Автор: qaztimes

Шу аудандық соты екі көршінің жанжалына нүкте қойды: құрылыс материалдары үшін төбеліс салдарынан бір жігіт ауыр жарақат алса, екіншісі үш жылға түрмеге жіберілді. Жамбыл соттарының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, қыркүйек айында Төле би ауылында тұратын жігіт көршісінен уақытша құрал-сайман сұраған, бірақ көршісі бас тартқан. Бұған ашуланған жігіт төбелес шығарып, пышақты көршісінің ішіне сұғып алған. Жарақат алған жігіт ауруханаға жеткізіліп, әрең аман қалған. Полиция қылмыстық іс қозғап, шабуыл жасаған жігітті 3 жылға соттады. Сотта пышақталған жігіт көршісін кешіргені белгілі болды.

Read More

Бразилияда ғалымдар жарқанаттардан бұған дейін белгісіз болған жаңа коронавирус түрін анықтады. Оның генетикалық ерекшеліктері COVID-19 және Таяу Шығыс респираторлық синдромын (MERS) тудыратын вирустарға ұқсас. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады. BRZ batCoV деп аталған вирус Латын Америкасында таралған ұсақ жәндікқоректі жарқанаттардан табылған. Зерттеу үшін жануарлардың биологиялық үлгілері Бразилияның Мараньян және Сан-Паулу штаттарында жиналған. Генетикалық талдау нәтижесі бойынша BRZ batCoV бета-коронавирустар тобына жатады. Бұл топқа COVID-19 қоздырғышы SARS-CoV-2, MERS вирусы (MERS-CoV) және атипиялық пневмонияның қоздырғышы SARS-CoV кіреді. Ғалымдардың айтуынша, әзірге бұл вирустың адам үшін қауіпті екеніне дәлел жоқ. Алайда зерттеушілер BRZ batCoV құрамында шип тәрізді ақуыздың қысқа бөлімі бар екенін анықтаған. Ол…

Read More

Павлодар облысында сібір елігін заңсыз аулаған төрт тұрғын соттан бір-ақ шықты. Сот материалына сәйкес, Павлодар қаласының төрт тұрғыны алдын ала сөз байласып, топ болып заңсыз аңшылық жасаған. «Төрт ер адам жабайы жануарларды атуға арнайы рұқсатсыз Аққулы ауданының аң аулауға тыйым салынған аумағында алдын ала дайындалып шыққан. Олар өздерімен бірге бір дана тіркелген тегіс ұңғылы қару және тіркелмеген қосауыз мылтық (12 калибр) алып жүрген. Бұған дейін сібір елігін көргенін айтып, бағыт сілтеген И. есімді азаматтың көрсетуімен олар Аққулы ауданының Тереңкөл ауылы маңындағы дала жазығына барған. Бағыт бойынша жүру барысында олар қашып бара жатқан сібір елігінің аталығын байқап, қуалап, оқ атқан.…

Read More

Қазақстанда кибербуллинг мәселесі қайта талқыланып жатыр. Бұған әнші Қайрат Нұртастың қызына қарсы желі қолданушылардың жаппай жазған қорлау пікірлері себеп болды. Оқиғаға байланысты Оқу-ағарту министрлігі мен заңгерлер пікір білдірді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды. Танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның үндеуі Қазақстандағы кибербуллинг мәселесін қайтадан күн тәртібіне шығарды. Журналист өз кезегінде Қайрат Нұртастың қызына бағытталған теріс пікірлердің кесірінен күйзеліске түскенін бірнеше рет көргенін айтқан. «Бұл – барлық балаға қатысты мәселе. Бізде заң бар және бұл қылмыстық жауапкершілікті тудыруы мүмкін. Пікір жазатындар көбіне балалар емес, ересек адамдар», — деді Сәтжан. Қазақстанда кәмелетке толмағандарға қатысты ұжымдық қорлауға және интернет…

Read More

Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер Азиадасының финалында жеңіске жетті. Отандасымыз 52 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Фатима ақтық сында Милена Боруболотовамен (Қырғызстан) өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде қазақстандық балуан иппон әдісімен жеңіске жетті.

