Автор: qaztimes

 Қытай Халық Республикасында Көлік министрлігі, бизнес-компаниялар және басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен алғашқы Қазақстан-Қытай астық форумы өтті. Тараптар ҚР мен ҚХР арасындағы тауар айналымының мүмкіндіктері, сондай-ақ экспорттық жүктерді жеткізу шарттарын талқылады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Орталық коммуникациялар қызметінің жазуынша, екі ел арасындағы жүк тасымалдау көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 22%-ға өсіп, рекордтық көрсеткішке, яғни 28 млн тоннаға жетті. Осы ретте Қазақстаннан экспортқа 12,6 млн тонна жөнелтілді, бұл 2022 жылғы деңгейден 35%-ға артық. Сонымен қатар қазақстандық делегация Алашанькоу станциясының бонд аймағындағы дәнді дақылдар мен өсімдік майларын тасымалдау бойынша жаңа терминалдың жұмысымен танысты. Кездесу барысында тараптар тасымалдау технологиясы және қазақстандық агроөнімді қабылдауды…

Read More

 Ресей Федерациясының 76 субъектісі Қазақстандағы тиісті аумақтармен тікелей қарым-қатынаста. Бұл туралы Ресей президенті ірі халықаралық ақпараттық агенттіктердің басшыларымен кездесу барысында мәлім етті. Оның пікірінше, мұндай өзара әрекеттесу тиімдірек. «Бізде үлкен ортақ шекара бар. Адамдар бір-бірімен араласады. Ресей Федерациясының 76 субъектісі Қазақстандағы тиісті аумақтармен тікелей қарым-қатынаста, тікелей байланыста. Айтпақшы, олар тиімдірек шығар, жақсы жұмыс істейді, өйткені адамдар бір-бірімен тікелей байланысады, бір-бірін біледі, бір-біріне сенеді», — деп атап өтті Владимир Путин. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Петербург халықаралық экономикалық форумы (ПМЭФ) аясында ірі халықаралық ақпараттық агенттіктердің басшыларымен кездесті.

Read More

 Қайғылы оқиға Қарақия ауданы Құрық ауылынан 5 шақырым жердегі Каспий теңізінде болған. 2022 жылы туған бүлдіршін шомылуға жабдықталмаған аумақта суға батып кетті. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел тергеу тобы құрылды. «Алдын-ала болжам бойынша, суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелері сақталмаған.  Сондықтан мамандар судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, атап айтқанда балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады», — деп жазды ТЖМ-нан.

Read More

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Р-ға, сондай-ақ кәмелетке толмаған М., А., Н. және Қ-ға қатысты үкім шықты. Соттан түскен мәліметке қарағанда, сотталушылардың бәріне ҚР ҚК 293-бабы 4-бөлігіне (зорлау, яғни алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, жас балаға қатысты жыныстық қатынас жасау) сәйкес айып тағылды. Оған қоса А. мен Н. ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен бұзақылық жасау), Қ. ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі (автомобильді ұрлау мақсатынсыз айдап кету), сондай-ақ 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (көлік құралына заңсыз кiрумен бөтеннің мүлкін жасалған ұрлық), А. және М. ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы…

Read More

Қостанай облысының оңтүстік өңірі керқұландардың тарихи мекені. Бұл жылқыларды байырғы қонысына қайтару үшін Қазақстан мен Чехия мамандары бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Екі республика арасындағы халықаралық келісім аясында сирек кездесетін осы жануардың 40 дарасы Қостанай облысына (Амангелді және Жангелді аудандары) қайта жерсіндіріледі. Алғашқы лекпен 8 керқұлан 2024 жылдың 4 маусымында «Әліби» реинтродукциялау орталығына (Амангелді және Жангелді аудандары) жеткізіледі. Олар Арқалық әуежайына Чехиядан екі әскери ұшақпен әкелінеді. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов атап өткендей, облыс қазірдің өзінде Бетпақдалада ақбөкен популяциясын қалпына келтіруде табысқа қол жеткізді. Ендігі кезек керқұландарға келді. Фото: Қостанай облысының әкімдігі Керқұландарды реинтродукциялау жобасының бастамашысы – Қазақстанның биоалуантүрлілік қауымдастығы. «Билік,…

