Атырауда 25 жастағы жігіттің әке-шешесін өлтіргені анықталды. Кейін ол өзіне қол салған. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растады. «Қазір адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Алдын-ала ақпаратқа сәйкес 25 жастағы ер адам өзінің 65 және 58 жастағы ата-анасын өлтірген. Кейін өз-өзіне қол салған. Қазір аталған оқиғаның мән-жайын жан-жақты анықтау мақсатында жедел-тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», — деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен. Әзірге 25 жастағы жігіттің әке-шешесін өлтіруіне, өзіне қол салуға не себеп болғаны белгісіз. Еске сала кетелік, бұдан 2 жыл бұрын Атырауда үш адамды атып өлтіріп, біреуін жарақаттаған күдікті қамауға…
Автор: qaztimes
Бүгінгі таңда негізгі дәнді дақылдар бойынша 15 млн га астам дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Орташа өнімділігі 15 ц/га болғанда 22,7 млн тоннадан астам астық бастырылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. Осылайша, бидай 12,1 млн га алқапта жиналды. Өнімділігі 14,3 ц/га кезінде 17,3 млн тонна бастырылды. Арпа — 2 млн га, өнімділігі 17,1 ц/га кезінде 3,4 млн тонна бастырылды. Сұлы – 166,7 мың га, өнімділігі 16 ц/га кезінде 266,4 мың тонна бастырылды. Биыл майлы дақылдар 748,1 мың га алқаптан жиналды, орташа түсімділігі 11,3 ц/га 842,3 мың тонна бастырылды. 108,4 мың га алқаптан өнімділігі 232,7 ц/га болған кезде 2,5 млн…
Бүгін, яғни 7 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? 73 жыл бұрын (1951) актер, әнші, Қазақстаның халық әртісі, Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Досқан Қалиұлы ЖОЛЖАҚСЫНОВ дүниеге келді. Фото: kazpravda.kz Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында туған. Алматы мемлекеттік өнер институтын бітірген. 1971 жылдан қазіргі Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының актері, 1995-2001 жылдары осы театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі болған. Актер театр сахнасында және кинода 200-ден астам бейнені сомдаған. Сонымен қатар, халық әндері мен қазіргі қазақ композиторлары әндерін шебер орындаушы ретінде кеңінен танымал. Жолжақсынов ұлттық кино өнерінің дамуына өз үлесін қосып, «Гауһартас», «Даладағы қуғын», «Алтын күз»,…
Өрт Қарағандының Павлодар облысымен шектесетін аумағынан келген. Қатты желдің салдарынан тілсіз жау Баянауыл ауданының бір ауылдық аумағына өтіп кеткен. Қазіргі уақытта 18 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Белгілі болғандай, Қарағанды жақтан келген өрт Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округіне қарайтын Желтау бөлімшесі мен Бәйнеке қыстағының аумағына кірген. Қатты жел өртті ауыздықтау жұмыстарын қиындату үстінде. — 6 қазанда Қарағанды облысы Қарақаралы ауданы Қоянды ауылының маңында құрғақ шөптің жануы орын алды. Өрт орнына орман шаруашылығының, ТЖД күштері мен құралдары және ерікті өртке қарсы құралымдар дереу жіберілді. Алдын ала 40 гектар алқапта жану байқалды. Өртті сөндіру барысында өңірлік ТЖД екі қызметкері және ерікті өртке қарсы…
Алматы қаласының халықаралық әуежайында Интерполдың сұрауымен Моңғолия азаматы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. Ол ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны, құжаттарды қолдан жасағаны және салық, кедендік төлемдер мен алымдарды төлемеу мақсатында контрабандаға барғаны үшін Польшаның құқық қорғау органдарымен іздеуге жарияланған. Қылмыстық топтың құрамында болған және жалған моңғол дипломатиялық құжаттарын қолданған ер адам Польшаға 1,7 млн бумадан астам темекіні заңсыз тасымалдаған. Кедендік алымдардан жалтарған. Осылайша бұл мемлекетке шамамен 50 000 АҚШ доллары көлемінде шығын келтірген. Ұсталған адам қамауға алынды.