Read More

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Парижде өтіп жатқан ATP 1000 сериясының үшінші айналымына жолдама алды. Әлемдік рейтингте 16-орында тұрған Бублик екінші айналымда әлемнің 32-ракеткасы, франциялық Корентен Мутемен кездесті. Кездесу екі сетпен аяқталып, 6:3, 7:5 есебімен Бублик жеңіске жетті. Қарсыластар кортта 1 сағат 36 минут уақыт өткізді. Ойын барысында қазақстандық теннисші алты эйс жасап, екі қос қателікке жол берді. Ол он брейк-пойнттың екеуін тиімді пайдаланды. Үшінші айналымда Александр Бублик әлемдік рейтингте төртінші орында тұрған америкалық Тейлор Фритцпен кездеседі.

Read More

«Қазгидромет» РМК 30 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ұлытау облыстарында түнде ауа температурасы -6…0°C дейін төмендейді, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +10…+17°C шамасында жылы болады. Астанада жауын-шашынсыз, күндіз +12…+14°C күтіледі. Оңтүстік өңірлерде жылы әрі көбіне жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында күн ашық, түнде +5…+10°C, күндіз +19…+25°C дейін жылы. Шымкент пен Түркістандакүндіз +21…+23°C болады. Тек Жамбыл мен Түркістан облыстарының таулы аудандарында түнде тұман түсіп, жұмсақ жел соғады. Алматы, Жетісу және Алматы облыстарында құбылмалы ауа райы сақталады. Алматы қаласында…

Read More

Қазақстанда жеңіл автокөліктерді тіркеу көрсеткіші соңғы үш жылдағы ең төмен деңгейге түсті, Azattyq Rýhy агенттігі Data Hub-қа сілтеме жасап. 2025 жылдың қыркүйегіндегі мәлімет бойынша, елімізде бар болғаны 78 мың жеңіл көлік тіркелген. Бұл – 2022 жылдың сәуірінен бері тіркелген ең төмен нәтиже. Көрсеткіш тамыз айымен салыстырғанда да, өткен жылдың қыркүйегіне қарағанда да екі есеге жуық төмендеген. Бұған дейін 2023 жылдың қаңтарынан 2025 жылдың наурызына дейін автокөлік тіркеулері тұрақты жоғары деңгейде (ай сайын 110 мыңнан астам) сақталған болатын. Бұл көрсеткішке шетелдік нөмірлі көліктерді заңдастыру науқаны әсер еткен. 2024 жылы заңдастыру аяқталғанымен, азаматтарға ондай көліктерді Қазақстанда тіркеусіз жүргізуге тыйым салынған еді. Соған…

Read More

Атырау қалалық сотында судья Зарема Хамидуллинаның төрағалығымен 23 жастағы Яна Легкодимованың өліміне қатысты қылмыстық іс қаралуда. Басты айыпталушылар – Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Қатимов, Azattyq Rýhy агенттігі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап. Соттың кезекті отырысында жәбірленуші тарап айыптауды қайта саралауды сұрап, істі жай кісі өлтіру ретінде емес, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында адам ұрлау, қылмысты жоспарлау және жасыру белгілерімен қарауды талап етті. Прокурор бұл ұсынысты қолдамай, істі тағылған айып шеңберінде қарауды сұрады. Судья өтініштерді кейін қарауға қалдырды. Айыпталушыларға алдын ала сөз байласу арқылы кісі өлтіру, қылмысты хабарламау, жасыру және ұрлық баптары бойынша айып тағылған. Айыпталушының сөзі: «Кінәмді мойындаймын» Басты айыпталушы Ризуан…

Read More

Танымал продюсер Баян Мақсатқызының әпкесі Бәтес Байлының ұлы Айдар Асқарбек атышулы блогер Сабина Мовлаевамен бірге жүрген видеосы жарияланды. Айдар Асқарбек пен Сабина Мовлаеваның бұл видеосы кинокөрсетілімдердің бірінде қызыл кілемнің үстінде түсірілген. Олардың әрекетіне, өздерін ұстауына қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. Айта кетерлігі, Айдар Асқарбек қазіргі уақытта актриса Жарқынай Ханайыммен бірге заңды некеде. «Жарқынай жаныңды шығармасын», «Қасыңда Жарқынай болсын», «Сұлу қыз Сабинка», «Отбасылары бұзылып кетпесін», — деп жазды желі қолданушылары.

Read More