Толассыз жауған нөсер жауыннан Сахара шөлінің бір бөлігін су басқан, деп хабарлайды Associated Press. Марокко үкіметінің хабарлауынша, қыркүйектегі екі күн толасыз жауған жаңбырдың мөлшері жылдық жауын-шашын деңгейінен асып кеткен. NASA спутниктері 50 жыл бойы кеуіп тұрған әйгілі Ирики көлінің қалай толғанын да түсіріп алған. «Осындай қысқа мерзімде жауын-шашынның осыншама көп жауғанын көргенімізге 30-50 жыл болды», — деді Марокко Метеорология басқармасының қызметкері Хуссин Юабеб. Метеорологтар сыртқы тропикалық дауыл деп атайтын мұндай жаңбыр алдағы айлар мен жылдарда аймақтың ауа райын өзгертуі мүмкін. Бір айта кетерлігі, жауын-шашын Марокко мен Алжирдегі 20-дан астам адамның өмірін қиып, шаруашылық жерлерге зақым келтірген. Rare rainfall caused flooding…
Автор: qaztimes
Абай облысында орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған үйлердің 90 пайызына жылу берілді. Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметіне сүйенсек, ауа температурасының төмендеуіне байланысты Семейде жылу беру маусымы 1 қазанда басталды. «Бүгінде білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандар толықтай жылуға қосылды. Ал облыс бойынша орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған түрғын үйлердің 90 пайызына жылу берілді. Бюджеттік ұйымдардың автономды қазандықтарын көмірмен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталды. Барлық қоймаларда көмір қорын күн сайын толықтыру жалғасуда», — делінген ақпаратта. Өңірдің теміржол тұйықтарында 12,5 мың тонна көмір бар. Атап айтқанда, Семейде – 10 мың тонна, Курчатовта – 0,5 мың тонна, Аягөз ауданында – 1 мың…
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 1,35 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 490,84 теңге. Ұлттық банктің 10 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 489,06 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,05 теңге. Еуро – 536,21. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 491,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 494 теңге. Еуро 535 — 539,5 теңге аралығында саудалануда. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 490 теңге, сатып алу құны – 495 теңге. Еуро 535 теңгеден сатылып,…
АСТАНА. KAZINFORM — Шағын құрамдағы келіссөзге дейін «Оғызхан» сарайында Қазақстан Президентін қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас екі ел арасындағы санқырлы ынтымақтастықты нығайтуда мұндай жоғары деңгейдегі тұрақты кездесулердің маңызы зор екенін атап өтті. Сердар Бердімұхамедов Түрікменстанның бауырлас Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті жан-жақты өркендетуге бейіл екенін растады. – Түрікменстан – біз үшін туысқан ел әрі стратегиялық серіктес. Қазақстан – сіздің еліңізбен энергетика, көлік, логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастыққа қатысты барлық мәселе бойынша сенімді одақтас. Мұның алдағы уақытта да осы бағытта жалғаса беретінін атап өткім келеді. Әлбетте, біз Түрікменстанның халықаралық…
Семей қаласында өрт шыққан мектептен оқушылар эвакуацияланды. Қаладағы №12 мектептен өрт шыққан. Білім ордасынан барлық оқушы шұғыл түрде эвакуацияланды. Бұл туралы Абай облыстық білім басқармасынан мәлім етті. «Өрт сағат 16.40-та шықты. Үшінші қабаттағы информатика және физика кабинеттерінің арасындағы зертханада түтін шығып, өрт дабылы қағылды. Оқушылар сыртқа шығарылып, мектеп әкімшілігі 101 қызметіне хабар берген», — делінген ақпаратта. Сағат 17.14-те ТЖД қызметкерлері жалпы ауданы 15 шаршы метрді құраған тілсіз жауды толықтай ауыздықтады. Зардап шеккен ешкім жоқ.
Мемлекеттік кеңесші Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелер басшылығының және орталық мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен этносаралық келісімді нығайту мәселесіне қатысты жиын өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Отырысқа қатысушылар этносаралық және конфессияаралық татулықты сақтау, азаматтық қоғам институттарымен қарым-қатынас жасау, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу, сондай-ақ Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған Заң мен Тәртіп идеологиясы қағидаттарын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Жиын соңында Ерлан Қарин жауапты мемлекеттік органдарға этносаралық келісімді нығайту үшін ішкі саясаттың басым бағыттарына байланысты нақты тапсырмалар берді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экс-Әділет министрі Марат Бекетаев және басқа айып тағылған тұлғаларға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр. «Аталған қылмыстық іске қатысты тергеп-тексеру амалдары аяқталды. Қазір процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес аталған іске қатысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды», — деп қысқа қайырды ведомствоның ресми өкілі Данияр Бигайдаров агенттік тілшісінің сауалына. Агенттік өкілі экс-министрге қатысты қылмыстық іспен танысу процесі қашан аяқталатынын және істі сотқа жіберу мерзімін нақты атамады. Айта кетсек, жақында Мәжіліс кулуарында БАҚ өкілдері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловтан экс-министр Марат Бекетаев пен «Болашақ» бас директорының…
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматы облысы Талғар ауданындағы жасөспірімнің өліміне қатысты істі жеке бақылауына алды. «Алматы облысының Талғар ауданында болған кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты мән-жайлар менің жеке бақылауымда. Оқиға орнында бірінші орынбасарымның басшылығымен ІІМ қызметкерлерінен құралған топ жұмыс істеп жатыр. Кінәлілер тиісті жазасын алады», — делінген жазбада. Еске салайық, Талғар қаласында 4 қазанға қараған түні жас жігіттер арасында жанжал туындады. Кикілжің қарулы қақтығысқа ұласып, салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі алған жарақатынан қайтыс болды. Кісі өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық қатысушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Үндістан Әскери-әуе күштерінің әуедегі мүмкіндігін тамашалауға арналған авиашоу жоғары температура мен адамдардың көп жиналуына байланысты қайғылы аяқталды. Жергілікті билік адамдардың көптеп ауруханаға түсуі мен өліміне негізгі себепті судың жоқтығымен байланыстырып отыр. Бұл туралы ANI агенттігі жазды. Жексенбіде Тамил Наду штатының Ченнаи қаласындағы Марина-Бич жағажайында Үндістан әуе күштерінің 92 жылдығына арналған әуе шоуын тамашалауға шамамен 15 мың адам жиналды. Авиашоу сағат 11.00-де басталып, 13.00-ге дейін жалғасқан. Полицейлердің айтуынша, адамдардың тұншығып, есін жоғалтуына шоуды тамашалауға келген халықтың көптігі және ұйымдастыру жұмыстарының төмен болуы бірден-бір себеп болған. – Қатты ыстықтан, адамның көптігінен ауа жетпей әлсіреген 10 адам есінен танып қалған. Оларға мемлекеттік мекемеде көмек…