Шымкентте жол апатынан ауыр жарақат алған 13 жасар Айару Әбдуәлі екі апта бұрын ауруханада қайтыс болды. Марқұмның анасы Бақытгүл Оразбаева тергеу барысында іске қажетті материалдарды өздері жинауға мәжбүр болып, жүргізушінің кінәлі екенін дәлелдеуден шаршағанын айтады, деп хабарлайды Информбюро 31 арнасына сілтеме жасап. Ол аздай, үйқамақта отырған күдікті кешірім сұраудың орнына қоқан-лоқы көрсетіп жатыр деп шағымданады. Айару Әбдуәлі жолдан өтіп бара жатқан кезінде Тойота маркалы автокөліктің соққысынан ауыр жарақат алған. Сегізінші сынып оқушысы 14 күн комада жатқан соң өмірден озған. Жантүршігерлік оқиға Шымкентте бір ай бұрын болды. Бейнебақылау камерасына қарағанда, қыз жаяу жүргіншілер жолымен өтіп келе жатқан. Көшенің екінші бетіне жетпей…
Автор: qaztimes
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ақылы трассаларда жылдамдықты асырған көліктердің деректерін Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінің процессингтік орталығына жібере бастады. Енді трассалардағы бұл мәліметтер ресми тіркеліп, айыппұл салынады. Компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, трассаларда жылдамдықты асырған көліктерді аркалардағы автоматты бақылау құралдары тіркейді де тікелей Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай орталығына жібереді.Естеріңізге сала кетейік, мына трассаларда бақылау камералары бар: «Көкшетау – Петропавл» автомобиль жолы: 354 км — «Драгомировка» бақылау аркасы 443,8 км — «Астраханка»бақылау аркасы 473,126 км — «Бескөл» бақылау аркасы «Алматы — Қорғас» автомобиль жолы: 38,243 км — «Балтабай» бақылау аркасы 204,648 км — «Ұйғыр» бақылау аркасы 205,480 км — «Панфилов» бақылау…
Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров Астанада көз жұмды. «Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, бұрыннан таныс адамдардың арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Салдарынан 56 жастағы ер адам алған жарақаттарынан көз жұмды», — деп мәлімдеді Астана қаласының полиция департаменті. Күдікті ұсталған, қазір уақытша ұстау изоляторында. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ержан Бабақұмаров 2019-2022 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Оған дейін Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР президентінің кеңесшісі болған.
Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында АҚШ президенті Дональд Трамп пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин екіжақты кездесу өткізді. ВВС жазуынша, жиын бір сағат 40 минутқа созылып, жоспарлағаннан ұзаққа созылды. Кездесу аяқталған соң екі көшбасшы да ресми мәлімдеме жасамады. Трамп Вашингтонға қайтып барады, ал Си АТЭС саммитіне қатыспақ. Жабық есік артында өткен келіссөздерде үш негізгі тақырып талқыланған: Кедендік тарифтер – Трамп Қытайдан келетін импортқа салықты төмендетуге дайын екенін білдірді. Сирек металдар мен ЖИ чиптері – АҚШ қауіпсіздік мақсатында кейбір чиптердің шетелге сатылуын шектегісі келеді, ал Қытай бұл чиптерді өндіруге қажет сирек металдардың көп бөлігін өз бақылауында ұстап отыр. TikTok – америкалық сегментін сату…
Жаңа оқу жылының басынан бері 130 мыңнан астам оқушы жаңартылған, жайлы және қауіпсіз мектептерде білім алып жатыр. Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратынша, елімізде бірыңғай заманауи мектеп инфрақұрылымы форматына көшу үшін 1300-ге жуық мектепте реновация бағдарламасы жүзеге асып жатыр. «Биыл еліміз бойынша 245 мектепте кешенді реновация жүргізілуде, оның 134-інде жұмыстар толық аяқталған. Жаңа оқу жылының басынан бері 130 мыңнан астам қазақстандық оқушы жаңартылған, жайлы және қауіпсіз мектептерде білім алып жүр», — делінген хабарламада. Реновация бағдарламасы аясында мектеп ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізу, пәндік кабинеттермен жабдықтау, мектеп жиһаздарын жаңарту, талшықты-оптикалық байланыс желілеріне қосу, спорт залдарын, кітапханалар мен асханаларды жаңғырту, заманауи қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтау, сондай-ақ…
