17 қыркүйекте «Хезболла» мүшелері пайдаланатын пейджерлер бүкіл Ливанда бір уақытта жарылды. Кем дегенде тоғыз адам қаза тауып, үш мыңға жуық адам жарақат алды. Бұл оқиғада «Хезболла» Израильді айыптады, деп жазады Reuters. Ливандағы «Хезболла» қарулы тобының мүшелері арасында бір уақытта пейджерлердің (дауыс хабарламаларын қабылдайтын сымсыз телекоммуникациялық құрылғылар) жарылуы салдарынан кемінде тоғыз адам қаза тауып, 3000-ға жуық адам жарақат алды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, алғашқы жарылыстар 17 қыркүйек күні жергілікті уақыт бойынша сағат 15:30 шамасында болып, Ливанның әртүрлі аймақтарында, соның ішінде елдің оңтүстігі мен ел астанасы Бейрутте бір сағатқа созылған. Агенттік қауіпсіздік көздеріне және оқиға орнынан түсірілген бейнематериалдарды талдауға сілтеме жасай отырып, кейбір…
Автор: qaztimes
Ішкі аудит қорытындысына сай Жамбыл облысы бойынша Қазсушар филиалының директоры мен Аса өндірістік аймағының басшысы қызметінен босатылды. Бұдан бөлек, филиал директорының орынбасары мен Қордай, Байзақ, Меркі өндірістік аймақтарының басшылары қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Еске салсақ, осыған дейін Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасы бойынша министрліктің ішкі аудит департаменті Жамбыл облысы бойынша Қазсушар филиалына тексеріс жүргізген болатын. Анықталған құқық бұзушылықтарды одан әрі қарау үшін аудит материалдары ҚР Бас прокуратурасына жіберілді. Бұл жұмыстар судың «көлеңкелі» нарығымен, су саласындағы заңсыз әрекеттермен күресу және тәртіп пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін жүзеге асып жатыр. Айта кету керек, мекеменің өзге аймақтардағы филиалдарында да тексеріс жүргізіледі.…
Қытайдағы Достық ауруханасы қазірге дейін 42 аутист баланы емдеуге атсалысқан. Аталған аурухананың вице-президенті Чжан Вэнге журналистерге аурухананың жетістіктері мен кезеңдік жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды Steppenews.kz. Құлжадағы Достық ауруханасы 1936 жылы құрылған. Бұрын Кеңес Одағының Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай ауруханасы 1956 жылы Қытай үкіметіне берілген. Медициналық, педагогикалық, ғылыми зерттеу нысаны біріктірілген ұлттық үшінші деңгейдегі аурухана санатында. Сонымен қатар Шыңжаң медициналық университеті мен Шихэзи университетінің оқу ауруханасы. 2021 жылдың маусымында автономиялық аймақ деңгейіндегі аймақтық медициналық орталық ретінде бекітілді. «Іле префектурасының ауыр науқастарды құтқару және емдеу орталығы саналатын Іле префектурасы Достық ауруханасының педиатрия бөлімі көмек көрсету бөлімі мен Шыңжаңның…
Қаржылық мониторинг агенттігі жалған құжат жасаған Ақтөбе облысының тұрғынына іздеу жариялады. Ол жұмыстарды нақты орындамай, қызмет көрсетпей және тауар жөнелтпей, жалған шот-фактуралар жазып бергені үшін күдікке ілінген. «Омаров Руслан Уланұлы, 28.07.1986 ж.т., Ақтөбе облысы Алға қаласының тумасы. 2011 жылдан 2013 жылға дейін Омаров Р.У. «Sunkar Logistics» ЖШС директоры ретінде әрекет етіп, контрагенттерге 4 млрд теңгеден астам сомаға жалған бухгалтерлік құжаттар жазып берген. Мемлекеттік кірістер органдарының қорытындысы бойынша, төленбеген салық түріндегі мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асады. Егер сіз іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, мына телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз: +7-701-770-08-65 — іздеу бойынша,…
Мемлекет басшысының өкімімен ҚР ҰҚК төрағасының екі орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. «Мемлекет басшысының өкімдерімен: Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымынан босатылды; Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан босатылды», — деп жазылған құжатта. Сейсембаев Руслан Темірғалиұлы – ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары, ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры, ҚР ҰҚК Құрметті қызметкері Білімі: ҚР ҰҚК Академиясы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған. 2021 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры атағы берілді. 1997-2008 жж. – ұлттық қауіпсіздік…
Степногорск қаласының прокуратурасы 40 млн теңгені жымқыру фактісін анықтады. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы мәлімдеді. Мәлім болғандай, қала прокуратурасы мемлекеттік мекеме бухгалтерінің қаражат ұрлағанын анықтағн. «Бухгалтер екі жыл бойы депозиттік шоттың ақшалай қаражатын мақсатсыз жұмсаған және мемлекеттік сатып алудың қатысушы болып табылмайтын тұлғаға заңсыз аударған. Негізсіз аударылған қаражат сомасы 40 млн теңгені құрады, істің қатысушылары ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа берілді», — делінген хабарламада.
