Автор: qaztimes

Түркия жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция салуды күшейту үшін «супер рұқсат ету» механизмін енгізуді көздеп отыр. Түркияда электр энергиясын қайта өндірудегі жаңа қадам жаңартылатын энергия объектілерін, соның ішінде күн және жел электр станцияларын салуға қажетті рұқсаттарды бекіту және беру процесін жеделдетуге мүмкіндік бермек. «Супер рұқсат беру» жүйесі елдің энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізуі жолындағы стратегияның бір бөлігі. Бюрократиялық процедураларды азайту түрік үкіметінің тұрақты энергия көздеріне көшу қарқынын жеделдете отырып, жаңа инвестиция тарту мүмкіндігін арттырады. Түркияның Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактардың айтуынша, «Супер рұқсат беру» жүйесін құру елдің Париж келісімі бойынша міндеттемелерін орындауға және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға жол ашады. Күн…

Read More

Шымкентте мемлекет қаражатын жымқырғаны үшін көпбалалы ана сотталды. Ол балабақша есепшісі қызметін атқарып жүріп, коммуналдық төлемдерге артық ақша бөліп отырған. Бұл туралы жергілікті Оtyrar.kz сайты жазды. Осылайша бес баланың анасы өз шотына 15 млн теңгеден астам қаржыны аударып, мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірілген. Оның кінәсі сотта дәлелденіп, 2 жылға бас бостандығынан айырылды. «Сотталушыға ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға теңестірілген адам бола тұра, өзінің қызмет бабын пайдаланумен ұштастыра отырып өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде иеленіп алу бабы бойынша айып тағылған. Сотталушының тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді», — деп жазды…

Read More

Лондонның ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы Астана уақытымен 08:20-де 4,43 пайызға арзандап 72,68 доллар болды. Ал WTI маркалы мұнайының бағасы барреліне 4,54 долларға арзандап, 68,52 долларды құрады. Сарапшылар мұнай бағасынының бұлай өзгеруін Таяу Шығыстағы тұрақсыздықтармен байланыстырады. Goldman Sachs сарапшылары Иранның мұнай өндірісінің 90%-ға дейін үлесін құрайтын Харг аралының осы аптада Тегеранның зымыран шабуылына жауап ретінде Израиль соққысының нысанасына айналуы ықтимал екенін атап өтті. Бұл жағдайда Иранда мұнай өндіру тәулігіне 1 миллион баррельге азайып, ол ұзақ уақытқа жалғасуы мүмкін.

Read More

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанчжоу қаласында ұшатын автокөлік зауыты салынып жатыр. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады. Зауытта «Құрлықтағы авиатасымалдағыш» үлгісіндегі ұшатын көлікке арналған модульдер шығаратын болады. Зауыт жылына 10 мыңға дейін көлік шығармақ. Ұшатын модельдің алдын ала сатылымы 2024 жылдың соңында басталады. Айта кетсек, Гуанчжоу – Қытайдың дамып жатқан төмен биіктік экономикасына қосылуға ұмтылған қалаларының бірі. Бейжіңнің іс-қимыл жоспарына сәйкес, 2027 жылға қарай Қытай астанасында экономикасы төмен 5 мың кәсіпорын жұмыс істейді деп болжанып отыр.

Read More

Ирак Республикасы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш пен бүкіләлемдік ұйымның Қауіпсіздік кеңесіне Израильдің Иранға соққы беру үшін Ирактың әуе кеңістігін пайдалануына байланысты наразылығын білдірді, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі. «Ирак 26 қазанда Израильдің Ирак әуе шекараларын өрескел бұзғаны және Иранға соққы беру үшін елдің әуе кеңістігін пайдаланғанына байланысты Бас хатшы мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне ресми түрде наразылық нотасын жіберді», — делінген Ирак министрлер кабинетінің басшысы Мұхаммед ас-Судани кеңсесі Telegram арнасында жарияланған құжатта. Премьер сондай-ақ Сыртқы істер министрлігіне «Ирак егемендігінің бұзылуын талқылау үшін АҚШ-пен байланысуды» тапсырды. Ирак үкіметі «елдің әуе кеңістігін басқа мемлекеттерге, әсіресе сыйластық қарым-қатынаста отырған көршілес мемлекеттерге шабуыл жасау…

Read More

Алматы облысында адам өлтіруге оқталған күдікті ұсталды. Бұл туралы мәлімет бұқаралық ақпарат құралдарының бірінде пайда болды.  Баспа мәліметінше, жағдай 27 қазан күні Қонаев қаласына жақын жердегі Іле өзенінің маңында болған. Малшы мас күйінде жолдастарына аңшы мылтығынан оқ атқан. 63 жастағы ер адам дене жарақатымен жергілікті ауруханаға жеткізілді. Тағы екеуіне медициналық көмек көрсетілді. Алматы облысының полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді. «Адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында 39 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.

