Автор: qaztimes

Семейде «өрмекші адам» жылу желілерінің құбырына өрмелеу кезінде видеоға түсіп қалды. Сол уақытта оқиға орнында учаскелік полиция инспекторы болған. Ол суперқаһарманның қауіпсіздігіне алаңдап, құрылымнан түсуін сұрады. Полиция қызметкері Дастан Жақпанов Өрмекші адамның небәрі 16 жаста екенін білген соң оны үйіне апарды. Фото: Polisia.kz  Анасының қатысуымен онымен профилактикалық әңгіме өткізіп, мұндай ойындардың өте қауіпті екендігіне назар аударды.

Read More

Бағдарлама аясында шетел композиторларының туындылары, әлемге әйгілі опералардан үзінділер орындалды. Сонымен қатар бірнеше хореографиялық композиция ұсынылды. Фото: Ақорда Концертте жеке орындаушылармен қатар, «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театры мен Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрының әртістері, «Бірлік», Korean Culture Leaders ансамбльдері өнер көрсетті. Фото: Ақорда Кешті Корея ресми делегациясының өкілдері және еліміздегі этномәдени бірлестіктердің мүшелері де тамашалады. Фото: Ақорда Фото: Ақорда Фото: Ақорда Фото: Ақорда Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Read More

 Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёльдің Қазақстандағы мемлекеттік сапарының алғашқы күнінде өткен   Қазақстан-Корей бизнес форумына қос елдің басшылығымен бірге 500-ден астам бизнес өкілі мен 50-ден астам ірі кореялық компанияның делегациялары  қатысты. Президент ұсынған прагматикалық формула Форумның ашылуында сөз алған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде Қазақстан нарығында Оңтүстік Кореяның 700-ден астам компаниясы жұмыс істейтінін, олардың қатарында Hyundai, KIA, Samsung, LG, Doosan секілді жаһандық корпорациялар бар екенін атап өтті. Биыл әлемдік жалпы ішкі өнімнің 60 пайыз өсімін Азия беретіні туралы болжамдар бар екенін тілге тиек еткен Мемлекет басшысы Оңтүстік Корея «Азияның қайта өрлеуінде» ең маңызды рөл атқаратынына сенім білдірді. Қазақстан өзінің шикізат…

Read More

Мемлекет басшысы KIGAM компаниясының президенті Пёнг-Ку Лиді және SK Ecoplant вице-президенті Хансоль Пэкті қабылдады. Кездесуде Қазақстанның Оңтүстік Кореямен геологиялық барлау және тау-кен өндірісі салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Корея Геологиялық зерттеу және минералды ресурстар институтының (KIGAM) Шығыс Қазақстан облысындағы «Бакенное» литий кен орнында жүргізген барлау жұмыстары жөнінде мәлімет берілді. Фото: Ақорда Мемлекет басшысы литий өндірісін жолға қоюдың, оны өңдеудің және дайын өнім шығарудың маңызды екенін атап өтіп, «шикізат орнына инвестиция мен технология» прагматикалық формуласына сай ынтымақтастық орнату мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Президент SK Ecoplant компаниясының қалдықтарды игеру және су тазалау бағытындағы инновациялық тәсілдеріне жоғары баға берді. Оның пікірінше, кореялық компаниялар қалдықтарды кәдеге…

Read More

 Мемлекет басшысы Doosan Group компаниясының төрағасы Чжеонг Вон Пак пен Doosan Enerbility басқарма төрағасының орынбасары Ён Ин Чонгті қабылдады. Кездесу басында Президент су тасқыны кезінде елімізге көрсеткен көмегі үшін корей компаниясына алғыс білдірді. Мемлекет басшысының айтуынша, осындай қиын-қыстау жағдайда кәсіпкерлердің халықты қолдауы олардың әлеуметтік жауапкершілік деңгейі жоғары екенін көрсетті. Фото: Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан облысында қуаты 1 ГВт болатын бу-газ электр станциясын салу жобасының жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ компанияның Атырау облысында «Қарабатан» газ турбиналы электр станциясын кеңейтуге қатысу перспективалары туралы мәлімет берілді. Doosan Enerbility компаниясы Doosan Group құрамына кіреді. Бұл кәсіпорын атом электр станцияларын салуға, жылу электр станцияларын, турбиналар мен генераторлар,…