Қызылордада жылдамдық режимін 22 мәрте бұзған тұрғын 886 мың теңге айыппұл төлейтін болды. Биылғы жылдың шілде айынан бастап Қызылорда қаласында «Қорғау» жол қозғалысын бақылау жүйесі іске қосылды. «Аталған жүйенің мүмкіндігімен 9 қыркүйекте қала аумағында «Арқан» және «Сергек» стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғыларына жылдамдық режимін 22 және 7 мәрте бұзған көлік жүргізушілері анықталды. Олардың бірі 886, екіншісі 332 мың айыппұл төлеуден жалтарып жүрген. Аталған құқық бұзушылықтар бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, автокөліктер айып алаңына қойылды», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
АҚШ-тың бұрынғы президенті және қайтадан президенттікке үміткер болған Дональд Трампқа кезекті мәрте қарулы шабуыл жасалды, деп хабарлайды ТАСС. . New York Post басылымы таратқан мәліметке сәйкес, АҚШ-тың құпия қызметі Флорида штатындағы Вест-Палм-Бичтегі өзінің гольф-клубынан шығып бара жатқан кезде Дональд Трамптың жанында атыс болғанын байқаған. — Трамп оның маңайында болған атыстан соң қауіпсіз жерге орналастырылды. Әзірге басқа ақпарат жоқ, — деп жазды Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында Марджори Тейлор-Грин. Өкілдер палатасының мүшесі Марджори Тейлор-Грин қазіргі уақытта Трампқа ешқандай қауіп төніп тұрмағанын мәлімдеді.
Бүгін, 15 қыркүйек күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? SteppeNews оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады. 133 жыл бұрын (1891-1948) алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі Иса Таумышұлы ҚАШҚЫНБАЕВ дүниеге келген. Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында туған. Орал реалдық әскери училищесін, Қазан университетінің медицина факультетін бітірген. 1917 жылғы желтоқсанда өткен ІІ жалпықазақ съезінде Уақытша ұлт кеңесі (Алашорда) мүшелігіне кандидат (Ұлт кеңесі мүшесінің орынбасары) болып сайланды. 1920 жылғы 21 маусымдағы Қазақ РК (б)П облыстық комитеті мәжілісінде «қоғам үшін қауіпті» адам ретінде оны айрықша мінездемемен Заволжье әскери округіне жіберу жөнінде шешім қабылдады. Алайда Халық атқару комитетінің ара түсуімен Ташкент қаласына жіберілді. 1920 жылы осында мұсылмандардың өлкелік фельдшерлік…
«Қытайдың мүмкіндіктері, Шыңжаңның ашықтығы» ақпараттық туры аясында Орта Азия, оның ішінде Қазақстаннан келген делегация Үрімші қаласындағы Xinjiang Father of Icebergers Biotechnology Co.,Ltd компаниясының кәсіпорнына барды. Мұнда «Muztag» таза мұздық суын өндірудің жаңа технологиялары көрсетілді, деп хабарлайды Steppenews.kz ақпарат агенттігі. «Muztag» мұздық суын өндірудің инновациялық әдістері Синьцзян мұздықтарының ерекшеліктерін назарға ала отырып, Xinjiang Father of Icebergers Biotechnology Co.,Ltd компаниясы 10-нан аса өнім жасап шығарды. Оның ішінде пакеттегі су, Tetra Pak ауыз суы тәрізді тауарлар бар. Барлығы да қоршаған ортаны ластамайтын вакуумды қаптама және мұздық суын алатын патенттелген технология арқылы жасалған. Компания үшін су көзі – Музтаг шыңы. Геотермалды тірі су, құрамындағы…