Read More

Алматыда қоғамдық көлік жүргізушісін қорқытқан бұзақы қолға түсті. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталды. «Куәгерлердің видеосында ер адамның әуелі автобустың есігін теуіп, сосын пышақ сияқты көрінген затты сілтеп, жүргізушіні қорқытқаны көрінеді. Аталған жағдай Назарбаев пен Райымбек даңғылдарының қиылысындағы қоғамдық көліктердің соңғы аялдамасында болғандығы белгілі болды. Осы қылмысты ашу және оның объективті мән-жайларын анықтау үшін қаланың бейнебақылау жүйелеріне талдау жүргізіліп, нәтижесінде қылмысқа қатысы бар адам анықталды», — деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жәнібек Шынасылов. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында күдікті мен автобус жүргізушісі…

Read More

75 жастағы француз актеріне екі әйелге жыныстық зорлық-зомбылық жасады деп айып тағылды. BBC хабарлауынша, екі оқиға да жеті жыл айырмашылығымен түсірілім алаңында болған: 2014 жылы «Сиқыршы мен сиам» фильмінің түсірілімінде және 2021 жылы «Жасыл жапқыштар» түсірілімінде. Француз киножұлдызының өзі бұл айыптауларды үнемі жоққа шығарады. Жұртшылық бірінші оқиға туралы 2023 жылдың қаңтарында білді. Депардьенің бұрынғы көмекшісі актердің үстінен «қызметтік бабын асыра пайдаланған адамның қол астындағы қызметкерге сексуалдық қысым көрсетуі» бабы бойынша арыз жазған. Бұл жаңа тергеуді бастауға себеп болды. Болжалды оқиға кезінде актердің көмекшісі әлі 25-ке толмаған, ал оның меценаты 60-тан асқан. Жергілікті баспасөзге берген сұхбатында әйел оны қорқынышпен есіне алатынын айтқан. Осыған…

Read More

Бүгін күміс көмей, жез таңдай әнші Роза Рымбаеваның туған күні. Әншінің үлкен ұлы Әли Оқапов Instagram-дағы парақшасына анасын құттықтады.  Роза Рымбаева 1957 жылы 28 қазанда Семей облысы Жаңғызтөбе ауданында дүниеге келген. Айта кетсек, Роза Рымбаева қазақ эстрада әншісі, профессор әрі актриса, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, бірнеше халықаралық конкурстардың лауреаты. Құрмет және Парасат ордендерінің иегері. Қырғызстанның (2000) және Өзбекстанның (1984) еңбек сіңірген әртісі. 1977-1979 жылдары «Песня года» фестивалінің ақтық сайысында және КСРО-ның ең үздік «Звуковая дорожка» хит-парадында (1978 ж. 3-орында Алла Пугачева және София Ротарудан кейін) жоғары орыннан көрініп, үлкен танымалдылыққа ие болған. Әнші халық арасында киноактриса ретінде де…

Read More

Тиранада (Албания) 23 жасқа дейінгі жастар арасында еркін күрестен өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ризабек Айтмұқан жеңімпаз атанды. Қазақстандық балуан 97 келіге дейінгі салмақта финалда ирандық Махди Морафамен белдесті. Бірінші кезең 2:2 есебімен тең аяқталғанымен, соңғы ұпайды Ризабек алды. Екінші кезеңде ол 6:2 есебімен алға шықты. Сосын 10:4-ке жеткізді. Қорытынды есеп – 11:6, Ризабектің пайдасында. Р.Айтмұқан 2023 жылы ересектер арасында әлем чемпионы атанса, биыл 20 жасқа дейінгілер арасында дүниежүзілік додада топ жарғаны белгілі. Тағы бір қазақстандық Алан Оралбек (57 кг) қола жүлде үшін бәсекеде ресейлік Юнус Явбатыровпен белдесіп, 2:6 есебімен есе жіберді. Сөйтіп ол медальсіз қалды. Дүйсенбі күні грек-рим күресі…

Read More