Read More

Жыл басынан бері елімізде қоғамдық тәртіпке және адамгершілікке қол сұғатын 323 105 әкімшілік құқық бұзу фактісі тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда (2023 жылдың 5 айы-273 360) 18,2%-ға жоғары. Мұндай мәліметті Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті таратты. Жылдың басында Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінде өткен алқа мәжілісінде құқық бұзушылықтың профилактикасына назар аударуды тапсырды. Осы ретте Президент тәуекел тобындағы тұлғалардың басым бөлігі уәкілетті органдардың назарынан тыс қалып отырғанын атап өтті. Осыған байланысты барлық профилактика жүйесін түбегейлі қайта қарау қажеттігі туындайды. Қазақстанда 10 жылдан астам қоғамда ұсақ бұзақылық, алкоголь ішу, қоғамдық орында тиісу, қоқыс тастау жәнебасқа жиі жасалатын әкімшілік…

Read More

Астанада жаңа алтыншы ауданның атауы қалалық мәслихаттың отырысында ұсынылды. Астана қаласы тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркептің айтуынша, ономастикалық комиссия мүшелеріне 15 ұсыныстың ішінен Сарайшық, Тұран, Сауран және Жерұйық секілді төрт нұсқа ұсынылған. Ономастикалық комиссия мүшелері елорданың жаңа ауданының атауы ретінде Сарайшық нұсқасын таңдаған.

Read More

Ақтау қалалық сотының төрағасы ұсталды. Ол үкімді өзгертемін деген уәдемен ірі көлемде ақша алған, деп хабарлайды Steppenews.kz агенттігі. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР ҚПК 550-бабына сәйкес Бас прокурормен келісілген сотқа дейінгі тергеу шеңберінде Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі Ақтау қалалық сотының төрағасын ұстады», — делінген хабарламада. Ресми ақпаратқа сәйкес, сот төрағасы Ақтау қаласының тұрғыны арқылы сотталушыдан оған қатысты бас бостандығынан айырудан басқа жазаға үкім шығару сылтауымен 18 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат алған. «Жоғарыда аталған қылмысқа қатысушы қамауға алынып, Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», — деп жазылған Антикор хабарламасында.

Read More

Мемлекет басшысы Конго Республикасы Президентінің стратегиялық мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жеке өкілі Франсуаза Жолиді қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франсуаза Жолиге ілтипат білдіре отырып, оның бұл сапары Қазақстан мен Конго Республикасы арасындағы өзара тиімді байланыстарды дамытуға деген шынайы ниеттің белгісі саналатынын атап өтті. Мемлекет басшысы биыл елдеріміз дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығын атап өтетініне тоқталып, Конго Республикасымен ықпалдастықты нығайтуға дайын екенін айтты. Франсуаза Жоли құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, Президент Дени Сассу-Нгессоның ізгі тілегін жеткізді. Кездесуде Конго Республикасы Президентінің Қазақстанға жасайтын алдағы сапарына қатысты мәселелер, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды.

Read More

 Алматы облысы Есік қаласында 14 және 3 жастағы екі қызды көлік қағып, мерт қылды. Әлеуметтік желіде жол апаты орнынан түсірілген видео пайда болды. Қайғылы оқиға 8 маусым күні сағат 21:10–да саяжай аумағында болды, делінген жазбада. Алматы облысының полиция департаментінің мәліметінше, 8 маусым күні Есік қаласындағы Алтын Адам аллеясы көшесімен келе жатқан Mercedes Benz маркалы көлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған екі қызды қағып кетті. «Салдарынан кәмелетке толмаған екі қыз бала да сол жерде көз жұмды. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды», — деп түсіндірді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Read More