Жексенбі күні Бейжіңдегі Қазақстан Республикасының Елшілігі мен Шанхай және Гонконгтағы Қазақстанның бас консулдықтарында Атом электр стансасын (АЭС) салу жөніндегі республикалық референдумға дауыс беру пункттері ашылды. Қытайдың үш қаласындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін өтеді. Дауыс беруге ҚХР аумағында тұратын немесе тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Фото: Руслан Сүлейменов/Kazinform ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, шетелдегі барлық референдум учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумақтарында ұйымдастырылған. Ең бірінші болып қазақстандықтар Корея мен Жапонияда дауыс беруге мүмкіндігі бар.
Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Ақирек ауылдық округінде тұратын Еңсеповтер әулетінің 10 келіні бір мезетте референдум учаскесіне барып, дауыс берді. Ел болашағы үшін маңызды күнде бірліктің үлгісін көрсеткен әулеттің келіндері өз таңдауын жасады. Фото: Қызылорда облысы өңірлік коммуникациялар қызметі Саяси науқанда ерекше белсенділік танытқан жандарға арнайы сыйлық табысталды. «Бүгін — ел өмірінде маңызды күн. Республикалық референдумда өз таңдауын жасаған көпшіліктің саны аз емес. Арал ауданының жырақта жатқан Ақирек ауылдық округінің тұрғындары да оған белсенді қатысып жатыр. Біз де өз таңдауымызды жасауға арнайы келдік», — дейді олар. Фото: Қызылорда облысы өңірлік коммуникациялар қызметі Әулеттің ең үлкен келіні 89 жастағы апа Айдынкүл Еңсепова болса, ол кісінің тұңғыш келіні Күлзипаш…
Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Экономикалық тергеу департаменті жұмысының биылғы нәтижелері айтылды. Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Данияр Ақжановтың айтуынша, жыл басынан бері Алматыда 111 экономикалық қылмыс тіркелген, оның 79-ы сотқа жіберілді. – Ауыр қылмыстар бойынша 68 жағдай тіркелді. Тергеу нәтижесінде 47,7 млрд теңге қайтарылды. Ақшаны жылыстату және заңсыз әрекеттерді қаржыландыру үшін жиі қолданылатын цифрлық активтердің заңсыз айналымымен күресуге баса назар аударылады. 2023 жылғы 6 ақпанда күшіне енген «ҚР-дағы Цифрлық активтер туралы» жаңа Заңға сәйкес Қазақстан аумағында «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағын қоспағанда, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығаруға тыйым салынады, — деді Данияр Ақжанов. Сонымен қатар спикер…
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет автомобиль жолдарының құрылысын қаржыландыру саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде елеулі жемқорлық тәуекелдері анықталды. Мәселен, Жамбыл облысында 2020-2024 жылдары аралығында жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеге 112 жолды орташа жөндеу жөніндегі шарттарда міндетті кепілдік мерзімдері көрсетілмеген. Бұл мердігерлерге ықтимал ақауларды жою үшін жауапкершіліктен жалтаруға мүмкіндік берді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша тапсырыс берушілер мердігерлермен қосымша шарттар жасасты, аталған объектілер бойынша кепілдік мерзімдерін екі жылға белгіледі. Бұдан басқа, тоғыз ауылдық округтің әкімдері автомобиль жолдарын салу нормаларын сақтамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. «Кепілдік мерзімдерін белгілеу…
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті жекелеген сатып алушылармен дизель отынын өткізу жөніндегі шарттарды жасасудан бас тартуда тауар нарығындағы бәсекелестікті шектеуге әкеліп соққан үстем жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша «Petrosun» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) қатысты тергеуді аяқтады. Ағымдағы жылғы 16 шілдеде Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен тергеу қорытындылары заңды деп танылған жергілікті соттардың сот актілері өзгеріссіз қалдырылды. Сондай-ақ 12 қыркүйекте Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен Серіктестік «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодекстің 159-бабының 4-бөлігі бойынша алдыңғы жазадан кейін бір жыл ішінде жасалған қайталап бұзушылыққа байланысты әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Серіктестік…