың ежелгі өнері мен технологиялары, Қазақтың дәстүрлі мәдениеті залдарын аралап, аса құнды тарихи жәдігерлерді көрген», — деп хабарлайды Ақорда. Айта кетейік, кеше, 28 қазан күні Қазақстанға Финляндия президенті Александр Стубб ресми сапармен келген болатын.

Read More

Астана қаласының прокуратурасы LRT ісі бойынша сотталғандардың қомақты қарызын мемлекетке қайтарды. Дереккөзге сүйенсек, Астана қаласының прокуратурасы мемлекет пайдасына берешектерді өндіру туралы сот актілерінің заңдылығын қамтамасыз етуге бағытталған қадағалау жұмыстарын үзбей келеді. «City Transportation Systems» ЖШС мемлекеттік кәсіпорнының пайдасына борышкерлерге тиесілі 1,5 млрд теңге сомасындағы 76 жылжымайтын мүлік нысаны берілді», — деп хабарлайды Астана прокуратурасы. Бұдан өзге прокурорлар жеке компаниялардың бірінен Астанадағы мектептің пайдасына 17 млн теңге өндіріп берген. «Прокуратураның кешенді шараларының арқасында биыл жалпы 2,9 млрд теңгенің мемлекеттік активтері қайтарылды», — деп хабарлайды прокуратура.

Read More