Read More

«Алматы халықаралық әуежайы» АҚ президенті Альп Эр Тунга Эрсой орнын босатты. «Жоспарланғандай, Альп Эр Тунга Эрсой Алматы халықаралық әуежайдың жаңа халықаралық терминалының құрылысы аяқталған соң қызметінен кетті. Ол саладағы мансабын жаңа қызметте жалғастырады», — деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі. Басшылықтың ауысуы туралы ресми мәлімдеме 5 маусымда жарияланады. Айта кетейк, бірінші маусым күні Алматы әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерді қабылдады.  Ғимараттың жалпы ауданы — 53,5 мың шаршы метр, жылына 14 миллион жолаушыға қызмет көрсете алады. Еске салайық, 2020 жылы Алматы әуежайы түрік компаниясын 415 миллион долларға сатылған еді.

Read More

Былтыр әлем чемпионатына қатысқан ардагер спортшы Бөгежан Аманбаев бірінші және екінші орындарды жеңіп алғанымен, оған сыйақы тағайындалмаған. Бұл шешімге келіспеген ол министрліті сотқа берді. Іс Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралды. Гір спортынан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Бөгежан Аманбаев Өзбекстанның Хива қаласында өткен әлем чемпионатына қатысып, 65-69 жас аралығындағы ардагерлер тобында бақ сынады. Ол екі рет бірінші және бір рет екінші орынды иеленді. Осы үшін де сыйақы алуы тиіс болғанымен, ақша бөлінбеді. Бұл олқылықты айтқан Бөгежан Аманбаев ҚР Туризм және спорт министрлігін сотқа берді. «Ереже бойынша халықаралық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жеке спорт түрлері бойынша құрама командалардың мүшелеріне…

Read More

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі жалпы сомасы 1 млрд 220 млн теңге болатын қаржыға он құтқару қайығын сатып алмақ. Алайда қымбат қайықтар су тасқынынан ең қатты зардап шеккен батыс өңірлерге жеткізілмейді, деп хабарлайды SteppeNews.kz порталы. Мемлекеттік сатып алу сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Төтенше жағдайлар министрлігі лот жариялап, 2024 жылы 15 мамыр күні тараптар өзара шарт жасасқан. Ашық конкурс негізінде өткен лоттың жеңімпазы — «Жарма Құрылыс-Газ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Компания басшысы Елдос Есеркенов деп көрсетілген. Шарт мәтінінде келісімнің Үкіметтің 2020 жылғы 23 қазанда No 701 қаулысымен бекіткен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы Ереже негізінде құрылғаны көрсетілген. Шартта көрсетілгендей бір қайықтың құны…

Read More

Президент Астана қаласындағы «Атамекен» этно-мемориал кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Құрмет қарауылы ротасының бастығы салтанатты шараға дайындығы жөнінде Мемлекет басшысына рапорт берді. Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді. Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған жұртшылықты Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл елдігімізді нығайта түсетін мерейлі мереке екеніне назар аударды. «Осы мерекеге орай біз жаңа ғана еліміздің бас байрағын көтердік. Көк туымыз әрдайым биікте желбірей берсін! Туымызды тік ұстау – әр азаматтың перзенттік парызы. Аспан түстес көк байрағымыз – біздің мақтанышымыз. Спортшыларымыз туымызды талай рет жеңіс тұғырына көтерді. Жақында қазақтың қайсар қыздары Эверестке шықты. Туымыз…

Read More

Бүгін Қазақстан Жазушылар одағы «ASSYLTAS» қоғамдық қорымен бірлесіп, «Әруаққа тағзым» іс-шарасын өткізді. Таңмен Кеңсай зиратына барған бір топ азаматтар дүниеден өткендердің басына зиярат етіп, құран бағыштады, артынан марқұмдарға арналып ас берілді. “Өлі разы болмай, тірі байымас” дегендей, бүгін жылдағы дәстүр бойынша саяси қуғын сүргіндерді еске алу күнінде Кеңсайда жатқан марқұмдарды тәу еттік. “Әруаққа тағзым” жобасы аясында енді экспедициялық топ болып, киелі Түркістан, әулиелер жатқан мекен Маңғыстауға, шығыс пен солтүстікте жерленген азаматтарымыздың басына бару үшін жолға шығамыз” деді, — ҚР Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бейбіт Сарыбай. Экспедициялық топты белгілі ақын, тележүргізуші Бақыт Беделхан бастап бармақшы. Алдағы уақытта аталмыш шара кеңейтілген көлемде…

Read More