Рио-де-Жанейроның солтүстігіндегі фавелаларда есірткі саудасымен айналысатын топқа қарсы жүргізілген ірі полицейлік операция кезінде 132 адам қаза тапты, деп хабарлайды ВВС-ге сілтеме жасап. «Тежеу» деп аталған операция бір тәуліктен астам уақытқа созылып, негізінен Алеман және Пенья аймақтарын қамтыды. Бразилия ақпарат құралдарының хабарлауынша, жергілікті тұрғындар алаңдардың біріне кемінде 70 адамның денесін шығарған. Олар марқұмдардың бейбіт тұрғындар екенін айтады, алайда ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ. БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі басқармасы бразилиялық полицияның әрекеттерін айыптап, оқиғаны «шұғыл және әділ тергеуді» талап етті. Куәгерлердің айтуынша, фавелалардың қазіргі көрінісі құдды соғыс болғандай. Полиция қылмыстық топтар ондаған жыл бойы Рионың кедей аудандарын бақылауда ұстап келгенін айтады.…
Парламент Сенаты «Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды мақұлдады. Заңның негізгі мақсаты – сотталған адамдарды оңалтуға және әлеуметтік қайта бейімдеуге жәрдемдесу мақсатында жазаны өзінің азаматтығы бар елінде одан әрі өтеу үшін құқықтық негіз құру. Келісімге сәйкес тараптар бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазаны азаматтығына жататын мемлекетте одан әрі өтеу үшін бір-біріне беруге міндеттеледі. Келісімде сотталған адамдарды беру және беруден бас тарту негіздері айқындалған. Сотталған адам келісімге сәйкес мынадай шарттар сақталған кезде: сотталған адам үкімді орындаушы мемлекеттің азаматы болса; үкім түпкілікті және орындалуға тиіс болса; сотталған адамға бас бостандығынан айыру немесе бас бостандығынан…
Биыл жыл басынан бері «Қазсушар» Батыс Қазақстан облыстық филиалы өңір аумағындағы 100 шақырымнан астам ирригациялық каналдарды тазартты. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов кәсіпорынның есептік баяндамасын тыңдау барысында мәлім болды. Жыл соңына дейін қосымша 6 шақырым арнаны тазарту жоспарланып отыр. Салыстырмалы түрде айтқанда, 2024 жылдың қорытындысы бойынша филиал барлығы 73,6 шақырым каналға тазалау жұмыстарын жүргізген болатын. Арнайы техника күшімен жүзеге асқан жұмыстар барысында министрлік берген жерснарядтың көмегімен 22 шақырымға жуық канал тазартылды. «Қазіргі таңда ирригациялық каналдарды тазалау жоспарының 94,3 пайызы орындалды. Келер жылы филиал кемінде 150 шақырым каналды механикалық әдіспен тазартуды жоспарлап отыр. Сонымен бірге өңірдегі 14…
Осыдан бірнеше күн бұрын Шымкент соттары «Nazira Gold» қаржы пирамидасының негізін қалаған әйел мен оның сыбайластары сотталғанын хабарлаған болатын. Бүгін Қаржы мониторинг агенттігі сотталғандардан тәркіленген мүліктердің тізімін жариялады. Қаржы пирамидасын құрған Назира есімді әйел мен оның сыбайластарынан: 402 млн теңге ақша; 52 машина; жеке тұрғын үй; 2 пәтер; 17 келі алтын мемлекет пайдасына тәркіленген екен. «Өзін зергерлік бұйымдарды сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға ай сайын салынған қаржының 20-40% көлемінде табыс уәде еткен. Алайда төлемдер нақты табыстан емес, жаңа салымшылардың есебінен беріліп отырған. Соның салдарынан 4 мыңнан астам азамат пирамидаға ақша салған», — деп хабарлайды ҚМА. Сот…
Отбасы банк зейнетақы жинағынан артылған ақшаға алынған үйді 5 жылдан соң ғана сатуға рұқсат беруді ұсынған. Алайда өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бұл ұсынысты құптаған жоқ. Отбасы банк біржолғы зейнетақы төлемдерімен жүргізілген операцияларды талдау кезінде бір пәтердің бірнеше рет әртүрлі адамға қайта сатылғанын анықтаған. Әрбір сатып алушы да осы пәтерді алу үшін зейнетақы жинағын пайдаланған. «Мұндай әрекеттерде заңды тікелей бұзу фактісі жоқ. Алайда бұл жағдайлар зейнетақы қаражатының мақсатсыз пайдаланылуына және тұрғын үйдің нақты бағасының бұрмалануына әкелуі мүмкін деген қауіп бар. Осы қауіптің алдын алу үшін «Отбасы банк» Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалану қағидаларына…